Байқал БАЙӘДІЛ
Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
1700 материал табылды

Мәселе • 24 Қаңтар, 2024

Жылқышының жанайқайы

Елге пайдасы тиетін кез келген кәсіп құрметке ие. Жаздың аптабына күйіп, қыстың суығына тоңып, ақ қар, көк мұзда Қамбар атаның соңынан құтты құрығын сүйретіп жүретін жылқышының еңбегі тіпті ересен.

Еңбек • 24 Қаңтар, 2024

Ел ырысын еселеген

Сап-сары боп теңіздей толқып жататын Сарыарқаның солтүстік қиырында ғайыптан тайып түсіп қалған бір шөкім көгілдір жа­құттай көкөрім Көкшетаудың солтүстік күн­батыс беткейіндегі Айыртау алқабы – сан ақын­дардың жырына арқау болған ғажайып өлке.

Тағзым • 23 Қаңтар, 2024

Ер есімі – ел есінде

Көкшетау қаласының ең бір көрікті жерін­де, ор­талық алаңға таяқ­тастам қашықтық­тағы аллеяда елордалық өрт сөндіруші Асқар Заби­кулинге ес­керткіш қойыл­ды.

Аймақтар • 22 Қаңтар, 2024

Мал бағуға жайылым тапшы

Шоқ жұлдыздай шағын ғана жүзге жуық түтіні бар Ақадыр ауылының бірлігі мен тірлігіне жергілікті жұрт тамсана қарап, тәнті болатын еді. Тағдырдың сан алуан тәлкегіне төтеп беріп, 90-жылдары Моңғолиядан көшіп келіп, атажұртқа, Ақадырға қоныстанған ағайын аз уақыттың ішінде түтіні түзу ұшқан елге айналып еді.

Құрылыс • 22 Қаңтар, 2024

Сақалды құрылыстың сергелдеңі

Кейінгі уақытта құрылыс жұмыстарының сапасына тексеру тиянақты жүргізіліп жатыр. Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті Целиноград ауданындағы Родина ауылындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысын тексерген кезде біраз жайдың басы ашылды.

Мектеп • 22 Қаңтар, 2024

Шұбарды шырайландырған сәт

Ойға алған шаруаның оңынан оңғарылып жатқаны қандай жақсы. Шұбар ауылында 300 оқушыға лайықталған жаңа білім ошағы есігін айқара ашып, ата-аналарды бір қуантып тастады.

Экология • 22 Қаңтар, 2024

Көлге де күтім керек

Көкшетау өлкесі қолдың сала­с­ындай ақ қайың мен мәңгі жасыл қарағайлары қаулай өскен орман-тоғайымен көрікті. Осы бір әдемі суретке қисапсыз кө­гіл­дір көлдерді қоссаңыз, сұ­лулық кенересі мелтектеп тұрар еді.

Туризм • 19 Қаңтар, 2024

Әлем турисін лайықты тарта аламыз ба?

Еліміздегі туризмді табысты салаға айналдыруға талпынғанымызбен, алға ұм­тылған қадамды ілгері бастырмай тұрған сан түйіннің күрмеуі шешілер емес.

Құтқарушы • 17 Қаңтар, 2024

Ел алғысы – үлкен марапат

Айтып келмейтін оқыс оқиғалар кезінде бастарын бәйгеге тігіп, құтқару жұмысын атқаратын азаматтардың еңбегі қашанда алғысқа лайық. Олар ерлік жасадық деп есептемейді. Ең қымбаты – шарапаты тиген адамдардың ақ алғысы.

Ауа райы • 17 Қаңтар, 2024

Қара жолдың үстіндегі қасірет

Қысқы жолдың бойында жазатайым оқиға көп. Түтеген ақ боранның, сақылдаған сары аяздың, қаңтарда жауған жауынның әсерінен пайда болған көктайғақтың салдарынан жолаушылар өміріне қауіп төндіретін оқыс оқиға жиілеген. Бір-біріне соғылып, қаусаған техника өз алдына, жол үстінде ажал құшқандар да аз емес. Апат сыры неде?