Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1712 материал табылды

Технология • 04 Желтоқсан, 2019

Апаттың алдын алу цифрлы жүйелерге жүктелді

Алматыда сел қаупіне мониторинг жүргізу жүйесі іске қосылды. Журналистерге арналған брифинг барысында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, генерал-майор Серік Әубәкіров төтенше жағдайлардың алдын алу, сел қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Ақсай мен Аюсай бөгеттерінің құрылысына қатысты ақпараттармен бөлісті.

Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2019

«Астана» телеарнасының басшылығымен кездесу өтті

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған шаралар аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Астана» телеарнасының Бас директоры, белгілі тілші, медиа-менеджер және университетіміздің түлегі Құрманбек Жұмағалимен кездесу өтті. Кездесу жастардың рухани дүниетанымын дамыту үшін университет пен телеарна арасында байланыс орнатып, студенттер мен жас оқытушыларды отандық және әлемдік медиа нарықтың үздік жұмыстарымен таныстыруды мақсат етеді.

Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2019

«Қазіргі Қазақстан. Елбасының көшбасшылығының сабақтары» Жалпыреспубликалық ашық сабақ өтті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Тұңғыш Президенті күніне орай «Қазіргі Қазақстан. Елбасының көшбасшылығының сабақтары» Жалпыреспубликалық ашық сабақ өтті.

Әдебиет • 02 Желтоқсан, 2019

Абай мен Жамбыл шығармалары армян тіліне аударылды

Ереванда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай армян тіліне аударылған «Қазақ әдебиетінің антологиясы» кітабының тұсаукесері өтті.

Қоғам • 02 Желтоқсан, 2019

Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік күні қарсаңында кинологтар арасында жарыс өтті

ҚМ ҚМК Кинологиялық орталығы Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында кәсіби шеберлікті арттыру, жұмыс тәжірибесімен, дағдыларымен алмасу және ҚР Құқық қорғау және арнайы органдарының кинологиялық қызметтері арасында үздік команданы анықтау мақсатында, Алматы қаласы Кинологиялық орталығы Құқық қорғау және арнайы органдардың кинолог-мамандары арасында жарылғыш заттарды іздеу бойынша I-ші ведомствоаралық жарыстар өткізді.

Аймақтар • 30 Қараша, 2019

Алматы музейінде «Живая память» монографиясы таныстырылды

Алматы музейінде Open Mind жобасы аясында жарыққа шыққан «Живая память» жинағы мен көрменің бас демеушісі Сорос-Қазақстан қоры «Адам құқықтары» бағдарламасы аясында жарыққа шыққан «Живая память» ұжымдық монографиясының тұсаукесері өтті.

Аймақтар • 30 Қараша, 2019

Алматы Энергетика университетінде Елбасы күніне дөңгелек үстел өтті

Алматы энергетика және байланыс университетінде 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай  «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» дөңгелек үстел басындағы әңгіме өтті.

Руханият • 30 Қараша, 2019

Алматы музейі - қаланың креативті жобалары қатарына кіреді

Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев «Жаңа қала» жобасында Алматы музейлерінің заманауи сипатта дамитынын атап өткен болатын. Негізі 2001 жылы қаланған Алматы музейі Жетісу өңірінің тарих-мәдени мұраларының барлық саласын қамтыған ірі ғылыми және мәдени орталық.

Аймақтар • 29 Қараша, 2019

Алматы аула клубтарының үздіктері анықталды

Алматыда аула клубтарының талантты жасөспірімдері мен жастарының қатысуымен «Конкордия» театрында есеп беру гала-концерті өтті.  Балалар мен жастар шығармашылығын қолдау мақсатында ұйымдастырылған шараны  Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры өткізіп отыр. 

Аймақтар • 29 Қараша, 2019

Тұңғыш Президенті күніне орай фотокөрме ашылды

Қала метросының «Байқоңыр» бекеті әп-сәтте жастардың думанды дауысымен жаңғырып, домбыра үніне ұласты. Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры «Метрополитен» КМК басшылығымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған фотокөрмені ашты. Көрмеде Елбасының 2019 жылы жастармен бірге түскен суреттері де қойылды.