Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
616 материал табылды

Білім • 01 Маусым, 2022

50 жеңімпаз білім грантына ие болды

Қазақстандық оқушылар алғаш рет Дүниежүзілік гимназиада-2022 додасына қатысып, жақсы нәтиже көрсетті. Білім және ғылым минис­тр­лігі жарыс жеңімпаздарына білім гранттарын табыстады. Енді олар өз­дері таңдаған жоғары оқу орнына Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағын тапсырмай-ақ түседі.

Білім • 31 Мамыр, 2022

Жазғы мектепте оқу басталды

Оқыту – маңызды, бекіту одан да маңызды. Пандемия кезінде оқушылар қашықтан оқимыз деп кейбір тақырыптарды өткізіп алған еді. Осындай олқылықтардың орнын толтыру мақсатында Білім және ғылым министрлігі жазғы мектептердің жұмысын ұйымдастырды. Қазірдің өзінде 2 млн-ға жуық бала жазғы мектептерде білімін шыңдап жүр.

Білім • 31 Мамыр, 2022

Ауыл квотасы 35 пайызға артады

Биылдан бастап әлеуметтік осал отбасы балалары 15%-дық квотамен мамандандырылған мектептерге түсе алады. Осын­дай отбасынан шыққан оқушылар мектепте бірқатар пәннен аптасына кемінде тегін 3 қосымша са­бақ ала алады. Ал кол­ледж­дерде тегін білім алуға 45 мың грант бөлінбек.

Білім • 26 Мамыр, 2022

Қандастарға қамқорлық білім беруден басталады

Қиырдағы қандастарды елге әкелу – мемлекеттік мүдде тұрғысынан, соның ішінде демографиялық жағынан аса маңызды іс. Дегенмен қанша қаласа да атамекеніне орала алмай отырған қандастар жетерлік.

Білім • 25 Мамыр, 2022

Соңғы қоңырау сыңғыры

Еліміздің барлық мектебінде соңғы қоңырау сыңғырлады. Күміс қоңыраудың үнін есту соңғы жылдары көп түлекке, үкілеп өсірген шәкіртін ұядан ұшырған жанары мейірімге толы мұғалімге арман болғандай еді. Биылғы сәт бұрынғыдан өзгерек.

Білім • 24 Мамыр, 2022

Соғылды соңғы қоңырау

Биыл 170 мыңнан аса түлек мектеппен қоштасты. Олардың ішінде 8 139 бітіруші – «Алтын белгіге» үміт­­кер. Иә, бүгін еліміз­дегі мек­теп­­­терде соңғы қоңырау соғыл­ады. Был­тыр карантин кезінде оқу ошақ­­­тарында оқушылар салтанат­ты сәт­ке сырттан сығалағандай он­лайн қатысқан еді. Биыл­ғы мек­­теп бітірушілер бұл кедергіден ада.

Білім • 24 Мамыр, 2022

Ең үздік мың бала анықталды

Ауыл балаларына арналған «Мың бала» олимпиадасының нәтижесі шықты. 150 мыңнан аса оқушы олимпиадада бақ сынауға өтінім берген. Жеңімпаздар республикалық маңызы бар мамандандырылған мектептерге конкурссыз қабылдана алады.

Білім • 23 Мамыр, 2022

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталды

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталды. Бұл бағдарламамен шетелдердегі жетекші жоғары оқу орындарына магистратура, докторантура, резидентураға түсуге және ғылыми-тәжірибелік тағылымдамадан өтуге болады.

Білім • 23 Мамыр, 2022

Қошке Кемеңгерұлының есімі берілді

Елордадағы №49 мектепке Алаш ардақтысы Қошке Кемең­герұлының есімі берілді. Оқу ошағына Алаш қайраткері, жазу­шы, драматург, әдебиетші, тілші, тарихшы, көсемсөз шебері Қош­ке Кемеңгерұлы есімінің бері­луі­н­е байланыс­ты халықаралық ғылы­ми-теориялық конференция өтті. «Бақытты келешектен үміт жібін кеспеймін» атты салтанатты іс-шара­ға қаламгер Қошке Кемеңгерұлы ұрпақтары, зиялы қауым өкілдері, мектеп мұғалімдері, оқушылары, ата-аналар қауым­дастығы қатысты.

Білім • 19 Мамыр, 2022

Студенттер кеңес беру жобасына қатысады

Жақында елордадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агро­техникалық университетінің жанынан «Жер мәсе­лелері бойынша азаматтарға кеңес беру» орта­лы­ғы ашылды. Енді аталған оқу орнының студенттері азаматтарға кеңес беру жобасына қатыспақ.