Байқал БАЙӘДІЛ
Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
1564 материал табылды

Аймақтар • 06 Қаңтар, 2020

Еліне бүйрегі бұрғандардың еңбегі жанады

Атбасардың Атымтай жомарты атанған «Шуйское-ХХІ» жауапкершілігі шек­теулі серіктестігінің бас­шысы Алтынбек Құр­ман­құловтың ауылдаста­рына жасап отырған қам­қорлығы талайлар тамсанып айтатын әдемі аңыз іспетті. 130 миллион теңгеге жергілікті маңыздағы жолды жөндеген. Білім ошағына, көп балалы аналарға, әлеуметтік нысандарға миллиондаған қаржы бөліп отыр. Аз қам­тылған жерлестерін жүрек жылуымен жылытып отыр­ған ақеділ жанның игілікті іс-әрекеті өзгеге өнеге, өмір­шең үлгі.

Аймақтар • 06 Қаңтар, 2020

Аралас мектептен қашан арыламыз?!

Сәбидің тілі қай тілде шықса, солай қалыптасады. Тір­шілік қағидасы. Ақмола облысында 614 балабақша бар. Жер­гілікті ұлт өкілдері перзенттерінің 63,3 пайызы ғана қазақ топтарына барады. Білім ошақтарының жалпы саны – 560. Оның ішінде аралас мектептер саны 217 болса, орыс тілінде тәлім-тәрбие беретін білім ошақтары – 184. Ал таза қазақ тіліндегі мектептер небәрі 159 ғана.

Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2019

Құтқарушыларға кәсіби кешен ұсынылды

Көкшетау техникалық институты өрт сөндіру мамандарын әзірлеудің аса маңызды тәжірибелік құралы қызу-түтін камерасымен жабдықталды. Өңірлік төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің басшылары және сала ардагерлері жаңа құрылғыны сынақтан өткізді.   

Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2019

Ақмола облысында 426 мектепте инклюзивті сыныптар бар

Ақмола облысының жалпы білім беретін орта мектептерінде 1800-ден астам оқушы инклюзивті сыныптарда оқытылуда. Яғни, бүгінгі таңда білім беру мекемелерінде инклюзивті мәдениетті қалыптастыруға байланысты біршама жұмыстар атқарылуда.

Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2019

Ақмолада өзекті мәселелер аз емес

Облыстық әкімдікте өңірдің өзекті мәселелері талқыланған жиын өтті. Отырыста сумен қамтамасыз ету мәселесі, желілер құрылысы, соның ішінде су тазалығы жайында сөз қозғалды. Сонымен қатар аймақтағы автокөлік жолдарын күтіп ұстау мәселесі де қаралды. Жоспарланған жобаларға қажетті сомалар есептелінді. Өңір басшысы Ермек Маржықпаев жауапты тұлғаларға аталған мәселелерді қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2019

Аудан әкімінің жүлдесі сарапқа салынды

Сандықтау ауданы әкімінінің жүлдесі үшін волейболдан ерлер арасындағы дәстүрлі турнир өтті. Бұл жолы облысымыздың бірнеше аудандарынан келген командалар күш сынасты.  

Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2019

Ақмола облысында ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін зор мүмкіндіктер бар» дей келе, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 4,5 есе арттыруды міндеттеген болатын. Ақмола өңірі аталмыш бағытта ауқымды жұмыстар атқаруда.

Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2019

«Әр баланың өз несібесі бар» – дейді көп балалы отбасының отағасы

Пенде атаулыға туған жерден ыстық, өскен ортадан қадірлі ештеңе жоқ шығар, сірә. Жастық жалынмен асқаралы биікке ұмтылып, талай-талай жоспар құрған. Арман қақпасы алдынан айқара ашылуы да мүмкін еді. Нұр-Сұлтан қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы агротехникалық университетті бітірген кезде жас маманды қолқалап шақырғандар да болды. Тіпті елордада ірге теуіп қалуы да мүмкін еді. Білімді жастың далада қалмайтыны анық қой. Күн санап өсіп келе жатқан, керегесі кеңіп, көркейіп келе жатқан елорда тұрғыны атануды кім армандамас. Әйтсе де, Серік Сәтеміровтің көңілі туған жерге ауа берген. Өзінің өскен қасиетті топырағына барып бір кәдесіне жараса қанеки.

Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2019

Көкшетауда өңірлік комиссиясының кезекті отырысы өтті

Көкшетауда «Nur Otan» партиясының «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты 2016-2021 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасына сәйкес «Жоғары технологияларды дамыту» бағытында өңірлік комиссиясының кезекті отырысы өтті.  

Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2019

Көкшетауда «Шексіз жұмыс» әлеуметтік жобасы бастау алмақ

Облыс орталығында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды бүгінгі заманның тың технологияларын пайдалана отырып, жаңа мамандықтарға баулу мақсатында тегін оқыту қолға  алынбақ. Әлеуметтік жобаның авторы «IndiGo» оқыту орталығы. Оқыту семинарына жазылу басталып кетті. Семинар 2020 жылдың қаңтарында бастау алады деп жоспарланып отыр.