Білім • 22 Наурыз, 2024
Ұлттық құндылық дегенді жиі айтамыз. Заманауи технология өмірімізге дендеп еніп жатқан уақытта жас буынның бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп өсірудің маңызы туралы да сағаттап сөйлейміз. Бірақ айтылғанды іс жүзінде, өмірде қалай, қандай жолмен нәтижелі жүзеге асыруға болатынын біле бермейміз. Осыны білмекке болашақ ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін мектепке келдік.
Ғылым • 20 Наурыз, 2024
«500 ғалым» тағылымдамасы тиімді ме?
Отандық ғылымды дамыту мақсатында игі жобалар жүзеге асып жатыр. Соның бірі – «500 ғалым» тағылымдамасы. Бұл бағдарлама аясында жыл сайын 500 ғалым үздік шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтіп, біліктілігін арттыруға мүмкіндік алады. Бірақ сол тағылымдама стипендиаттарының саны алғашқы жылдан-ақ 500-ге жетпей қалды. Себебі неде? Талаптары қиын ба, стипендия аз ба, жоқ әлде біздегі ұйымдар қызметкерлері біліктілігін арттыруға құлықсыз ба? Тереңіне үңіліп, сараптап көрдік.
Білім • 18 Наурыз, 2024
60 мыңдай талапкер тест тапсырды
Наурыз айындағы ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) басталғанына екі апта болды. Осы уақыт ішінде тестілеуді 59 мыңнан аса талапкер тапсырған. Олардың 70 пайызға жуығы шекті ұпай жинады.
Ғылым • 18 Наурыз, 2024
Септесетін серіктес табуға мүмкіндік алаңы
Елордада ғылым мен бизнестің байланысын бекітуге бағытталған ашық алаң ұйымдастырылды. Іс-шараға 100-ден аса зерттеуші және кәсіпкер қатысты. Осы арқылы ғалымдар инвесторларға өздерінің өндіріске енгізуге болатын жұмыстарын таныстыруға және жобаларын іске асыруға септесетін серіктестер табуға мүмкіндік алды.
Ғылым • 13 Наурыз, 2024
Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Жас ғалымдар кеңесі төралқасының бірінші жұмыс отырысы өтті. Жиынға төралқа мүшелері мен Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, белгілі ғалым Дос Сарбасов, Парламент Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов қатысты. Отырыста Жас ғалымдар кеңесі «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасына «жас ғалым» мәртебесін енгізуді және отандық ғылымның мәселелерін шешуге бағытталған басқа да нормалар бекітуді ұсынды.
Саясат • 12 Наурыз, 2024
Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы трансұлттық білім беруді одан әрі дамыту мәселесі талқыланды. Қазақстандағы Британдық Кеңестің ұйымдастыруымен «Интернационалдандыру: сапаны бағалау және тәсілдер» тақырыбындағы форумға Қазақстан мен Ұлыбританиядан білім беру саласындағы жоғары білікті мамандар, сарапшылар Ғылым және жоғары білім министрлігінің, қазақстандық және британдық университеттердің, ұйымдардың өкілдері қатысты.
Қоғам • 11 Наурыз, 2024
Ауыл баласы жусан исі аңқыған әтір ойлап тапты. Оның мұндай ерекше хош иіс жасап шығаруына атақты Бейбарыс сұлтан туралы аңыз түрткі болыпты.
Мектеп • 10 Наурыз, 2024
Жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өскені маңызды. Тәрбиенің бір ошағы мектепте тереңнен сыр шертетін тарихи-танымдық дүниелері бар мұражай жұмыс істеп тұр.
Ғылым • 07 Наурыз, 2024
Отандық ғылымды төрге оздырғандар
Ғылымда әйелдердің өз орны бар. Бүгінгі мерекеге орай отандық ғылымның «отын жаққан», ел дамуына еңбек етіп жүрген ғалым әйелдердің бір парасын ғана таныстырмақпыз. Шынында, олар – көп, көптігі қуантады да.
Білім • 07 Наурыз, 2024
Наурыз айында өтетін ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталды. Аталған тестілеу 30 наурызға дейін жалғасады.