Қоғам • 26 Тамыз, 2019
«Altyn oimaq» шеберлердің жолын ашады
Елордада «ALTYN OIMAQ» – Қазақстан жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындарының алғашқы көрме-форумының бағдарламасы таныстырылды.
Қоғам • 23 Тамыз, 2019
Тозығы жеткен техника – ауыл шаруашылығын дамытуға қолбайлау
Ауылшаруашылық саласында синтетикалық биология, мыңжылдық фермерлер, жылына бірнеше мәрте өнім беретін егін алқаптары сынды адамның ақыл-ойы, техниканың мүмкіндігімен тұрмысқа етене еніп келе жатқан жаңа үрдіс қалыптасып үлгерді. Дамыған елдердің қолы жеткен бұл үрдістен дамушы елдер де дәмелі.
Қоғам • 15 Тамыз, 2019
Мектепке 6 жастан бару міндетті емес
Мектепке балаларды алты жастан беру міндетті емес. Үкімет үйінде өткен баспасөз конференциясында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осылай деді.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2019
«Туған елге саяхат» мәресіне жетті
Өткен жұмада балаларға арналған «Туған елге саяхат» жобасы өз мәресіне жетті. Осыдан екі ай бұрын басталған бастама аясында елімізден және көрші мемлекеттерден 600-ге жуық бала Нұр-Сұлтан, Тараз, Байқоңыр, Алматы қалаларында болып, Балқаш көлінде шомылды.
Экономика • 04 Шілде, 2019
Отандық автоөндірістің айы оңынан туа ма?
Әлемдік экономиканың аздап шатқаяқтауы биылғы жаһандық көлік нарығының тынысын тарылтып, автоөндірушілер «жеңіл пайдадан» қағылуда. Бұл туралы Forbes-те жарияланған Нил Винтонның мақаласында кеңінен айтылған. Автор АҚШ пен Қытай арасында сауда соғысы тұтанғаны автонарықта ірі ойыншы саналатын Қытайдың ішкі экономикалық жағдайын қиындатып, автокөлік саласының тұралауына да ықпал еткенін айтады. Осындай түйткілді мәселе АҚШ-ты да айналып кетпегенін ескерсек, автоөндірістегі жалпы көрсеткіштің аталған елге тиесілі үлесінің кемуі жағдайды қиындата түспек.
Үкімет • 03 Шілде, 2019
Әлеуметтік мәселелерді шешуге басымдық беріледі
Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешу жніндегі тапсырмаларын іске асыру барысы баяндалды.
Қазақстан • 25 Маусым, 2019
Сырттан қаржы тарту қарқыны үдеді
Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасына 24,3 млрд доллар тікелей шетел инвестициясы тартылды. Оның ішінде Нидерланд –7,3 млрд доллар, АҚШ – 5,3 млрд доллар, Швейцария – 2,5 млрд доллар, ал Ресей мен Қытай 1,5 млрд долларға тікелей инвестиция құйған.
Медицина • 19 Маусым, 2019
Денсаулық және білім саласындағы тың өзгерістер
Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында медициналық көмек көрсетудің жаңа тәсілдері қаралды және Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы баяндалды.
Қазақстан • 14 Маусым, 2019
Рецептісіз сатылған дәрі-дәрмек көлемі артуда
Кеше Үкімет Үйінің баспасөз орталығында өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков дәрі-дәрмектерді таңбалауға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Сайлау • 10 Маусым, 2019
Қауіпсіздік мәселесі – назарда
Қазақстандағы президенттік сайлауға байқаушы болып тіркелген ресейлік актер Александр Рапопорт өзі аралап көрген сайлау учаскелерінде барлығы бірқалыпты, бекітілген талаптарға сай өткенін айтты.