Қазақстан • 10 Шілде, 2019
Тіркеусіз көліктерге тыйым бола ма?
Елімізде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше көршілеріміз – Ресей, Армения және Қырғызстаннан әкелінген автокөліктер күн сайын көбейіп барады. Одақтас елдерден көлік әкелуге тыйым жоқ. Бірақ... Мемлекет ол көліктерді жергілікті жерде тіркеудің тәртібін таппай, қисынын келтіре алмай отырғандықтан, «шетелдік» көліктер көшелерде беталды «ойнақ» салып жүр. Жолда жүру ережесін өрескел бұзатын, сергек «Сергектің» өзін пысқырмайтын, жүргізушілердің өзара сыйластығын құлағына қыстырмайтын сол көліктердің жүргізушілерін тәртіпке салу мүлдем мүмкін болмай отыр. Бұл тұрғыда Ішкі істер министрлігінің өзі дәрменсіздігін мойындайды.
Қазақстан • 09 Шілде, 2019
Әскери бөлімді көшіру жұмыстары басталды
Арыс қаласының аумағындағы оқ-дәрі қалдықтарын жою жұмыстары басталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Тимур Дәндібаев мәлімдеді.
Саясат • 04 Шілде, 2019
Бюджеттегі өзгерістер мақұлданды
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында бес мәселе қаралды. Олардың қатарындағы 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке енгізілген түзетулер мен толықтыруларға депутаттар бірауыздан қолдау білдірді. Сонымен қатар бұл алтыншы шақырылған Парламент Мәжілісінің төртінші сессиясының соңғы жалпы отырысы болғандықтан, Н.Нығматулин сессия жұмысын қорытындылады.
Аймақтар • 03 Шілде, 2019
Болжанған шығын көлемі – 20 млрд теңге
Арыстағы қару-жарақ қоймасы елді мекен маңайынан түбегейлі көшіріледі. Қазір Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бүлінген ғимараттар мен тұрғын үйлерді қалпына келтіруге, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің, оның ішінде суды хлорлау, эпидемияның алдын алу үшін және басқа да іс-шараларға басымдық берілген.
Қазақстан • 01 Шілде, 2019
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында VI шақырылған төртінші сессияның жұмысын ұзарту туралы мәселе қаралды. Бірлескен отырысқа Премьер-Министр Асқар Мамин, Жоғарғы соттың және Орталық сайлау комиссиясының төрағалары, Үкімет мүшелері, республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, Парламент палаталары аппараттарының жауапты қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қазақстан • 01 Шілде, 2019
Мемлекет басшысы Ақордада Таиланд Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Расса Джаличандрадан, Иордания Хашимиттік Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Юсеф Әбделғанидан, Венесуэланың Төтенше және өкілетті елшісі Энрике Антонио Акунья Мендозадан сенім грамоталарын қабылдады.
Қоғам • 27 Маусым, 2019
Риза бол, халқым, балаңа, Арқасын тосқан анаға!
Әлеуметтік желіде лезде таралып, көпшілікті сүйсінткен мына суретке тек қана «Инстаграмда» бірер сағаттың ішінде мыңнан аса пікір жазылып, 56 мыңнан аса адам ұнату белгісін қойған.
Қазақстан • 24 Маусым, 2019
Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу орталығының полигон базасында Жастар жылы аясындағы бесінші республикалық «Айбын-2019» әскери-патриоттық жастар жиыны мәреге жетті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен әскери-спорттық ойындарда озық шыққан 600-ден аса жас өрен қатысқан болатын.
Қоғам • 24 Маусым, 2019
Басты мақсат – қоғаммен байланысты жақсарту
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың халық алдында есеп беру кездесуі Қазақстан полициясы күні қарсаңына сәйкес келіп, онда құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес проблемалары және ішкі істер органдарының құзыретіне кіретін басқа да өзекті мәселелер көтерілді.
Экономика • 21 Маусым, 2019
Бюджеттік саясат экономиканы дамытуға негізделгенде ұтымды
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституциялық Кеңестің «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» Жолдауы жарияланды және Үкімет пен республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есебі тыңдалды. Бірлескен отырысқа Премьер-Министр Асқар Мамин, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы соттың, Орталық сайлау комиссиясының және республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағалары, Үкімет мүшелері, республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, Парламент палаталары аппараттарының жауапты қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.