Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1864 материал табылды

Алматы • 23 Қазан, 2023

Біліктілігін шыңдап жатыр

Алматыда қыркүйек айынан бері «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курс­тары өтіп жатыр. Бұл техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған.

Көрме • 23 Қазан, 2023

Франкфурттегі кітап жәрмеңкесі

Биыл «Frankfurt Book Fair 2023» 75-меретойлық кітап жәр­меңкесінде қазақ баспагерлері өздерінің озық жетіс­тік­те­рін таныстырды.

Алматы • 23 Қазан, 2023

Бағдарламалау мектебі

Алматыда «Яндекс» бағдарламалау мектебінің кезекті курсы басталды. 2017 жылдың қазан айында Астана және Алматы қалаларында басталған IT негіздерін меңгеруге оқушылардың қызығушылығы өте жоғары.

Қоғам • 18 Қазан, 2023

Мағжан мұрасы түркі дүниесінің жадында

Халықаралық Түркі акаде­миясы мен М.Әуезов атын­дағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдас­ты­руы­мен көрнекті ақын, педа­гог, Алаш қозғалысының қайраткері М.Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына­ орай «Мағжан Жұмабаев мұрасы: түркі дүниесінің рухани тұтастығы мен тарихи сабақтастығы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тә­жі­ри­­белік конференция өтті.

Алматы • 17 Қазан, 2023

Өндіріске дайын өнертабыстар

Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру­ мақсатында «1st business and science event» форумын ұйымдастырды. Ғылыми жұмыстардың нәтижесін бизнес өкілдеріне таныстырған ғалымдар форум аясында өткен көрмеде еліміздің шикізаттық емес әлеуетін дамытуға арналған жобаларын да ұсынды.

Алматы • 16 Қазан, 2023

Ынтымақтастық ықпалы

Алматыда «Бір белдеу – бір жол» бастамасының 10 жылдығына орай Қытай-Орталық Азияның жоғары білім беру саласындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция: индустрия мен білім интеграциясы» ынтымақтастық форумы өтті.

Әдебиет • 12 Қазан, 2023

Мағжан Жұмабаевтың академиялық жинағы жарыққа шықты

Бүгін Достық үйінде халықаралық Түркі академиясы және М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен көрнекті ақын, педагог, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай «Мағжан Жұмабаев мұрасы: түркі дүниесінің рухани тұтастығы мен тарихи сабақтастығы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ғылым • 11 Қазан, 2023

Дәнел МАРҒҰЛАН: Әкемнің мұрасы толық зерттелген жоқ

Академик Әлкей Марғұлан 1975-1985 жылдары тұрған үй бүгінде кішігірім мұрағатқа айналған. Бұл үйде қазір ғалымның қызы Дәнел Әлкейқызы тұрады. Әке мұрасына ыждағатпен қарай отырып, оның әр парағына шаң жуытпай, жарыққа шығарумен айналысып келеді. Кезінде академик Қаныш Сәтбаевтың «Әлкей Марғұланда үлкен қазына бар, оны шашау шығармай қағазға түсіріп алу керек» деп айтқанының дәлеліндей, осы шаңырақта сақталған академиктің хатқа түскен жазба мұрасы жеке зерттеулерге сұранып-ақ тұр. Дәнел апай ғалымның мұрағат қорындағы зерттеулер тақырыбының сан алуан екенін әрі оларды ғылыми айналымға енгізу керегін алға тартты.

Білім • 11 Қазан, 2023

Электронды оқулықтың артықшылығы мен кемшілігі

Жаңа оқу жылынан бастап оқушылар дәстүрлі оқулық түрлерімен қатар электронды оқулықтарды да пайдалана бастады. Қазіргі кезде мектеп оқулықтарының басым көпшілігі цифрлық форматқа көшірілген. Бұл оқушылар сөмкесінің салмағын жеңілдетуге байланысты қолға алынған қадам еді. Алайда заманауи оқулықтардың пайда болуы қоғамда дәстүрлі оқулықтар қолданыстан шығып қала ма деген алаңдаушылық та туғызды. Ата-аналар электронды оқулықтарды, интерактивті құрал-жабдықтарды жиі пайдаланудың бала денсаулығына зиянын да айтып дабыл қағып отыр.

Ғылым • 05 Қазан, 2023

Кванттық технология білгірі

PhD Мұхит Құлмағанбетов – Гонконгтегі кванттық офтальмология зертханасының жетекшісі. Ол Гонконг политехникалық университеті мен Канададағы Уатер­лоу университетінің келісі­мі­мен ашылған зертханада ға­лымдар тобымен лазердің квант­тық параметрлерін пайдаланып, көздің диагностикалық құрыл­ғысын әзірлеу үстінде. Бұл құрыл­ғы көздің торлы қабығының нейро­де­генеративті ауруларын, оның ішін­де глаукома, макулярлы деге­нерация, альцгеймер, басқа да ауру­лардың алдын алып, дер кезін­де анықтауға мүмкіндік береді.