2024 жылы елімізге Чехиядан «Пржевальский жылқысының» (өлкетанушылар, тарихшылар оны нағыз құлан деседі) алғашқы легі әкелінбек. Олар отандық жануарлар реинтродукциясы (жабайы табиғатқа оралу) жобасына қатысатын болады. Чехияның қоршаған ортаны қорғау министрлігі жылқыларды елімізге жеткізуді Прага хайуанаттар бағы арқылы жүзеге асырады.
Жылқыларды реинтродукциялауға Қостанай облысының «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватының аумағы таңдалған. Айта кетейік, Еуропадан 40 «Пржевальский жылқысын» тасымалдау жоспарланып отыр.
ХХ ғасырдың басына дейін «Пржевальский жылқылары» Еуропаның орманды далаларында, жазықтар мен жартылай шөлдерінде, Қазақстан мен Батыс Сібірдің оңтүстігіндегі далаларда және ішінара орманды алқаптарда кең таралғаны белгілі.
Қазір әлемде ХХ ғасырдың басында Жоңғарияда ауланған бір үйір жылқыдан шыққан екі мыңға жуық асыл тұқымды «Пржевальский жылқысы» бар. Аталған жылқылардың тұқымы хайуанаттар бағында және әлемдегі қорықтарда өсіріліп келеді.
Бүгінде «Пржевальский жылқысын» реинтродукциялау бағдарламалары Моңғолияда, Қытайда, Ресейдің Орынбор облысында жұмыс жүзеге асқан. 1990-жылдары эксперимент үшін Чернобыль аймағына 30-ға жуық «Пржевальский жылқысы» жіберіліп, олар жылдам көбейе бастағанын айта кеткіміз келеді.