
Партия • 16 Ақпан, 2023
«Respublika» кандидаттары нақтыланды
Орталық сайлау комиссиясының он үшінші отырысында «Respublika» партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін тіркеп, барлық талапқа сай келеді деп мәлімдеді. Осымен құзырлы мекеме сайлауға түскелі отырған 7 саяси партияның үміткерлерін тіркеуді аяқтады.
Қазақстан • 14 Ақпан, 2023
Көптің көмегі – бауырластық борышы
Қазақстан Түркияға қосымша гуманитарлық көмек жібереді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осындай тапсырма берді. Ресми көмектен бөлек ел тұрғындары жер сілкінісінен зардап шеккен түрік ағайындарға үш миллион долларға жуық қаржы жинап берді.
Сайлау • 13 Ақпан, 2023
Шетелдік байқаушылар қатары толықты
Орталық сайлау комиссиясы 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс сайлауына 12 шетелдік байқаушыны тіркеді.
Қоғам • 13 Ақпан, 2023
Орталық сайлау комиссиясы саяси партиялардың тізімін тіркеуді жалғастырып жатыр. Комиссия мүшелері Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Мәжіліс депутаттығына үміткерлерінің тізімін қабылдап, талапқа сай келетінін мәлімдеді.
Қазақстан • 13 Ақпан, 2023
Киіз үй зілзала аймағына жетті
Қазақтың киіз үйлері Түркияға жетті. Алғашқы 30 үй тігіліп, баспанасыз қалғандар орналасып жатыр. Кеше кешқұрым тағы 84 үй Кахраманмараш өңіріне жеткізілді. Онда ел белсенділері ошақ орнатып, қазанда ас қайнатып, түрік ағайындарға қамқор болмақ. Ал қазақ құтқарушылары қазір Газиантеп қаласындағы үш нысанда тәулік бойы іздестіру-құтқару жұмысын жалғастырып жатыр.
Әлем • 12 Ақпан, 2023
Табиғи апат алауыздықты тоқтата ала ма?
Сирия билігі Батыс елдерінің жер сілкінісінен кейін көмек көрсетпей жатқанын айтып шағымданды. Олардың айтуынша Батыс тек оппозициялық топтарға ғана қолдау танытып, билікпен санаспай отыр. Екі зардап шеккен елге көрсетіліп отырған халықаралық көмек салмағын қарап отырсақ, Түркия мен Сирия арасында алшақтық байқалады. Башар Асад үкіметін қолдауға не кедергі?
Қазақстан • 09 Ақпан, 2023
Жойқын жер сілкінісі болған Газиантеп провинциясында қирап қалған көпқабатты тұрғын үй үйіндісінің астынан қазақстандық құтқарушылар 3 адамды шығарып алды. Барлығы дін аман. Өкінішке қарай, Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар санын естудің өзі ауыр. Осы елдің президенті Режеп Тайип Ердоған: «Қазіргі уақытта қаза тапқандар саны – 14 014, жараланғандар саны 63 794-ке дейін жетті», деп хабарлады. Қазір Түркия билігінің алдында тұрған басты міндет – қирандылар астында тірі қалған адамдарды құтқару. Осы мақсатпен мұнда әлем елдерінен құтқару топтары ағылып келіп жатыр.
Әлем • 08 Ақпан, 2023
Зілзаладан зардап шеккен Түркияға әлем елдері көмек беріп жатыр. Қазіргі күні Қазақстаннан жіберілген құтқарушылар тобы қираған аймақтарда іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісіп кетті. Сүйінші жаңалық та бар. Кеше хабар-ошарсыз кеткендер санатында болған Қазақстан азаматы Сәбина Мамадиярова табылды. Үйінді астында қалған жерлесіміздің көрер жарығы бар екен. Ол ауыр дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Сайлау • 08 Ақпан, 2023
Сайлау науқанына қатысуға ниет білдірген саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырып жатыр. Кеше Орталық сайлау комиссиясына «Ауыл» партиясы құжат өткізді. Тиісті құжатты ОСК аппаратының қызметкерлері қабылдады. Ал бұдан бір күн бұрын ОСК «Қазақстан Халық партиясы», «Ақ жол», «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия», «Байтақ» партиялары құжаттарын тапсырған.
Қазақстан • 08 Ақпан, 2023
Уинстон Черчилль өз елінің саяси бағытын «Британияның мәңгілік дұшпаны да, досы да жоқ, тек мүддесі ғана бар», деп айқындап берген еді. Кәрі құрлықтың бұл ұстанымы өзге елдерге де ой салғаны анық. Алайда «Орталық Азия елдерінің қарым-қатынасы, өзара байланысы алдымен достыққа құрылған», дейді саяси сарапшылар. Өйткені Орталық Азияның көп бөлігін түркі тілдес мемлекеттер құрайды. Ал алып Ресей Федерациясымен бізді не байланыстырады? Достық па, мемлекеттік мүдде ме?