Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
788 материал табылды

Білім • 19 Ақпан, 2024

Студенттің чат-боты

Колледж студенті «Umit» чат-ботын жасады. Чат-бот қала тұрғындарын әлеумет­тік жағынан қолдау бағытында қолға алынған. Көмекші құралдың қолданылу аясын кеңейтіп, болашақта ел көлемінде нарыққа шығару жоспарланып отыр.

Білім • 16 Ақпан, 2024

Құмға сіңген грант

2023-2024 оқу жылында бакалавриатта білім алуға 73 мың грант бөлінген. Ғылым және жоғары білім министрлігі сол гранттың 60 пайызы техникалық мамандықтарға тағайын­далғанын хабарлады. Бірақ елімізде бұл салада әлі де маман тапшы.

Технология • 16 Ақпан, 2024

«Кибер Тұмар» ақпараттық қауіптен қорғайды

Елімізде «Кибер Тұмар» атты ақпараттық білім жобасы басталды. Атал­ған іс-шара балалар мен жасөспірімдерді цифрлық ортада қорғауға бағытталған.

Ғылым • 11 Ақпан, 2024

Ғылымдағы әйелдер үлесі

1901-2023 жылдар аралығында 965 адам мен 27 ұйым Нобель сыйлығын иеленіпті. Сол лауреаттардың тек 65-і ғана, яғни 6 пайыздан сәл көбі – әйел. Осы және өзге де мәселелерге орай БҰҰ 2015 жылы 11 ақпанды Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні ретінде бекітті. Бұл қадам ғылым, білім және өзге де салаларда әйелдердің жетістікке ерлермен тең жетуін қамтамасыз етуге шақыруды көздейді.

Ғылым • 08 Ақпан, 2024

Ауыр дертке дауа дәрі

Отандық ғалым обырға қарсы дәрі ойлап тапқанын бұқаралық ақпарат құралдары сүйіншілеп жазды. Дегенмен дерт діңкелеткен жандардың көкейінде сұрақ та, үміт пен күдік те көбейгендей. Санадағы сан сауалға жауап табу үшін ғалымның ғылыми жұмысымен арнайы барып таныстық. Үлкен істің анық-қанығына үңілдік.

Білім • 06 Ақпан, 2024

Кадр кәсібилігіне көзқарас

Әлемдік тәжірибеде жоғары оқу орындарының халықаралық рейтингі тұрақты жарияланып тұрады. Бұл не үшін және кімге керек? Рейтинг, ең алдымен, талапкерлерге қажет. Сол рейтингтер негізінде сапалы білім алғысы келетін талапкер университет таңдайды.

Қоғам • 05 Ақпан, 2024

Ауыл мектебіндегі цирк

Іргетасы сонау 1968 жылы қаланған ауыл мек­тебінде цирк студиясы жұмыс істейді. Ақмола облысына қа­­расты Макинка аулындағы жалпы ор­та білім беретін мек­те­п жанынан ашыл­ған студияда 20 оқу­шы шеберлігін шың­­дап жүр. Цирк өнер­­паздары қазірдің өзінде рес­публикалық, ха­лық­аралық байқау­лар­да топ жарып үл­герген екен.

Медицина • 31 Қаңтар, 2024

Көз ауруын емдейтін пленка

Отандық ғалым көз ауруын емдеудің тиімді әдісін ойлап тапты. Көз ауруларын енді көзге арнал­ған линзалар сияқты, бірақ емдейтін қасиеті бар дәрілік пленкалар арқылы емдеуге болады.

Ғылым • 31 Қаңтар, 2024

Жер сілкінісі: Оқиға ошағын дәл болжаған

Ғылымның нәтижелері мен жаңа­лықтары болашақтағы қауіп-қатер мен құлдырауды, тіпті төтенше жағдайды алдын ала болжауға да қызмет етуге тиіс. Осы ретте біз сала жетіс­тігін қаншалықты пайдаланып отырмыз? Бұл сұрақ кешегі Алматыда болған жер сілкінісінің ошағын былтыр болжаған ғалымдардың еңбегін оқығаннан кейін туып отыр.

Білім • 31 Қаңтар, 2024

Талапкер апелляцияға бірден бере алады

Ұлттық бірыңғай тестілеуде талапкер өзінің нәтижесімен келіспеген жағдайда бірден апелляцияға бере алады. Өйткені тестілеу бұрынғы қағаз нұсқадан электронды форматқа ауыстырылғаннан бері емтихан нәтижесін бірден көру мүмкіндігі пайда болды.