Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
730 материал табылды

Елорда • 18 Қыркүйек, 2023

Астананың балабақшаға қатысты игі бастамасы

Еркебұлан Елеуов – төрт баланың әкесі. Ол жағымды жаңалықты естіп, өзі үшін де, осындай көмекті алатын отбасылар үшін де қуанышты екенін жеткізді. Өйткені оның үшінші қызы енді балабақшаға тегін барады. Мұндай мүмкіндік бүгінде 6 мыңнан астам астаналық балаға беріліп отыр.

Білім • 18 Қыркүйек, 2023

«Келешектің» ертеңі не болмақ?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйе­сін енгізуді тапсырды. Осыған орай ата-аналар тарапынан қойылатын сұрақ көбейді. Себебі бұған дейін «Aqyl» білім депозитіне баласының болашақта білім алуына қаржы жинақтап жүргендер екіжақты ойға қалғандай. Қос депозиттің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар? Қайсысы тиімді? Екі бірдей білім депозиті не үшін керек?

Пікір • 12 Қыркүйек, 2023

Еңбекке баулу да тәрбие

Сәбиімізді аулаға алып шыққанда көп­қа­батты үйдегі көрші балалармен таныса бастадық. 9-11 жастағы балалар бөпе­мізді қызықтай ма, әлде өздеріне көңіл бөліп әңгімелескенді ұната ма, әйтеуір маңайы­мызға жинала қалады. Олардың кейбір ойлары кәдімгідей ойландырады.

Мәселе • 07 Қыркүйек, 2023

Жатақхана жетіспейді

Биылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдарының барлы­ғын жатақханадағы орынмен қамтамасыз етуді көздейтін «Білім туралы» заңның жаңа редакциясы күшіне енді. Жаңа заңнамаға сәйкес, оқу орындары осы айдан бастап студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге міндетті. Соған қарамастан елімізде 23 мыңнан аса студентке жатақханада орын жетіспейді.

Жастар • 06 Қыркүйек, 2023

Түлектің тартуы

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универ­ситетінің бірнеше студенті арнайы грантқа ие болды. Іріктелген ізденушілерге білімін тегін жалғастыруға сол университеттің түлегі мүмкіндік сыйлап отыр.

Білім • 06 Қыркүйек, 2023

Өзгертілген бұйрық. Алты күндік оқуға көшірген кім?

Білім күні жарияланған «Жаңа оқу жылының жаңа сипаты» атты материалымызда оқу жылы ұзақтығының бұрынғы қалпына келуіне байланысты 5 күндік оқу аптасы сақталатынын жазғанбыз. Өйткені жауапты министрлік ресми түрде солай хабарлаған еді. Ал еліміздің кейбір өңірінде ата-аналар 6 күндік оқу аптасына көшкеніне шағымданып жатыр. Сонда бұл қалай болғаны?

Мектеп • 01 Қыркүйек, 2023

132 мың баланы қуантқан күн

Білім күніне орай елімізде 39 жаңа мектеп есігін айқара ашты. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, жаңадан ашылған оқу ордалары 55 мың оқушыға арналған. Ал жыл соңына дейін барлығы 132 мың орындық білім беру ұйымдарын пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Білім • 01 Қыркүйек, 2023

Жаңа оқу жылының жаңа сипаты

Аңқыған жұпар гүлімен ұстаздарын бірінші қыр­күйек күнімен құттық­тауға асыққан оқушылар, бірін-бірі сағынысқан сы­ныптастар, әліппесін құ­шақтауға асық бал­дыр­ғандар, жоғары сы­ныпқа қадам басқанына қуанған жеткіншектер, ыс­­тық ұядағы соңғы оқу жы­лын өткізуге жүрегі лү­піл­деп жаныққан біті­рушілер, білім әлеміндегі үлкен өмірге қадам басқан сту­денттер – бәрі-бәрі жа­ңа білім, жарқын бо­лашақ іздеп оқу ордала­ры­на асығып барады. Өйт­кені бүгін – Білім күні!

Білім • 08 Қыркүйек, 2022

Жатақхана зәрулігі: Студенттер білім емес, тұратын жер іздеп жүр

Өйткені студенттік жатақ­ханаларда орын тапшы. Мегаполистердегі студенттер қымбат пәтерлерді жалға алуға мәжбүр болса, өңірдегілер ондайды да таппай әлек. Кей университеттер барлық студентін кереует орынмен қамтыған. Демек мәселені шешуге болады ғой деп ойлайсыз. Бірақ жатақханадан орын бере алмай отырған жоғары оқу орындарының өз уәжі бар. Ал Президент осы айдың басында ғана жариялаған Жолдауында мемлекеттен қаражат алу үшін жекеменшік жоғары оқу орындарының жатақханасы болуы шарт екенін айтты.

Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2022

Жолдаудың басым бағыттарын талқылады

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Мем­­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақ­стан хал­қына Жолдауын талқылау мақсатында «Біртұ­тас ұлт: са­па және инклюзивті өсім негіздері» атты дөңге­лек үстел өтті. Оған еліміздің ғылыми-сарапшылар қауымдас­ты­ғы­ның өкіл­дері, республикалық және қалалық жастар ұйым­дары­ның өкіл­дері, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер қатысты.