Хамит ЕСАМАН
Хамит ЕСАМАН«Egemen Qazaqstan»
1129 материал табылды

Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020

Жамбыл облысында бір түнде 206 бас қойды қасқыр қырып кетті

Жамбыл облысында қыс келіп, күн суытқалы бері әсіресе ауылды жерлерге түз тағылары тыным бермей тұр. Осы уақытқа дейін өңірдегі бірқатар шаруашылықтың малы қасқырларға жем болған еді.

Аймақтар • 28 Қаңтар, 2020

Жамбылға Қытайдан келген 37 адам қатаң медициналық бақылауда

Қытайдан шыққан коронавирустық инфекция бүкіл әлемді дүрліктіруде. Қауіпті кеселдің алдын алу мақсатында елімізде де жан-жақты сақтық шаралары жүргізілуде. Жамбыл облысының аумағында да санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды күшейту мақсатында жұмыстар атқарылуда.

Тағайындау • 28 Қаңтар, 2020

Жамбыл облысында еліміздегі ең жас басқарма басшысы тағайындалды

Президенттік жастар кадр резервінде тұрған Әбілхайыр Тамабек Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл облысы әкімдігінің Жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының басшысы – бас мемлекеттік инспектор болып тағайындалды. Бүгін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Мұратхан Шүкеев басқарма басшысын ұжымға таныстырды.

Аймақтар • 28 Қаңтар, 2020

Тараздық тұрғындардың тілегі көп

Тараз қаласындағы «Астана» мөлтекауданында орналасқан №53 мектепте қала әкімі Айтқазы Қарабалаев өткен жылды қорытындылап, есеп берді. Кездесу барысында әкім өткен жылы көне шаһардың түрленгенін, бірқатар нысандар салынып, ел игілігіне берілгенін атап өтті.

Аймақтар • 28 Қаңтар, 2020

Таразда тағы да 80 пәтерлі үй пайдалануға берілді

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы тапсырмасы Жамбыл облысында жүйелі жүзеге асып келеді. Жыл басынан бері тараздық тұрғындар үздіксіз қоныс тойын тойлауда.

Аймақтар • 24 Қаңтар, 2020

Тараз қаласының «Шөлдала» шағын ауданына газ берілді

Осы уақытқа дейін Тараз қаласының аумағындағы «Шөлдала» шағын ауданы тұрғындарының басты мәселесі көгілдір отын болып келді. Қалаға қосылғанына біраз жыл өтсе де бұл алқаптың басты мәселесі газ болып қала берген.

Аймақтар • 24 Қаңтар, 2020

Халық қалаулылары Жамбыл жастарымен жүздесті

Тараз қаласындағы «Шерхантану» рухани-мәдени орталығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысы өтті. Аталған жиынға Парламент Мәжілісі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлшара Әбдіхалықова және Әбдіманап Бектұрғанов, Бақытбек Смағұл, Жамбыл Ахметбеков, Нұрлан Әлімжанов және де бірқатар Мәжіліс депутаттары қатысты. «Жастар жылының» қорытындысына арналған жиынды Гүлшара Әбдіхалықова ашып, жүргізіп отырды.

Руханият • 24 Қаңтар, 2020

Ұлы хакім ұлағаты ұрпаққа үлгі

Биыл қазақ әдебиетінің алыбы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл. Жуырда Қазақстан Республи­касының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты кең көлемді мақаласы жарияланды. Сонымен қатар, Президент тапсырмасымен халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты түрде атап өту үшін мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Тарих • 24 Қаңтар, 2020

Черняевтің хаты һәм Әулиеата қасіреті

Тарихта көне Тараз, жалпы Әулиеата аймағының кезінде ең әуелі Ферғана соғдыларының мекені болғаны, кейіннен Қарахан мемлекетінің астанасы болғаны, жалпы бұл өлкенің бай тарихы туралы көп айтылады. Сонымен қатар ұлттың басына төнген тағдырлы жылдардың да шежіресі сақталған. 1864 жылы Әулиеата аймағына ақ патша әскерінің келгені де тарихтағы тағдырлы кезеңнің бірі еді.

Аймақтар • 23 Қаңтар, 2020

Бесағаштықтардың берекелі бастамасы

Ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар бүгінде жергілікті халықтың ырысына айналуда. Сонымен қатар Жамбыл облысында қолға алынған өңір тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыруға бағытталған жоба бүгінде өз нәтижесін беруде.