Аймақтар • 04 Наурыз, 2020
Әулиеата туризмін дамыту – әлеуетті мәселе
Өткен жылы Жамбыл облысының аумағында жалпы құны 12 182,0 миллион теңгені құрайтын 34 инвестжобалар іске асырылған. Олардың ішінде қонақүй, мейрамхана, демалыс аймақтары, мәдени орталықтар, жол бойындағы сервистік кешендер, киіз үй қалашықтары, таушаңғы базасы сияқты нысандар бар. Аталған нысандар туристерді тарту мақсатында Тараз қаласында және Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Сарысу, Т.Рысқұлов, Талас, Шу аудандарында орналасқан.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2020
Жамбыл облысында 659,4 мыңнан астам тұрғын мемлекет тарапынан сақтандырылған
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілгеніне екі айға жуықтады. Бүгінде аталған жүйе толыққанды жұмыс істеп келеді. Ал Жамбыл облысы реформаның алғашқы айында қандай нәтижелерге қол жеткізді? Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте айтылды.
Қоғам • 04 Наурыз, 2020
Ара шаруашылығы көпшілік үшін елеусіз кәсіп сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ оның ерекше табысқа кенелтетін шаруаның бірі екенін уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Дегенмен, таңсық кәсіпке екінің бірі тәуекел етіп, табан тірей бермейді. Кәсіптің табиғатын түсіну де маңызды.
Абай • 04 Наурыз, 2020
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Желсіз түнде жарық ай» атты композициялық кеш өтті.
Аймақтар • 03 Наурыз, 2020
Өзге өңірдің өнімдеріне мұқтаж
Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы саласына қолайлы аймақ болғанымен, бүгінде тұрғындарға қажетті көптеген өнімді өзге өңірлерден тасымалдап келеді. Облыс орталығындағы «Ауыл-Береке» базарында саудаланып жатқан бірқатар өнім жергілікті емес. Бұл ретте саудагерлер өзге өңірдің өнімдеріне сұраныстың жоғары екенін айтады.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2020
Таразда «Бақытты отбасы» орталығы ашылды
Тұрғындар арасындағы түрлі әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында Тараз қаласында «Бақытты отбасы» орталығы ашылды. Аталған орталық бір күнде 100 адамға қызмет көрсетеді. Отбасы институтын қолдау орталығы 2020-2021 жылдарға арналған Жамбыл облысының жол картасын жүзеге асыру мақсатында «Nur Оtan» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында жүзеге асып отыр.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2020
Қордай ауданында «Атамекен» қолдау орталығы» ашылды
Жамбыл облысының Қордай ауданында «Атамекен» қолдау орталығы» ашылды. Аталған жоба «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлесуімен іске асырылуда.
Қоғам • 02 Наурыз, 2020
Алғыс айту күніне орай Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем – Қазақстан» атты мерекелік шара өтті. Айтулы шараға 5000 адам қамтылды.
Президент • 01 Наурыз, 2020
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай ауданында болды
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының Қордай ауданында болып, Қаракемер ауылының тұрғындарымен кездесті. Президент кездесуде 1 наурыз – Алғыс айту күні Қордай ауданына жұмыс сапарымен арнайы келгенін айтты.
Аймақтар • 29 Ақпан, 2020
Әулиеатада Алғыс айту күні аталып өтті
Еліміздегі Алғыс айту күніне орай Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем – Қазақстан» атты мерекелік шара өтті. Айтулы шараға 5000 адам қамтылды.