Мәдениет • 18 Сәуір, 2024
Көкшеге Шәмші келген көктем еді
1974 жылдың көгілдір көктемі. Көкмұнар сағымға бөленген Көкше қыраттарынан қыс үдере көшіп, жан жадыратар керімсал көктем келген шақта ән ұшып, өлең қонған өлкеге Шәмші келген деседі. Ел есінде сақталған деректерге қарағанда, қазақ вальсінің королі әйгілі Айыртау өлкесіндегі Ақан сері атамыздың жамбасы жерге тиген, қайыңды орманның бауырындағы құлпытасына барып, мінәжат етуге әдейі келдім десе керек.
Өндіріс • 18 Сәуір, 2024
Жылуды сақтайтын оқшаулағыш: Табыс та, түйткіл де бар
«Макинск жылу оқшаулағыш зауыты» серіктестігі жылына 34 мың тонна өнім дайындайды. Бюджетке бір миллиард теңгеге жуық салық төлеп отыр. Серіктестік – еліміздегі базальт шикізатынан жылу оқшаулағыш дайындайтын бірден-бір ірі кәсіпорын. Өнімі де жан ұшырып жарнамалауды қажет етпейді. Қысы суық солтүстік өңірде сапалы жылу оқшаулағыш – қасқалдақтың қанындай қат дүние.
Оқиға • 16 Сәуір, 2024
Үш-төрт жыл бұрын, желтоқсанның жуан ортасында ауылға ат ізін салғанбыз. Мақсат – жылдық азық соғым әкелу. Атадан қалған төл малдың ішінде оң жақ жамбасында бұршақ таңбасы бар торы құнан бар еді. Алдын ала хабарланған жылқышы табынды қотанға иіріпті. Жалғыз мен ғана емес, ауылда жылқы ұстайтын ағайынның бәрі соғым қамында.
Мәселе • 03 Сәуір, 2024
Үлгіліктердің үміті ақтала ма?
Бір жұтым ауызсуға зар болып отырған Үлгі аулының тұрғындарының өкпесі қара қазандай. Үміт отын тұтатқан жоба аяқсыз қалып, қыруар қаржы құмға сіңген судай зым-зия.
Дін • 02 Сәуір, 2024
Елдес ағайынның кенже ұлы өмірден озыпты. Тепсе темір үзетін шағы. Отызға да толмаған. Дауасыз дерт көрінеді. Кейінгі кезде жаман ауру жиілеп кетті. Жаманат хабар жетсе, жұрт атын айтуға жасқанып, «сол емес пе екен?» деп сұрайды. Күдік шынға айналып жатады.
Өндіріс • 01 Сәуір, 2024
Щучинск қаласындағы өнеркәсіптік сүзгілерді шығаратын «Азияфильтр» кәсіпорнының өнімдері сұранысқа ие. Себебі елімізде дәл мұндай кәсіпорын әзірге жоқ.
Қоғам • 28 Наурыз, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында жан азығы – кітап туралы жақсы айтты. Жаңа заман адамының рухани толысуына жетпей жатқаны да осы қазына.
Сұхбат • 19 Наурыз, 2024
Мақсат – айқын, абырой – ортақ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында қызметтің барлық бағыты бойынша нақты міндеттер қойғаны мәлім. Міндет үдесінен шығу үшін өңірде бұл тарапта қандай жұмыс атқарылып жатыр? Тілшіміз Ақмола облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция полковнигі Нұрсұлтан МҰҚАШЕВҚА жолығып, әңгімелескен еді.
Өндіріс • 18 Наурыз, 2024
Қысы суық солтүстік өңір үшін құрылыс саласына қажетті жылу оқшаулағыш материалдар бұрын қасқалдақтың қанындай қат дүние болатын. Қазір Макинск қаласындағы зауыт осы олқылықтың орнын толтырып тұр.
Еңбек • 12 Наурыз, 2024
Төрт жасында әкесі Жұмағали соғысқа аттанды. Анасы Айша – аурушаң. Қамқор болар екі апасы тұрмысқа шығып кетті. Сол жылдардағы елдің жағдайы адам айтқысыз ауыр болды. Жалғыз бұларда ғана емес, төңіректің бәрі толайым солай. Төрт құбыласы түгел шаңырақ жоқ. Әйтеуір, әупірімдеп шықпа жаным шықпалап, өлместің күнін кешті.