Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3429 материал табылды

Спорт • 30 Наурыз, 2023

Ахметов Америкада айқасады

Аралас жекпе-жектегі Азияның ең белді про­моушені – «ONE Championship» өзінің кезекті жарысын 6 мамырда АҚШ-тың Брумфилд қаласында ұйымдастыруды көздеп отыр.

Спорт • 30 Наурыз, 2023

Анталияда айқасады

31 наурыз бен 2 сәуір аралығында Түркияның Анталия қаласында дзюдодан «Grand Slam» турнирінің жалауы желбірейді.

Спорт • 29 Наурыз, 2023

Парижде бағымды тағы бір сынап көремін – Алмат КЕБІСБАЕВ

Олимпиада бағдарламасына енген күрестің барлық түрі бо­йынша әлем чемпионаттарында жеңіс тұғырына бес мәрте көте­рілген елімізде екі-ақ балуан бар. Алғашқысы – Валерий Резанцев. Даңқты жерлесіміз өткен ғасырдың жетпісінші жылдары қарсыластарын қоғадай жапырып, бас жүлдені бес рет олжалады. Екіншісі – Алмат Кебісбаев. Грек-рим күресін серік еткен қандасымыздың еншісінде дүниежүзілік доданың бір күмісі мен төрт қоласы бар. Одан бөлек, Алмат Азия ойындары (1 күміс, 1 қола), Азия чемпионаты (2 алтын, 3 күміс) және Дүниежүзілік Универсиадада (1 күміс) атой салды. Балуанның жасы 35-тен асса да, ол бозкілеммен әлі де қош айтысқан жоқ. Бүгінгі кейіпкеріміздің басты мақсаты – Париж Олимпиадасында жеңіске жету.

Спорт • 29 Наурыз, 2023

Қыздар да қара жаяу емес

Астанада өтетін Азия чемпионаты қарсаңында біз грек-рим мен еркін күрес шеберлері жайында көлемді сараптама мақалалар берген едік. Ендігі кезекте – әйелдер күресі. Бүгінгі таңда сары құрлықтың басты додасында кімдер үстемдік құруда? Сол жарыстарда біздің бұрымдылар қандай табысқа қол жеткізді? Міне, бүгінгі мақаламызда осы сауалдарға жауап іздеп көреміз.

Спорт • 29 Наурыз, 2023

Ерасыл – әлем чемпионы!

Ауыр атлетикадан Албанияның Дур­рес қаласында жалауы желбіреген жас­өспірімдер арасындағы әлем бі­рін­­шілігінде Қазақ елінің әнұраны шыр­қалды.

Спорт • 29 Наурыз, 2023

Рыбакинаның кезекті белесі

АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде қазақ­стандық теннисші Елена Рыбакина жартылай финалға жолдама алды.

Спорт • 29 Наурыз, 2023

Азияның мықтылары Астанада белдеседі

9 сәуірде Астанада шымылдығы түрілетін Азия чемпионатына орай біз бұған дейін грек-рим күресі жайында («Азияның мықтылары Астанада анықталады». «Egemen Qazaqstan», 17 наурыз 2023 жыл) біраз әңгіме қозғаған едік. Енді еркін күреске тоқталуды жөн көріп отырмыз. Спорттың бұл түрінен құрлық біріншілігінің тұсауы 1979 жылы Үндістанның Джаландхар қаласында кесілді. Сол кезден бері 35 жарыстың жалауы желбіреді. Соның 27-сінде Қазақстан құрамасы бақ сынады.

Спорт • 28 Наурыз, 2023

«Аб-ба-сов, қарымтаға дайынсың ба?»

Таяуда ғана Атырауда өткен Mergen Fighting Championship 4 турнирінде өзбекстандық Бобур Абдулазизовты екінші раундта қыл­қын­дырып тастаған Қуат «Найман» Хами­тов Әзербайжанның ең мықты файтер­лерінің бірі Нариман Аббасовты жекпе-жек­ке шақырды.

Спорт • 28 Наурыз, 2023

Қола қоржында

Бұл күндері Албанияның Дуррес қала­сында ауыр атлетикадан жасөс­пірім­дер арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстанның қор­жы­нына алғашқы жүлде түсті.

Спорт • 28 Наурыз, 2023

Бекетті еске алады

7-9 сәуір аралығында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында дзюдодан жас­өспірімдер мен жастар арасында Азия кубогі өтеді.