Амангелді ҚҰРМЕТ
Амангелді ҚҰРМЕТ«Egemen Qazaqstan»
46 материал табылды

Қоғам • 20 Қыркүйек, 2019

Бұқара қамын ойлаған басшы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлаудан кейін ресми қызметіне кіріскеніне жүз күн толды. Әрине жүз күн тарих үшін қас-қағым ғана сәт. Бірақ адам баласы жүз күнде көктемде еккен егінінің піскенін, төлдерінің марқаға айналғанын көреді. Демек әр сәтті бағалай білген адам үшін жүз күн немесе бір тоқсан да аз уақыт емес. Сол себепті Президенттің 100 күнін шолып шықпаққа бекіндік. Алайда әңгімені тек әлеуметтік мәселелер тұрғысынан өрбітпек ниеттеміз. Өйткені қазақстандықтар үшін бүгінгінің ең өзекті мәселелері әлеуметтік салада жатыр. Азық-түлік бағасы да, жалақы да, білім беру мен денсаулық сақтау да қысқасы бұқараның күнкөрісіне тікелей қатысы бар дүниелердің барлығы осы «әлеуметтік сала» дейтін кең ауқымды ұғымға сыйып кетеді.

Қоғам • 10 Қыркүйек, 2019

NEET жастар: саны да, сапасы да беймәлім топ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына арнаған Жол­дау­ында «Жыл сайын 21 мыңға жуық мектеп түлегі кәсіби және жо­ғары оқу орындарына түсе алмай қалады. Жастардың бұл тобы жұмыссыздар мен маргиналдардың негізін құрайды. Олар ама­лының жоқтығынан қылмыстық және экстремистік ағымдар­дың ықпалына түсуде» деген еді. Осылайша жастарды жұмыс­пен қамту мәселесінің өзекті екенін айтқан. Соңғы алты айда осы NEET жастардың саны 0,7 пайызға төмендеді.

Қоғам • 04 Қыркүйек, 2019

Қызмет көрсету деңгейі бағаланды

Жуырда Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы медициналық мекемелердің жыл сайынғы рейтингін жариялаған болатын. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында медициналық көмек көрсететін барлық мекемелердің қызметін бағалайтын рейтинг осы саладағы 50-ге жуық индикатор негізінде жасалса керек. Рейтингке жеке медициналық мекемелер де, ғылыми орталықтар мен институттар да, қысқасы түрлі медициналық мекемелер қатысқан. Сөйтіп еліміздегі медициналық мекемелердің 2018 жылғы қызмет көрсету деңгейі бағаланды.

Қоғам • 04 Қыркүйек, 2019

«Мектепке жол» акциясы жыл бойы жалғасады

Шілде айында басталған республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы оқу жылы басталар тұста тіптен қарқын ала бастады. Бұрын қыркүйектің соңына дейін ғана жалғасатын акция биылдан бастап жыл бойы өтеді. Қазіргі таңда оқушыларды мектепке дайындауға қайырымды азаматтар мен компаниялар, кәсіпорындар, үкіметтік емес ұйымдар белсене қатысып жатыр.

Қоғам • 04 Қыркүйек, 2019

Зейнетақы жинағы: Бүгін де, ертең де қажет қаржы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында тың идея айтты. Президент зейнетақы жинағының бір бөлігін белгілі бір мақсатқа жұмсау тетігін қарастыру қажет екенін жеткізіп, Үкіметке арнайы тапсырма берді. Енді жыл аяғына дейін Үкімет зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана сатып алу немесе білімге арнау мүмкіндігін қарастырып, арнайы тетіктер енгізуі тиіс.

Қазақстан • 30 Тамыз, 2019

Қырғыз бен қазақ – ежелден бергі ағайындар

31 тамыз Қырғыз респуб­ли­касының Тәуелсіздік күні. Ежелден ауылы аралас, қойы қоралас өскен, Алатаудың күн­гейі мен теріскейін қоныс еткен қос халықтың тарихи та­мырластығы, бауырластығы ажырамай келе жатқаны баршаға аян. «Қазақ-қырғыз бір туған» дейді қос халық. Қиын-қыстау кездерде де, жаймашуақ кездерде де екі халықтың алыс-берісі мен барыс-келісі үзілген емес. Осынау байланыстарды қазір елшілер нығайтып отыр. Біз мереке қарсаңында Қырғыз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Жээнбек Кулубаевпен сұхбаттасып, екі елдің қарым-қатынастары турасында әңгіме өрбіттік.

Медицина • 28 Тамыз, 2019

Денсаулық саласына салынған қаржы көлемі өсті

Елімізде денсаулық сақтау саласына салынған негізгі қаржы көлемі былтырдан бері 13 пайызға өскен. Алайда, бұл мөлшер негізгі капиталға салынған жалпы инвестицияның 1 пайызына да жетпейді, дәрілек айтсақ 0,9 пайыз ғана. Бірақ былтырғы жеті аймен салыстырғанда биыл денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтерге салынған инвестиция көлемінде өсім бар.

Қоғам • 28 Тамыз, 2019

Браконьерлер азаймай тұр

Жуырда Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл көлінің төңірегінде ұзақ уақыт бойы браконьерлікпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл топ көлдегі майқан балығының уылдырығын заңсыз жолмен жинап, саудалап келсе керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасына орай ІІМ қызметкерлері бұл топты құрықтау үшін арнайы операция өткізді.

Қоғам • 22 Тамыз, 2019

Күзетшіге мұқтаж елміз

Әдетте қазақ жастары туралы сөз қозғағанда зиялы қауым өкілдері олардың күзетші болып жүргенін жиі айтатыны бар. Мұны кейде біздің мініміз ретінде де бағалап жатамыз. Бірақ ол да кәсіп, әрі еңбек нарығындағы сұраныс мүлдем бөлек.