Аймақтар • 30 Шілде, 2020
Татарстан дәрігерлері Жамбыл медицинасын жоғары бағалады
Жуырда тәжірибе алмасу мақсатында Әулиеата өңіріне келген Татарстан дәрігерлері Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесті. Кездесу барысында Татарстан дәрігерлері Жамбыл облысының денсаулық сақтау жүйесінің даму деңгейіне жоғары баға берді. Өз кезегінде Бердібек Сапарбаев білікті мамандарға шақыруды қабыл алғаны үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, әлемдегі күрделі эпидемиялық ахуал жағдайында бауырлас көрші мемлекеттердің қолдауы аса маңызды екенін атап өтті, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 29 Шілде, 2020
Тараз қаласында бірқатар нысандар карантин талаптарын сақтамаған
Жуырда Тараз қаласы әкімдігінің жедел штабы өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірлесіп, облыс орталығындағы бірқатар дәріханаларға күндізгі зерделеу жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 29 Шілде, 2020
Жамбылдық дәрігерлер Оңтүстік Корея дәрігерлерімен тәжірибе алмасты
Қазіргі кезде жаһанды жайлап отырған коронавирус індетімен күресу бойынша жамбылдық дәрігерлер Оңтүстік Корея мемлекетіндегі әріптестерімен жиын өткізді. Шетелдік дәрігерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, қауіпті індеттің екінші толқынына дайындық барыстары туралы әңгімеледі. Дәрігерлердің кездесуі онлайн түрде, яғни Zoom платформасында өтті. Аталған конференцияға Тараз қаласы мен өңірдегі аудан дәрігерлері де қатысты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 29 Шілде, 2020
Ауыл әкіміне тағылған айып қандай?
Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында жергілікті тұрғындар мен әкімнің арасында келіспеушіліктер туындауда. Нақты айтсақ, Мыңарал ауылының тұрғындары аталған ауылдық округтің әкімі Зүбаржат Қамиеваның қызметте отыруына қарсы. Жергілікті жұртшылық негізінен мұнда соңғы кездері ешқандай жұмыс атқарылмай жатқанын, әкім ауылды гүлдендірудің орнына қайта көпшілікті бір-бірімен араздастырып отырғанын айтады. Тіпті тұрғындар бұл мәселені облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа да жеткізген. Облыс басшысы Мойынқұм ауданына барған жұмыс сапары барысында Мыңарал ауылдық округінде де болып, жергілікті тұрғындармен кездескен еді. Мұнда да негізінен тұрғындар ауыл әкімінің мәселесін облыс әкімінің алдына қойып, шешіп беруін сұраған болатын.
Аймақтар • 28 Шілде, 2020
Татарстан дәрігерлері Жамбыл облысына келді
Бүгінде әлемді әбігерге салып тұрған қауіпті індетке байланысты медициналық көмек көрсетудің маңызы зор. Осы орайда коронавирус инфекциясы мен пневмонияны емдеу бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Татарстан мемлекетінен Жамбыл облысына бір топ дәрігерлер келді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Шілде, 2020
Таразда үйі өртеніп кеткен отбасы баспаналы болды
Биылғы жылғы маусым айының алғашқы күнінде Тараз қаласының Мичурин көшесінде орналасқан үйден өрт шығып, тілсіз жаудың салдарынан бір отбасы далада қалған болатын, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Шілде, 2020
Бүгінде барша дүниені жайлаған коронавирус індеті дүйім жұрттың үрейін алуда. Көптің көңілін күпті еткен кесел талайдың тағдырын айналып өтпегені де рас. Бұл ретте қолдан келген көмегін аямай, көпшілікпен бірге болған кәсіпкерлер де жетерлік.
Руханият • 27 Шілде, 2020
Жамбылдың Баркуаб қалашығында қазба жұмыстары жалғасуда
Жамбыл облысының Жуалы ауданында орналасқан Бурное-Октябрьск көне қалашығы ұлттың ұлы тарихының бір бөлшегі. Мұнда ғасырлар қойнауынан сыр шертетін құнды жәдігерлер, ежелгі замандағы елдің елдігін танытатын бағалы дүниелер жетерлік. Оны жергілікті тұрғындар Баркуаб деп те атайды. Атақты араб саяхатшысы Убайдалла ибн Абдалла ибн Хордадбек өз жазбаларында бұл елдімекенді Баркуаб деп көрсеткен екен. Ал, 1893 жылы Ұлы Жібек Жолының бойындағы аталған елдімекенді тапқан белгілі ғалым Василий Бартольдтың жазбаларынан да Баркуаб қалашығы туралы кездестіруге болады.
Қоғам • 27 Шілде, 2020
Бүгінде әлемді әбігерге салып отырған коронавирус індетімен күрес кезінде жамбылдық азаматтар да белсенділік танытуда. Жергілікті кәсіпкерлердің және өзге де қайырымды жандардың атсалысуымен қазіргі кезде Тараз қаласындағы №5 емханаға дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың ірі партиясы жеткізілген.
Аймақтар • 24 Шілде, 2020
Ауыл әкіміне тағылған айып қандай?
Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында жергілікті тұрғындар мен әкімнің арасында келіспеушіліктер туындауда. Нақты айтсақ, Мыңарал ауылының тұрғындары аталған ауылдық округтің әкімі Зүбаржат Қамиеваның қызметте отыруына қарсы. Жергілікті жұртшылық негізінен мұнда соңғы кездері ешқандай жұмыс атқарылмай жатқанын, әкім ауылды гүлдендірудің орнына қайта көпшілікті бір-бірімен араздастырып отырғанын айтады. Тіпті тұрғындар бұл мәселені Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа да жеткізген, - деп хабарлайды Egemen.kz