Қоғам • 06 Мамыр, 2020
Онлайн-шопинг: Желіде қандай алаяқтықтар кездесуі мүмкін
Төтенше жағдай мен карантин кезінде интернеттен керек затыңызды сатып алу әдеттегі жағдайға айналды. Онлайн режимінде азаматтар мейрамхана тағамдары, азық-түлік, халық тұтынатын тауарлар, тұрмыстық техника және т.б. сатып алуға ниетті. Бұл уақытта коронавирус пандемиясы пайдаланып белсене іс-әрекет жасауға көшкен алаяқтардың тұзағына оңай түсіп қалуға болады деп ескертеді халықтық қаржылық сауаттылығын арттыру орталығы.
Үкімет • 11 Қыркүйек, 2019
Ішкі жалпы өнім: Өсім 4 пайыздан асты
Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы таныстырылды. Сондай-ақ 2019 жылғы қаңтар–тамыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің орындалу барысы қорытындыланды.
Экономика • 11 Қыркүйек, 2019
Электронды сауданың үлесі артады
Елімізде электронды коммерцияны дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған жол картасы бекітілді. Жүйелі жұмыс жүргізілсе, алдағы алты жылда электронды сауданың үлесі қазіргі 2,9%-дан 5%-ға дейін артуы бек мүмкін.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2019
Салынған жолдар сын көтермейді
Астана іргесіндегі Қосшы ауылында биыл 12 көшенің жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған бюджеттен 2 млрд 100 млн теңге қаражат бөлінген. Салынып жатқан жолдардың сапасына Ұлттық жол активтері сапа орталығы мен қоғам белсенділері тексеріс жүргізіп, біраз сын айтты. Оның ішінде былтыр ғана қолдануға берілген Сүйінбай көшесінің тоз-тозы шығып, үгітілген асфальттарына куә болып қайттық.
Қазақстан • 20 Тамыз, 2019
Жол мамандарын даярлайтын оқу орны керек
Кез келген ел үшін жол экономиканың күретамыры саналады. Автокөлік жолы оқтаудай түзу, тақтайдай тегіс мемлекетте жүк тасымалы мен адамдардың барыс-келісі жақсарып, туризмі де, экономиканың көптеген салалары да дами түспек. Тәжірибелі маман, «Қазақстан жол-ғылыми зерттеу институтының» ғылыми кеңесшісі, еліміздегі тұңғыш жол профессоры Бақытжан МҰРТАЗИН бізбен сұхбат барысында бүгінгі жол саласына қатысты түйткілді мәселелердің түйініне тоқталып, назарға алатын жайттарды жіпке тізуге тырысты.
Үкімет • 14 Тамыз, 2019
Тапсырмалар уақтылы орындалуы тиіс
Биылғы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша ІЖӨ өсімі – 4,2 пайызды құрады. Бұл туралы кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында кеңінен баяндалды. Жиын барысында қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің орындалу қорытындысы шығарылды. Сондай-ақ жаңа 2019-2020 оқу жылына дайындық барысы талқыланды.
Қоғам • 05 Шілде, 2019
Жастардың жылы жемісті болуы тиіс
Тәуелсіздік алған жылдардан бастап жастардың дамуына мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау көрсетіліп келеді. Бұған дейін жүзеге асқан жобалардың ішінде «Болашақ» бағдарламасы, «Дипломмен – ауылға!», «Жасыл ел», «Жастар тәжірибесі», «Серпін-2050» сынды бағдарламалар біршама оң нәтиже берді. Биылғы Жастар жылында да ауқымды шаралар жоспарланып, ұзақмерзімді бастамалардың тұсауы кесілді. Жастар жылын өткізуге арналған Жол картасында жастарды қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз етіп, білім көкжиегін дамытуға жол ашып, жұмысқа орналасу мәселесін оңтайландыру, кәсіпкерлікпен айналысуына жол ашу сынды міндеттер жан-жақты қарастырылған.
Үкімет • 28 Маусым, 2019
Жағдайы төмен отбасыларға жасалған бірегей көмек
Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов Президенттің «Қазақстан азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Жарлығын іске асыру бойынша атқарылатын жұмыстар жайын баяндады.
Қоғам • 19 Маусым, 2019
Қоғам әлеуметтік әділдік арқылы өркендейді
Таяуда ел Президентін ұлықтау салтанатында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асырудың егжей-тегжейлі жоспары әзірленетінін, халықпен кездесулер барысындағы ұсыныстар мен тың идеялар осы құжатта көрініс табатынын мәлімдеген еді. Президент салтанатты рәсім барысында елдің келешек дамуының 10 түрлі басым бағытын атап көрсету арқылы алдағы бетбұрыстың жалпы бағыт-бағдарын анық аңғартты. Соның бірқатарына тоқталып өтейік.
Экономика • 20 Мамыр, 2019
Елорда төрінде жаһандық қаржы жүйесінің жаңа мүмкіндіктері қаралды
Астана экономикалық форумының екінші күні де ауқымды мәселелер талқыланған алқалы басқосуларға ұласты. Панельдік отырыстар мен дөңгелек үстелдердің басында отандық және шетелдік саясаткерлер, ғалымдар, бизнесмендер халықаралық деңгейдегі маңызды проблемаларды көтеріп, оны шешу жолдарына қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.