Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1798 материал табылды

Халық • 18 Мамыр, 2023

«Деміккен» демография

Сарапшылардың уәжіне сүйенсек, еліміз демографиялық дағдарыс жағдайында тұр. Ішкі миграциялық үдерістердің бақылаудан тыс қалуы аймақаралық теңгерімсіздікке соқтырып, әлеуметтік-экономикалық салмақ ірі қалалардың «мысын» басып, тынысын тарылтып жатыр.

Тәрбие • 17 Мамыр, 2023

Тәрбие мен саламаттылық зәрулігі

Республикада мектепке дейінгі тәрбие ошақтарында 200 мыңнан астам орын жетіспейді. Бүгінде еліміздегі 11 мыңға жуық балабақшаның 5 мыңнан астамы жекеменшік секторға тиесілі. Мектепке дейінгі жекеменшік тәрбие ошақтарының көбеюін мамандар бәсекелес ортаның қалыптасуына ықпал ететін жағымды үрдіс деп бағалап отыр.

Қоғам • 15 Мамыр, 2023

Жазушылар одағы: жаңа төраға, жаңа міндеттер

Абай атындағы Қазақ ұлттық ака­демиялық опера және балет театрында Қазақстан жазу­шы­ларының XVI құрылтайы өтті. Тоқсан жылдық белесінде тұр­ған Жазушылар одағының дәс­түрлі құрылтайына еліміз өңір­ле­рі­нен 500-ден астам делегат, алыс-жақын ше­тел­дерден құр­мет­ті қо­нақ­тар, мәдениет және ғы­лым қайраткерлері қа­тысты.

Алматы • 14 Мамыр, 2023

Сарыбаевтар ұлықталған күн

Биыл көрнекті ғалым, қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаған Шамғали Сарыбаевтың туғанына 130 жыл толып отыр. Айтулы датаға орай Сарыбаевтар әулеті әр жылдарда тұрған Алматы қаласындағы Абылай хан даңғылы, 113-үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды.

Білім • 06 Мамыр, 2023

Қосымша гранттың жүгі

Ұлттық бірыңғай тестілеуге санаулы күндер қалды. Алайда биылғы түлектер білім гранттарынан әлі бейхабар. Тізімді тиісті министрлік жариялаған жоқ. Сарапшылардың уәжіне құлақ түрсек, жыл сайын мамандар тарапынан талқыланып, ұсыныс айтылғанмен, бұл мәселе шешімін таппай келеді. Салдарынан білім саласында мамандарды да, ата-аналар мен түлектерді де әбігерге түсірген «игерілмеген грант» ұғымы пайда болды.

Алматы • 06 Мамыр, 2023

Отандық «бұлтты» сервистердің жай-күйі

Көптеген әлем еліндегідей Қазақстанда да «бұлтты» сервис­терге сұраныс артып келеді. Қандай да бір деректер қорын сақтауда «бұлтты» сервистер ауқымының кеңеюі ақпараттық қауіпсіздікті сақтаумен қатар компаниялардың экономикалық дамуына ықпал етіп жатыр.

Қоғам • 04 Мамыр, 2023

Азаттықтың ақтаңгері

Тәуелсіздік ұғымын, жалпытүріктік идеяны ту етіп ұстап, қазақ халқының болашағына алаңдаған біртуар тұлғалардың қатарында Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреа­ты, ұлт-азаттық қозғалыстың зерттеушісі, журналист Хасан Оралтайдың есімі ерек аталады. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Хасан Оралтай және ел тәуелсіздігі үшін қызмет етудің құндылығы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция қайраткер тұлғаның туғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Технология • 04 Мамыр, 2023

«Digital Farabi» студенттер форумы өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Digital Farabi» студенттік ІТ форумы өтіп, онда саланың білікті мамандары, ірі компания басшылары, бизнес өкілдері мен инвесторлар бас қосты.

Технология • 27 Сәуір, 2023

Технологияны коммерцияландыру жолы

Экономиканың бәсекеге қабілеттілігі кәсіпорынның инновациялық мүмкіндіктерімен екшеленеді. Сарапшылар экономикалық өсім мен жоғары білім ықпалдастығы сұранысқа сай өнім өндіргенде ғана нәтиже береді деген пікірде.

Экология • 26 Сәуір, 2023

Экологиялық таза сутегін өндірмек

Қолданбалы ғылымды өндіріске бағыттау қазіргі кезде отандық ғалымдар алдында тұрған келелі мәселе. Бүгінде көптеген ғылыми орталық өндіріске лайықты иннова­циялық жоба­ларға мән беріп отыр. Сондай ғылыми орталықтардың бірі – Ядролық физика институты.