Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар саны 600-ге жетті
Соңғы тәулікте Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның тағы да 9 жағдайы тіркелді. Атап айтсақ, Тараз қаласында 23 пен 68 жас аралығындағы тұрғындар арасында 6 оқиға анықталған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Таразда бірқатар нысандар қайта жаңғыртылады
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы бірқатар нысандарды аралады. Ол әуелі "Март" сауда және ойын-сауық орталығының жанында орналасқан "Арбат" жаяу жүргіншілер жолының үшінші кезеңінің құрылысымен танысты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 22 Маусым, 2020
Ауыз су мен газ мәселесі өзекті
Бүгінде Жамбыл облысының тұрғындарын ауыз су және газбен қамту өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Өңірде Сарысу, Талас, Мойынқұм және өзге де біраз аудандардағы бірқатар елді мекендер әлі де ауыз су мен көгілдір отын тапшылығын көруде.
Аймақтар • 18 Маусым, 2020
Қордайдағы қираған нысандар қалпына келтірілуде
Жыл басында Қордай ауданында орын алған қақтығыс көпшілік назарын аударған оқиға болды. Жылдар бойы шиеленіскен жағдай шегіне жетіп, соңы қайғылы жағдайға алып келді. Бұл орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жедел үн қатып, Үкіметтік комиссия құруға пәрмен беріп, аудандағы ахуалды реттеуді тапсырған болатын. Сонымен қатар аймақтағы ахуалдың жіті назарда болатынын да айтты.
Қоғам • 18 Маусым, 2020
Шомылу маусымында абайлаған абзал
Жаз мезгілі келе салысымен барлық өңірде суға шомылу маусымы басталады. Әсіресе ауа райы ыстық аймақтарда бұл тұрақты үрдіске айналған. Алайда қауіпсіздік шараларын сақтау – басты талап. Себебі қауіпсіздікті қадағаламаудың соңы қасіретке ұрындыруы мүмкін. Жамбыл облысының аумағында 3 өзен, 100-ден аса су өткізу арнасы, 3 көл, 5 ірі су қоймасы және 102 ұсақ су қоймасы бар. Аталған су айдындарында шомылуға арналған 197 тыйым салу белгілері орнатылған.
Аймақтар • 17 Маусым, 2020
Жамбыл облысында кадрлық ауыс-түйіс көбейген
Соңғы уақытта Жамбыл облысында көптеген кадрлық ауыс-түйіс көбейген. Жыл басында облыс әкімі қызметін атқарып жүрген Асқар Мырзахметов кетіп, оның орнына Премьер-Министрдің орынбасары қызметіндегі Бердібек Сапарбаев келген болатын. Содан бері күні бүгінге дейін облыс әкімінің төрт бірдей орынбасары ауыстырылды. Білім, туризм сияқты бірқатар басқармалардың басшылары жаңарды. Қордай ауданының әкімі ауысты, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 17 Маусым, 2020
Таразда Абай мен әл-Фараби бейнеленген мурал салынды
Бүгінде Тараз қаласындағы тұрғын үйлердің қасбетіне де айрықша көңіл бөлінуде. Екі мың жылдан астам тарихы бар көне шаһардың сәулетін арттырған жобалар легі жалғасын табуда. Қазіргі кезде көпқабатты үйлердің қасбеттеріне әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы сияқты тарихи тұлғалардың және өңірдегі тарихи орындардың суреттері салынуда. Бұл ретте "Тұрғын үй жөндеу – Тараз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Тараз қаласындағы Төле би, Тәуке хан, Абай, Жамбыл даңғылдарының бойындағы 35 тұрғын үйдің сыртына безендіру жұмыстарын жүргізуде, - деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 16 Маусым, 2020
Вакцина шығаратын зауыт салынады
Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Премьер-Министр Асқар Мамин Тараз қаласында, Жамбыл және Байзақ аудандарында, сондай-ақ Қордай ауданының Масанчи, Қаракемер, Сортөбе және Қордай ауылдарында болып, өңірді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылу барысымен танысты.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар саны артуда
Соңғы уақытта Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырғандардың саны артуда. Бір аптаға жетпейтін мерзім ішінде қауіпті індетпен ауырудың 29 дерегі тіркелді. Олардың негізінен Тараз қаласынан анықталған. Сонымен қатар Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов және өзге де аудандардан коронавируспен ауырған тұрғындар анықталған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Таразда бүгіннен бастап қоғамдық көліктер өз жұмысын бастады
Коронавирус індетінің алдын алу мақсатында Жамбыл облысында карантин енгізілгелі бері қоғамдық көліктер де өз жұмысын тоқтатқан болатын. Алайда өңірдегі карантин режимі жеңілдетілгенде де автобустар жүрген жоқ. Бірақ бүгінде облыста карантин режимі қайта күшейтілді. Дегенмен қоғамдық көлік мәселесі де тұрғындар тарапынан жиі көтерілген мәселеге айналды, - деп хабарлайды Egemen.kz.