Аймақтар • 06 Қараша, 2020
Жуырда Қордай ауданындағы Сортөбе ауылынан «Имамдар үйі» орталығы ашылды. Аталған орталық әуелі ауыл жастарын имандылыққа, ислам дініне баулитын орын болып саналады. Сонымен қатар, мұнда өңірдегі имамдармен түрлі жиындар өткізіліп, оқу курстары ұйымдастырылады. Сондай-ақ мұнда жастарға тек діни білім беріп қана қоймай, өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілінен сабақтар да үйретіледі.
Аймақтар • 05 Қараша, 2020
Жамбылда театрлар мен мешіттердің жұмысына рұқсат етілді
Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Салтанат Алибаеваның ағымдағы жылғы 5 қарашадағы №40 "Жамбыл облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысына сәйкес, бүгіннен бастап облысаумағында карантин талаптары жеңілдетіліп, театрлар мен мешіттердің жұмысына рұқсат берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Қараша, 2020
Мойынқұм тұрғындарына жатақхана берілді
Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында тұратын тұрғындар үшін осы уақытқа дейін басты мәселе баспана болып келген болатын. Әсіресе көпбалалы үйсіз, үй кезегінде тұрған отбасылар үшін тұрғын үй күрделі мәселе еді. Тіпті олар аудан әкімінің қабылдауында болып, тұрғын үй де сұрапты. Жергілікті билік те тұрғындардың өтінішін ескеріп, оларды жатақханамен қамту туралы ұйғарымға келген.
Аймақтар • 02 Қараша, 2020
Меркі ауданындағы қайғылы жағдайдың себебі анықталды
Кеше, яғни 1 қараша күні Меркі ауданының Плодовоягодное ауылындағы жеке үйде 5 адам газға уланып, оның екеуі қайтыс болған еді. Анықталғандай, қайғылы оқиғаға табиғи газбен жанатын пештің түтіндігін орнату ережелерін сақтамау себеп болған.
Қоғам • 02 Қараша, 2020
Жол тәртібін бұзбаған жүргізуші
Бүгінде көпшілік үшін жол ережесін бұзбай жүрудің таңсық көрінетіні рас. Бір жағынан қазіргідей көліктің молайған, темір тұлпар тізгіндегендердің көбейген уақытында бұл мүмкін емес сияқты. Қала көшелерінен күнде бір-бірінің жолын кес-кестеген, асығып бара жатқан көлік жүргізушілерін көп кездестіреміз. Жол ережесін бұзған бір адамның екінші біреудің жол тәртібін бұзуына да себепкер болуы ықтимал. Дегенмен, ел ішінде тәртіпті жүргізушілер де бар. Олар қай кезде де айналасына үлгі болмақ.
Аймақтар • 02 Қараша, 2020
«Қызыл Абадта» қордаланған мәселе көп
Бұл күнде «Қызыл Абад» шағын ауданы Тараз қаласының аумағына қарайды. Осыдан бірнеше жыл бұрын «Шөлдала», «Құмшағал» алқаптары да облыс орталығына қосылған болатын. Қазіргі кезде көне Тараз шаһары түрленіп, сәулеті артып келе жатқанымен, қала аумағына қарайтын бірқатар алқапта түйіні тарқамаған түйткілді мәселелер әлі де көп. Әсіресе «Қызыл Абад» шағын ауданында тұрып жатқан әлеуметті ауызсу, жол, газ, интернет сияқты көптеген мәселе толғандырады.
Аймақтар • 28 Қазан, 2020
Мойынқұм ауданында бірқатар мәселе шешімін табуда
Бүгінде Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданының даму қарқыны жоғары. Барлық салада өсу бар. Бұл туралы бүгін Мойынқұм ауданының әкімі Мәден Мұсаев Тараз қаласындағы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 28 Қазан, 2020
Тараздық дәрігерлер өңешінде тиын тұрып қалған баланы аман алып қалды
Тараздық дәрігерлер өңешінде тиын тұрып қалған 9 жастағы баланы құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 28 Қазан, 2020
Ауылдың әлеуетін арттыру мақсатында бүгінде мемлекет тарапынан айтарлықтай көмек берілуде. Жамбыл облысындағы көптеген ауыл тұрғындары мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көруде. Мәселен, Шу ауданының Алға ауылдық округінде мектеп салу, көшелерді жөндеу осы уақытқа дейін күрделі мәселелердің бірі болып келген. Аталған округтің құрамына кіретін Сауытбек және Жайсан елді мекендерінде де білім ошағы болғанымен, мұнда да сол көшелерді жөндеу, газ тарту мәселесі күн тәртібінде тұрған. Енді аталған мәселелер биыл біртіндеп шешімін табуда. Шу ауданының әкімі Нұржан Календеров бүгінде барлық ауылдардың мәселесін шешуге тиісті қаражат бөлініп отырғанын, нәтижесінде жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Қоғам • 28 Қазан, 2020
Қазіргі уақытта Жамбыл облысында балық шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол. Дегенмен, табиғаты қолайлы, суы мол аймақта бұл үрдіс біртіндеп болса да қолға алынуда. Ақ амур, форель және балықтың өзге де түрлерін өсіру науқаны басталуда. Бүгінде өңір бойынша балық шаруашылығын дамытуға арналған 121 жергілікті маңызы бар су айдыны бар екен. Сондай-ақ аймақта республикалық маңызы бар Балқаш көлінің 18 алқабы орналасқан. Қазіргі кезде жергілікті маңызы бар су айдынындағы 83 айдын аталған кәсіппен айналысуға ниетті 74 табиғат пайдаланушыға бекітіліп беріліпті. Ал қалған 38 балық шаруашылығына арналған су айдыны әзірге бос тұр.