Батырхан СӘРСЕНХАН
Батырхан СӘРСЕНХАН«Egemen Qazaqstan»
171 материал табылды

Поэзия • 12 Қыркүйек, 2023

Кентавр

Ұлттық ақын – жеке басынан төбеге озып, ұлттық ойлау жүйесіне жеткен, ұлтты сүю арқылы сол ұлттың өзіне айналған ақын. Шекспир, Пушкин, Гете, Лорка, Фрост – ұлттық ақындар. Әрбірін түсіну үшін олар туған халықтың салт-санасымен, фольклоры һәм дәстүр-ғұрпымен етене таныс болуыңыз қажет. Онсыз ұлтымен біте қайнасқан шайырлардың кұлпы ашылмайды.

Әдебиет • 10 Қыркүйек, 2023

Құрманғазы мен Дина

Махмұд Қашқариға жүгінсек, күй сөзінің төркіні «көк» деген түркі сөзінен тараған. Көкті шалған ұшқыр қиял, батпан-батпан текті сарын, тегеурінді мың сан толғақ күйден табылары хақ. Жүрек-қолқаны қозғаған қастерлі өнер иелерінің есім-сойы бүгінге аңыз. Сол аңыздың бірі Құрманғазы мен Динаның кездесуі туралы өрбиді.

Әдебиет • 03 Қыркүйек, 2023

Есенғали феномені

Бізге дейін іргесі қаланған керуен дүниеге әр ақын өзінше зер салып, өзінше пікір түйді, сүйе білді. «Ақындар өтеді бәріне таң қалып» деген сол болар. Ал алыстан-ақ даралығы көзге ұратын Есенғали жырының түйсігі бөлек, сезімі терең.

Жануарлар • 29 Тамыз, 2023

Нағыз құлан үйірі әкелінеді

«Құлан жорытқан Ұлы далада оның ізі де қалмаған» дегенге адам сене ме? Жыр-аңыздарымызда жылқымен қатар айтылатын желмен жарысқан жануарды қалпына келтіру жобасы Қазақстанда қолға алынғаны да белгілі.

Егемен Қазақстан • 29 Тамыз, 2023

Шетелде білімін жетілдіреді

«Egemen Qazaqstan» газетінің Білім және ғылым бөлімінің тілшісі Дүйсенәлі Әлімақын АҚШ-тың Вашингтон қаласындағы «The George Washington University» университетіне журналистика саласы бойынша, Саясат және құқық бөлімінің тілшісі Гүлнар Жолжан Англияға тағлымдамадан өтуге жолдама алған болатын. Міне, олар енді шетелде білімін жетілдіреді.

Руханият • 28 Тамыз, 2023

Жұмекен дүмпуі

Шулы қала, сиқырлы саз. Айнала жан терезесінің көгілдір түсімен өзгеше көрінеді, тереңірек сезіледі. Сірә, бір ғана жалғыздық храмының құзарына құлаған кезде ғана адам шынайы өмір сүреді. Ал сыртқы түрлі орталарға қосылды ма, бітте дей беріңіз, сау ақылына ақау түсіп, әртүрлі нанымдарға иленеді, өзіне тән ерекшелігін жоғалта бастайды. Аз уақыттан соң басқалар секілді арманға сенбес қатыбас, қия баспас біртоға болып алғаны. Міне, еш нанымға иленбеген, жеке қуатқа сызат түспеген кәусар шақ еді бұл. Жұрттың бәрі тек бір өзіңе қарап тұрғандай әр қадамды аңдап басатын киелі кезең. Әлдебір кітап дүкеніне ене беріп, алғаш қолға іліккен, алғаш сатып алған кітабымызға анықтап қарадық. Авторы – Жұмекен Нәжімеденов.

Басылым • 24 Тамыз, 2023

Өнегелі бес жинақ

Бабаларымыз қаймағын бұзбай бүгінге жеткізген дәстүрлі дін мен салтымыз – ел діңгегі. Иман таразысы түзу, діліне берік халықтың өресі жоғары, рухы биік. Ислам діні даламызға өркен жайған тұста-ақ ұлт диірменінен өтіп, Ясауи, Мәшһүр Жүсіп, Абай, Шәкәрім, Ғұмар Қараш, Сәдуақас Ғылмани сынды бірегей тұлғаларымыз арқылы елдік руха­ниятпен біте қайнасты.

Өнер • 23 Тамыз, 2023

«Қарағым-ай»

Қазақ тілінің құнарлы, бай, әуезді екеніне көкірек көзіміз ашылған сайын сеніміміз артып келеді. Әрі өзіне ғана тән құс қауырсынындай «жұмсақтығына», «жанашырлығына», «мейірім­ділігіне», «бауырмалдығына» сүйсінеміз, содан келіп қазақ болып туғанымызды мақтан етеміз.

Әдебиет • 07 Тамыз, 2023

Сазгер Шәкәрім

Талант егіз келеді. «Талантты адам барлық жағынан талантты». Әлем әдебиетінде бір өзі бірнеше өнерді меңгерген тұлғалар аз емес. Мәселен, бағбаншы болған Гете, етік тігумен айналысқан Толстой пікірімізге дәлел. Қазақ топырағында ақындығымен бірге сазгерлік қырымен танылған тұлғалар жетерлік. Соның бірі һәм бірегейі – Шәкәрім Құдайбердіұлы.

Әдебиет • 03 Тамыз, 2023

Арылу аксиомасы

Өлімнен қашқан Қорқыт зары, Желмаясына мініп жерұйық іздеген Асан қайғы болмысының мәні біз ойлағандай болмауы мүмкін. Әрине, талғамға талас бар. Адам жалғыздығына бойлап, өлім сырына үңілгенде ғана өмір бөлшектерін шынайы тани түспек. Алып бұлтқа барар саты болса, ол тек жалғыздық атты баспалдақтардан құралған.