Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
616 материал табылды

Руханият • 18 Маусым, 2019

Қарттарым, аман-саумысың?

Газетіміздің жүз жылдығы аясында қолға алынған игі істер елордадағы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жалғасын тапты. Орталық кітапханасына жүздесуге жиналған қариялардың қолындағы «Egemen Qazaqstan» көзімізге жылы ұшырасты.

Қоғам • 17 Маусым, 2019

Шетелдік технологиялар – отандық салада

Еліміздегі мектепке дейінгі білім беру саласының педагогтары Елордада бас қосты. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» семинарға қатысқан 100-ден астам маманға өз тәжірибесіне енгізген шетелдік технологиялар мен әдіс тәсілдерді таныстырды.

Қоғам • 11 Маусым, 2019

Азаматқа айналдыратын акция

Қазақ ұл туса, «Тұтқа ұстар келді!» деп сүйіншілейді. Өйткені ер бала – шаңырақтың иесі. Ал бір ұлға зар болған жандар «сүндет тойға жеткізе көр» деп Тәңірден тілейтін болған.

Қоғам • 07 Маусым, 2019

Жоғары білім лидерлері бас қосты

Елордада Жоғары білім беру көшбасшыларының VIII еуразиялық форумы (EHELF) басталды. Жыл сайын ұйымдастырылатын ауқымды шараға жиналған шетелдік және отандық сарапшылар «Болашақ талабына сай түлектер» тақырыбын талқылады. Форумға 12 елден 300-ге жуық делегат қатысты.

Президент • 03 Маусым, 2019

Білім берудің бірегей бренді

Назарбаев Университеттің (НУ) үздік түлектері Елбасының қолынан диплом алды. Биыл аталған жоғары оқу орнын 963 студент тәмамдады. Салтанатты шара барысында Тұңғыш Президент университеттегі Атлетикалық орталықтың тұсаукесеріне қатысты.

Қоғам • 24 Мамыр, 2019

«Маңызды» алаңында – жастар мәселесі

Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастыратын «Маңызды» сараптама алаңының кезекті саны жастар мәселесіне арналды. «Жастардың қоғамды өзгерту интеграциясының мүмкіндіктері» тақырыбында ой бөлісуге білікті сарапшылармен қатар жетістікке жеткен жастар да қатысты. Олардың арасында халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары да бар.

Экономика • 20 Мамыр, 2019

Түркі елдері нарығы алпауытқа айналмақ

Түркі елдеріне ортақ Сауда-өнеркәсіп палатасы құрылды. Аталған палатаның жарғысына Астана экономикалық форумы аясында өткен Түркі іскерлік кеңесiнiң кезектi отырысында қол қойылды. Ортақ палатаға Қазақстан, Түркия, Қырғызстан және Әзербайжан елдерінің Сауда палаталары қосылды. Болашақта бұл бастамаға Өзбекстан мен Түрікменстанның ұлттық палаталары қолдау білдірмек.

Аймақтар • 17 Мамыр, 2019

Халықаралық еңбек ұйымының 100 жылдығына арналды

БҰҰ-ның ең көне мамандандырылған мекемелерінің бірі – Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) 100 жылдығына арналған халықаралық конференция ұйымдастырылды. Шараға Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Өзбекстанның Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрі Шерзод Кудбиев, Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы департаментінің директоры Грахам Минтон және тағы басқалар қатысты.

Қоғам • 15 Мамыр, 2019

Қазақ тілін академиялық деңгейде оқыту қажет

Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігі Назарбаев Университетте халықаралық семинар-тренинг өткізуде. 13-17 мамыр аралығындағы шараға еліміздегі және шетелдегі университеттердің тіл мамандары қатысуда. Аталған жиын қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында қазақстандық және халықаралық мамандардың өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету, интеграциялық жолмен жаңа оқыту технологияларын меңгеруді көздейді.

Руханият • 06 Мамыр, 2019

«Egemen»-нің кейіпкеріне көмек керек