Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3260 материал табылды

Спорт • 16 Тамыз, 2022

Жарыс қызған шағына жетті

Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан V Ислам ынтымақ­тастығы ойындары нағыз қызған шағына жетті. Кеше қоржы­нымыз тағы бірнеше жүлдемен толықты.

Спорт • 15 Тамыз, 2022

Әлемдік додада да барымды саламын – дейді дзюдодан Азия чемпионы Данияр Шамшаев

Жуырда ғана дзюдодан Нұр-Сұлтанда өткен Азия чемпионатында Қазақстан­ның ерлер мен әйелдер құрамасы сегіз жүлде олжалап, өз жанкүйерлерін қуантқан еді. Бір өкініштісі, өз елімізде жалауы желбірген жарыста әнұра­нымыз бір мәрте ғана шырқалды. Жалғыз алтынды есімі көпшілікке беймәлім 18 жастағы Данияр Шамшаев есімді балуан жеңіп алды. 73 кило салмақ дәрежесінде күш сынасқан ол барлық төрт бәсекені иппонмен аяқтап, көпшіліктің назарын өзіне аударды. Дүбірлі дода аяқталған бетте су жаңа чемпионмен әңгімелесудің сәті түскен еді.

Спорт • 15 Тамыз, 2022

Қарсыластың барлығы да азулы

Күні кеше ғана 3-18 қыркүйек аралығында Шотландияның Глазго қаласындағы «Эмирейтс аренада» өтетін Дэвис кубогының топтық турнирінде Қазақстанның теннисшілері қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды. Команда капитаны Юрий Щукин Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко, Андрей Голубев және Александр Недовесов сынды саңлақтарға сенім артып отыр. Сондай-ақ сол тізімге Тимофей Скатов та қосалқы ойыншы ретінде енді.

Спорт • 15 Тамыз, 2022

Әзірге бесінші орындамыз

Қазақстанның спортшылары Түркияның Конья қаласында жалауы желбіреген V Ислам ынтымақтастығы ойындарын сәтті бастаған еді. Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне дейін 10 медаль жеңіп алсақ, одан кейінгі күндері де жерлестеріміз өрелі өнерімен өз жанкүйерлерін қуантты.

Спорт • 14 Тамыз, 2022

«Алтын доп» кімге бұйырады?

Әйгілі France Football басылымы өткен маусымның қорытындысы бойынша ең үздік футболшыларды анықтамақ. Күні кеше ғана «Алтын доптан» үмітті 30 ойыншының есімі жарияланды. Олардың қатарында мынадай аяқ­доп шеберлері бар:

Спорт • 14 Тамыз, 2022

Жарыс жолынан шығып қалды

УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсеткен «Тобыл» мен «Қызылжар» үшінші айналымның алғашқы матчтарында өз қарсыластарына бір ғана доп айырмашылығымен ұтылғаны мәлім. Сол сәтте барша жанкүйер жерлестеріміз кеткен есені қарымта кездесуде қайтарады деп үміттенді. Бірақ олай болмады. Өкінішке қарай, қазақстандық команданың екеуі де жарыс жолынан шығып қалды.

Спорт • 27 Шілде, 2022

Нелли Кимнің кереметтері

Ертең Қазақстанның мақтанышы Нелли Кимнің туған күні. Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттарында бес реттен алтыннан алқа тағып, әлемдік спорт тарихында өшпес із қалдырған еліміздің даңқты гимнасшысы 65 жасқа толады.

Спорт • 25 Шілде, 2022

Софияда сайысқа түседі

28-31 шілде аралығында Болгарияның бас шаһары – Софияда таэквондодан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Бұл жарыста барлық құрлықтан келген мықтылар күш сынасады. Даянға шығатындар арасында Олимпия ойындары, дүниежүзілік дода және тағы басқа аса ірі халықаралық турнирлерде дараланған жекпе-жек шеберлерінің қарасы мол.

Спорт • 25 Шілде, 2022

Қазақстандықтар ТМД құрамасы сапында қатысып еді

Осыдан дәл 30 жыл бұрын, яғни 1992 жылдың 25 шілдесінде Испанияның Барселона қаласында XXV жазғы Олимпия ойындарының алауы тұтанды. Дүбірлі додада 169 мемлекеттен келген 9 356 саңлақ сайысқа түсіп, олар 32 спорт түрі бойынша 257 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Жарыстың ашылу салтанаты Каталониядағы Монтжуик жотасында орналасқан, қыршынынан қиылған ірі саяси тұлға Льюис Компанистің есімі берілген ғаламат олимпиадалық стадионда өтті.

Спорт • 21 Шілде, 2022

Жылдар бойы жаңармаған рекордтар

Бүгінде Юджинде жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Осы жаһандық дүбірлі дода кезінде осы спорт түрлерінен жасалған және көп уақыт мұрты бұзылмай келген рекордтарды оқырмандардың жадында тағы бір жаңғыртқанды жөн көріп отырмыз.