Аймақтар • 01 Сәуір, 2020
Б.Сапарбаев: Құрылған мобильдік топтардың жұмысы сәтсіз жүргізілді
Жамбыл облысының әкімі Бердібек облыстық жедел штабтың кезекті отырысын өткізді. Жиында азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу және оның алдын алу шаралары әңгімеленді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов өңірде COVID-19 вирусымен ауырған адамдардың саны бұған дейін тіркелген 3 жағдаймен қалып отырғанын жеткізді.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2020
Жамбыл облысы: Қант қызылшасын өткізу мәселесі өзекті
Көктем мезгілінің ауыл шаруашылық саласына тың серпін беретіні сөзсіз. Мал төлдеп, көктемгі егіс дала жұмыстарының қызатын кезі. Бүгінде облыс орталығымен іргелес жатқан Байзақ ауданында асырушы сала алға басуда.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2020
Жамбыл облысында жалған ақпарат таратқан адам ұсталды
Жамбыл облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын ұсталды. Ол әлеуметтік желілер арқылы «Дүйсенбіден бастап Шу ресми түрде карантинге жабылады» деген жалған ақпарат жариялаған.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2020
Ақмола тұрғыны Жамбыл облысы аумағында болған
Бүгінде әлемді шарпыған коронавирус індеті елімізге де келді. Ел-жұртты әбігерге салған індеттің алдын алуда қазіргі кезде елімізде тиісті шаралар қабылдануда. Өкінішке қарай, ағымдағы жылғы 15-18 наурыз аралығында коронавирустан қайтыс болған Ақмола облысының тұрғыны тіркелгендігі хабарланған болатын. Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, Ақмола тұрғыны Шу және Меркі аудандарының аумағына келіп-кеткен.
Аймақтар • 31 Наурыз, 2020
Әулиеатада әлеуметтік желілер арқылы онлайн-байқаулар өтеді
Бүгінде коронавирус індетінің таралуына байланысты елімізде төтенше жағдай енгізілгені белгілі. Еліміз бойынша оқушыларды қашықтықтан оқыту жүзеге асуда. Жастардың үйде отырған уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру мақсатында Жамбыл облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы онлайн жарыстар, дәрістер мен басқа да оқыту іс-шараларын өткізуді қолға алып отыр.
Аймақтар • 31 Наурыз, 2020
Жамбыл облысының барлық аудандарында сақтық күшейтілуде
Бүгіннен бастап Жамбыл облысының аумағында шектеу шаралары енгізілді. Ірі сауда орындарының, киім базарларының, мейрамхана, монша, шаштараз сияқты әлеуметтік нысандардың жұмысы тоқтатылды. Облыс аумағына кіретін, шығатын көлік қозғалысы шектелді.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2020
Жамбыл облысында «Аспара» гидроторабы іске қосылды
Бүгін Жамбыл облысының Меркі ауданында қайта қалпына келтірілген «Аспара» гидроторабы мен қосымша сумен қамту трактісі іске қосылды. Шараға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен еліміздің экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов қатысты.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2020
Жамбыл облысының еріктілері коронавирус індетінің таралуына байланысты елімізде төтенше жағдай енгізілгеннен бастап, күн сайын өңірдегі барлық қала мен аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Әлемді шарпыған індеттің алдын алу мақсатында әулиеаталық еріктілер өздері тіккен 10 мың дана медициналық маскаларды қала тазалығына жауапты жұмысшылар мен тұрғындарға таратты.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2020
Жамбыл облысының аумағында шектеу шаралары енгізіледі
Әлемді әбігерге салып отырған індет Жамбыл облысына да келіп жетті. Өкінішке қарай, облыстың Шу және Қордай аудандарынан 3 жағдай тіркелді. Атышулы індеттің алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 31 наурызында сағат 00:00-ден бастап, Жамбыл облысының аумағында жаңа шектеу шаралары енгізіледі.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2020
Жамбыл облысында ауыл тұрғындары несие алып, мал бағуда
Жамбыл облысында жүзеге асып жатқан ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсартудың пилоттық жобасы аясында Сарысу ауданы, Саудакент ауылының тұрғындары мал шаруашылығын, егін шаруашылығын және шағын бизнесті дамыту мақсатында екі пайыздық мөлшерлеме бойынша несиеге қол жеткізді.