Аймақтар • 22 Наурыз, 2020
Көктал ауылында көшелі іс те, келелі мәселе де бар
Көктал ауылы Талас ауданының орталығы Қаратау қаласынан 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Мұнда 884 үй бар. Тұрғындары негізінен мал шаруашылығымен айналысады.
Аймақтар • 22 Наурыз, 2020
Тараздық полицейлер 50-ге жуық арша көшетін екті
Бүгін Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай Тараз қаласының Полиция басқармасында тәлімгерлер кеңесінің бастамасымен ішкі істер органдарының ардагерлері мен жұмысқа жаңа қабылданған жас мамандар тал отырғызды.
Аймақтар • 21 Наурыз, 2020
Тараздық кәсіпкер медициналық маскаларды тегін таратты
Тараздық «Асыл-Ай» тігін фабрикасының ұжымы мыңнан астам медициналық маска тігіп, оны көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға таратты.
Руханият • 21 Наурыз, 2020
«Тараз» триосына «Тараз қаласының Құрметті азаматы» атағы әлі берілмеген
Ұлттың ұлы құндылығын дәріптеген өнердің әлбетте тынысы кең, ғұмыры ұзақ. Есті әнді таңдап айтып, ел жүрегіне қайталанбас қоңыр әуен арқылы жол тапқан өнерпаз да ел есінде сақтала бермек. Ән қонған Әулиеата жерінде әуелі «Алатау» болып құрылып, кейіннен «Тараз» триосы болып өзгерген өнер иелеріне деген елдің құрметі ерекше.
Аймақтар • 21 Наурыз, 2020
Әулиеаталық әлеуметтің қауіпсіздігі қандай?
Бүгінде Жамбыл өңірінде мейлінше сақтық шаралары күшейтіліп, оған тиісті мекемелер жұмылдырылуда. Әсіресе бүгінгідей кезде тұрғындар үшін медициналық масканың қажеттілігі артады. Бұл орайда Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылында орналасқан «Super Pharm» ЖШС фармацевтикалық зауытына барды.
Аймақтар • 21 Наурыз, 2020
Жамбыл облысында блок-бекеттер өз жұмысын бастады
Коронавирус індетінің алдын-алу мақсатында Жамбыл облысының аумағында блок-бекеттер өз жұмысын бастады. Оларды орнатудағы негізгі мақсат – халықты ақпараттандыру, азаматтардың қозғалысын бақылау және жолаушылардың дене қызуын өлшеу.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2020
Жамбылда Қырғыз елімен өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік бекеттер құрылды
Коронавирус індетінің алдын-алу мақсатында Жамбыл облысында медицина ұйымдарының дайындығы қамтамасыз етілген. Бүгін өткен баспасөз брифингінде Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов коронавирустық инфекциясымен ауыратын науқастарды госпитализациялау және емдеу үшін 80 төсек-орыны бар инфекциялық стационар, 320 төсектік провизорлық стационар, оның ішінде 16 реанимациялық төсек ұйымдастырылғанын мәлімдеді.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2020
Қаратауда бейіт қоршауын ұрлағандар ұсталды
Жамбыл облысында полицейлер бейіт қоршауын ұрлағандарды ұстады. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Талас аудандық полиция бөліміне аудан орталығы Қаратау қаласының 38 жастағы тұрғыны әлдекімдердің туыстарының бейітіндегі шойын қоршауларды бұзып, ұрлап кеткендігі туралы хабарлаған.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2020
Медициналық маскалар 70 мың данаға дейін артты
Коронавирус кеселінің салдарынан тұрғындар тарапынан медициналық маскаларға деген сұраныстың артуына байланысты Жамбыл өңірінде аталған тауарға деген тапшылық туындаған болатын. Тараз қаласындағы көптеген дәріханалардан маска таба алмай әбігерге түскен халық бұл туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге жазды да. Енді тұрғындардың медициналық маскаларға деген сұранысын қанағаттандыру, тапшылықты жою мақсатында Жамбыл облысының әкімдігі жергілікті фармацевтикалық зауыттармен бірлесіп өндіріс көлемін ұлғайтатын болды.
Қазақстан • 19 Наурыз, 2020
«Тараз» ӘКК жұмысына әкімнің көңілі неге толмайды?
«Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өңірдегі іргелі мекеменің бірі. Корпорацияның басқарма төрағасы Нүркен Шәрбиевтің айтуынша, «Тараз» ӘКК өз қызметін перспективалы және бәсекеге қабілетті инвестициялық жобаларды іске асыру, облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру және өңірлік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттары бойынша жүргізеді.