Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1188 материал табылды

Спорт • 17 Желтоқсан, 2019

Оралда жаңа спорт алаңдары ашылды

Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесі күні «Самрұқ-Қазына» АҚ компаниялар тобының «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры оралдықтарға екі спорт алаңын сыйға тартты. Жаңа алаңдар қаланың «Құс фабрикасы» және «Балауса» аудандарында орналасқан.

Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2019

Батысқазақстандықтар мемлекеттік марапатқа ие болды

Тәуелсіздік күні қарсаңында бір топ батысқазақстандық мемлекеттік наградаларға ие болды. Кеудесіне орден-медаль тағылған жандардың арасында танымал өнер жұлдыздары да, қарапайым еңбек адамдары да бар.

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

«Орал: Қазақстанның Батыс қақпасы» атты көрме ашылды

Батыс-Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Орал: Қазақстанның Батыс қақпасы» атты фотокөрме ашылды. Көрмеге Батыс Қазақстан облысының қасиетті және тарихи орындары, табиғи нысандары мен археологиялық ескерткіштері, сонымен қатар, қазіргі кездегі көпшілік жиналатын мәдени орындарды көрсететін фотолар қойылған.

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

БҚО-да жастар сыйлығы табысталды

Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының дәстүрлі жастар сыйлығы табысталды. «Жыл үздігі - 2019» сыйлығын биыл әр салада үздік нәтиже көрсеткен 12 қыз-жігіт иеленді. Жеңімпаздарға арнайы диплом мен сыйқадеге қоса 100 мың теңгелік сертификат табыс етілді.

13 Желтоқсан, 2019

Оралда «Жаһанша оқулары» аясында халықаралық конференция өтті

Орал қаласында ІІ «ЖаҺанша оқулары» аясында «Қазақ зиялылары ұлттық тәуелсіздік жолында: ХХ ғасырдың бірінші ширегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ғылыми жиынды Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен Жаһанша Досмұхамедұлы атындағы жоғары педагогикалық колледж ұйымдастырды.

Қоғам • 11 Желтоқсан, 2019

Махамбет университеті үздіктерін анықтады

Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Жастар жылын қорытындылап, әр түрлі сала бойынша үздік студенттеріне «БҚМУ Жұлдызы» сыйлығын табыс етті.

Руханият • 11 Желтоқсан, 2019

«Жусан» операциясы жайлы қойылымның премьерасы өтті

Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры Қазақстанда алғаш рет Президент пәрменімен жүзеге асырылған «Жусан» операциясы жайлы спектаклді көрерменге ұсынды.

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2019

Оралда «Business Power-2019» бизнес форумы өтті

Орал қаласында өткен «Business Power-2019» бизнес форумына Қазақстанның батыс өңірінде орналасқан төрт облыстан 700-ге жуық адам қатысқан. «Бұл еліміздегі аймақтық ең ірі форум» дейді шараны ұйымдастырушы «Business Power» компаниясының құрылтайшысы Айнаш Бижанова.

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2019

Батыс Қазақстан облысында газ кешені іске қосылды

Батыс Қазақстан облысындағы Чинарев мұнайгаз конденсат кен орнында табиғи газды ауыр көмірсутегінен тазартып, техникалық пропан, тауарлы құрғақ газ, пропан-бутан қоспасы және қалыпты газ конденсатын алуға болатын жаңа кешен жұмысын бастады. «Жайықмұнай» компаниясының соңғы үлгідегі №3 газды кешенді дайындау қондырғысын іске қосу рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев арнайы барды.

Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2019

Оралда жастар бастамаларын қолдау жақсы

Биыл жыл басынан бері Орал қаласында 360 адам «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша «Кәсіпкерлік негіздері» курсын тәмамдап, 120 жас тегін мемлекеттік грант жеңіп алды. Бұл жөнінде Орал қаласы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысында хабарланды.