Жоба • 30 Сәуір, 2024
Ауызсу мөлшерін арттыратын жоба
Ақтау қаласында ауызсу тапшылығы қашанда өзекті. Мәселені түбегейлі шешпегенмен, жеңілдету жолындағы мүмкін бағыттар қарастырылып, жұмыстар жоспарланып отыр. Өңірде аталған мәселені еңсеру бағытындағы нысанның бірі – «Құйылыс-Меловое» кен орны.
Қоғам • 18 Наурыз, 2024
Ұлттық киім тек Наурыз айының айшығы ма?
Жыл – он екі ай, ал наурыз қазақтың меншікті айы секілді. Неге екенін білмеймін, ұлттық тағамы, ұлттық киімі, ұлттық салт-дәстүрі мен мәдениеті, ұлттық аспаптары мен қолөнері бар ұлттың айы да бар сынды. Өйткені наурыз айын аңсай жетіп, табалдырығынан аттай бере мерекелер көрігін қыздырып, көңілі арқа-жарқа бола жөнелетін қазақ осы айдың 14-інде Амалды қарсы алып, құшақ айқастыра көріседі, 21-інде Ұлыстың ұлы күнін тойлайды.
Ғылым • 05 Наурыз, 2024
Маңғыстаудағы Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті кейінгі жылдары өз қызметін өңірдің өзекті ғылыми-техникалық мәселелерін шешуге бағыттап отыр. Мұнайлы өлкедегі ең басты мәселенің бірі ауызсу тапшылығы десек, жоғары оқу орны аясында осы бағытта ауқымды ғылыми жоба қолға алынды.
Өнер • 08 Ақпан, 2024
Кейінгі жылдары Маңғыстауда түйе, қой жүндерін қажетке жаратуға баса мән беріліп келеді. Осы арқылы өңделген түйе, қой жүнінен түрлі бұйымдар жасап, табыс табуға қызығушылар қатары күн санап көбею үстінде. Мысалы, Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылының тұрғындары «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында түйе, қой жүнін сұрыптап, түрлі кәдесыйлар, ойыншықтар, киімдер мен әртүрлі бұйым жасап, саудаға шығара бастады.
Құтқарушы • 22 Қаңтар, 2024
Өмірде тосын, төтенше жағдайлар болмай тұрмайды. Қиын кезде қиналғанның қасынан табылып, ауыртпалығын бірдей көтерісетін құтқарушылардың орны бөлек.
Экология • 21 Қаңтар, 2024
Ақтау қаласының маңындағы Қаракөл жасанды көлі – әсіресе қыс мезгілінде ұшып келетін сан түрлі құстың жиналатын мекені. Биыл көл сыбырлақ аққулар үшін қолайлы болмады. Былтырғы желтоқсаннан бергі бір ай ішінде мыңнан астам аққу өлексеге айналды. Қаңтар айының 18-не дейінгі мәлімет бойынша 1 018 құстың өлексесі тіркелген болса, соның 41-і Қарақия ауданындағы теңіз жағалауынан табылған. Бұл жағдай тұрғындардың алаңдаушылығын туғызып, әлеуметтік желі бетінде түрлі қоғамдық пікір-болжамның тарауына негіз болды.
Экология • 15 Қаңтар, 2024
Маңғыстауда орнитолог мамандар тапшы
Ақтау маңындағы Қаракөл – еліміздегі қорғалатын орнитологиялық мекендердің бірі. Бұл көлге сан мыңдаған құс қонып, осында қыстап қалады. Жылда Қаракөлге құстың 175-тен аса түрі келеді. Уақытша аялдайтын құстар да бар. Мұнда «Қызыл кітапқа» енген құстың түрі – 21.
Шаруашылық • 04 Қаңтар, 2024
Балық шаруашылығы – Маңғыстауда кең қанат жаймаса да, өзіндік тыныс-тірлігі бар сала. Өңірдегі 169 балық бригадасында 811 балықшы бар. Балық аулауға арналған 33 аймақ Түпқараған мен Қарақия аудандарында орналасқан. Балық шаруашылығында түйткілді мәселе де бар. Сол себепті өңірдегі балықшылар мәселелері, саладағы кадр тапшылығы өңірлік кәсіпкерлер палатасында арнайы ұйымдастырылған семинарда талқыланды.
Қазақстан • 31 Желтоқсан, 2023
Жаңа жыл қарсаңында күллі еліміз, соның ішінде маңғыстаулықтар үшін сүйінші хабар жетті. Адай жылқысы асыл тұқым мәртебесін алып, осы құжатпен қазақтың бренді ретінде дүниежүзіне танылатын болды. Бұл мәселе «Egemen Qazaqstan» газеті бетінде 2012 жылдан бері бірнеше мәрте көтерілді. Ал 2022 жылы 13 қазанда адай жылқысын ұлттық бренд ретінде тану күн тәртібіне шығарылды. Артынша Маңғыстауға сапармен келген Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев адай жылқысын ұлттық бренд ретінде тануды жүзеге асыру бойынша мамандарға тапсырма берді.
Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2023
Ақтау қаласындағы NIS мектебінің оқушылары Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық кітапханада «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар шеруін өткізді.