Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2020
“Байырғы түркі тілі мен әдебиетін зерттеу мәселелеріне” арналған дөңгелек үстелі өтті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде белгілі түркітанушы ғалым Немат Келімбетовті еске алуға арналған «Байырғы түркі тілі мен әдебиетін зерттеу мәселелері» халықаралық ғылыми дөңгелек үстел өтті.
Білім • 11 Желтоқсан, 2020
Голдберг машинасынан Нобель сыйлығына дейін
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Голдберг машиналарын құрастыру бойынша инженерлік шығармашылық желілік байқаудың нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2020
Жыл волонтері: "Мейірімділік көпірі" және NIS-тің үш жеңісі
Волонтерлар жылының нәтижесі бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің өкілдері бірден үш номинацияда жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 04 Желтоқсан, 2020
Әскери-тарихи ғылымның негізін қалаған
Алматыдағы "Ғылым Ордасының" Орталық ғылыми кітапханасында көрнекті ғалым, академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның ғылымға еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ұлы Отан соғысының ардагері Ақай Нүсіпбековтың құрметіне орай жыл сайынғы дәстүрлі "VІІІ Нүсіпбеков оқулары" өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 04 Желтоқсан, 2020
Алматыда "Ғасырлар толғауы" атты онлайн көрме болды
Алматыда Ұлттық кітапханада "Рухани жаңғыру" аясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы және әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығына орай Республикамыздың барлық аймақтарында көркем еңбек пәнінен сабақ беретіншығармашылықпен айналысатын дарынды ұстаздардың "Ғасырлар толғауы" атты онлайн көрмесі болып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2020
Сәтбаев Университеті "Ғылым үздігі – Web of Science Awards" халықаралық сыйлығын алды
Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қамқорлығымен Clarivate Analytics компаниясы жыл сайын жоғары білім беру орындарының, ғылыми журналдардың, сондай-ақ Қазақстанның жекелеген ғалымдарының өкілдері арасында үздіктерді анықтап, әлемге әйгілі халықаралық Web of Science Citation («Ғылым үздігі») сыйлығымен марапаттайды. Жоғары білім мен ғылыми зерттеулерді дамытуға қосқан үлесі үшін сыйлық жылына бір рет беріледі, лауреаттар саны әлем бойынша 500-ден аспайды. Web of Science платформасы 1961 жылдан бері жұмыс істейді, платформаның негізгі өзегі Web of Science Core Collection мәліметтер базасы болып табылады.
Қоғам • 30 Қараша, 2020
ЕСА кеңсесі ұсынатын бағдарламалар қолжетімді
Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысының білім және мәдениет мәселелері (ECA) жөніндегі көмекшісі Мари Ройстың қатысуымен өткен виртуалды дөңгелек үстел барысында мәдениет саласында, оның ішінде ЕСА кеңсесі ұсынатын бағдарламалар аясындағы екі елдің ынтымақтастық мәселелері сөз болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 30 Қараша, 2020
Әскери тұтқындар есімдері деректер қорына енгізілуде
Бүгінде Қазақстанда тұрып жатқан өзге этнос өкілдерінің II Дүниежүзілік соғыс жылдарында жер аударылу деректері Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен ҚХА хатшылығы бірлесе ұйымдастырған «Екінші дүниежүзілік соғыс және халықтарды Қазақстанға депортациялау: жаңа дереккөздер мен заманауи әдіснамалық тәсілдер» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға арқау болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 30 Қараша, 2020
Алдын алмаудың салдарынан Covid-19 жұқтыру әбден мүмкін
С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры Равиля Егембердиева онлайн-сұхбат барысында коронавирустың көбеюі көп жағдайда профилактикалық шаралардың сақталмауы салдарынан болады деп атап өтті. Яғни, бұқаралық шаралар, әлеуметтік арақашықтықты сақтамау және бетперде кимеу ауыр зардаптарға соқтырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қараша, 2020
"Ұлы дала мұрагерлері" домбырашылар марафоны басталады
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Тұңғыш Президент күні дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар марафонынан бастау алады. NIS-тің барлық YouTube арналарында Құрманғазы мен Дәулеткерейдің, Нұрғиса Тілендиевтің атақты күйлері орындалатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.