Аймақтар • 03 Наурыз, 2022
Қысқы маусым қауіп-қатерге толы. Әсіресе, өрт. Өңірде екі күннің бірінде оқыс оқиғалар орын алып жатады. Материалдық шығын өз алдына, айтпай келген апат тұрғындардың да өмірін жалмауда.
Қоғам • 02 Наурыз, 2022
Ескірген атаулар еңсемізді басып тұр
Өңірде Жол картасына сәйкес биыл облыста 20 елді мекен және 150-ден астам көше атауын жаңғырту жоспарланып отыр. Қазір барлығы 1309 идеологиялық тұрғыдан ескірген атау бар.
Аймақтар • 01 Наурыз, 2022
Қысқы жол қашанда қауіпті. Жар басына жасырғаның жарлауыттың астынан сығалағандай көрініп тұрады. Өңірдегі автожолдардан 64 түрлі келеңсіздіктің беті ашылған.
Ең қысқа әңгіме • 24 Ақпан, 2022
Елден сұрапыл хабар жеткен. Өткен жылы көшіп келген Жеткергеннің үй орманын өрт шалыпты. Оқиғаның қалай өрбігенін, өрттің неден шыққанын әлі ешкім тіс жарып айтқан жоқ. Тек қыстың көзі қырауда қиын болған екен десті жұрт.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2022
Қай кезеңде болсын тұрақты жұмыс орындарын ашу өте маңызды. Екі қолға бір күрек таппай қиналыңқырап қалған ауыл тұрғындары тұрақты жұмыс орындарымен қамтылып, ел көңілінде болашаққа деген сенімділік ұялай бастады.
Ауыл • 23 Ақпан, 2022
Ауылға жайылымсыз жал біте ме?!
Бір шеті мен бір шеті күншілік жер делінетін, сулы, нулы өңірде жайылымның жетіспеушілігі қаны шығып тұрған шетін мәселеге айналды. Дәл қазір облыста бағымдағы мал үшін 1,7 млн гектар жайылым қажет.
Коронавирус • 22 Ақпан, 2022
«Сары аймақтың» санатында да сақтық керек
Өңір коронавирус індетін жұқтыру көрсеткіші бойынша «сары аймақтың» санатына енгенімен, жалпы эпидемиялық ахуал мәз емес. Сондықтан да індеттің беті біржола қайтты деп арқа-жеңді кеңге салуға болмайды.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2022
Өңірде жыл басынан бері ондаған жол-көлік оқиғасы орын алып, апаттың салдарынан 14 бала жарақат алды. Олардың төртеуі жаяу жүргінші болса, қалғандары көліктегі жолаушылар. Осы бір деректерді жалғастыра зерттеп, тиісті мамандардың пікірін безбендесеңіз, ең бірінші себеп бейқамдық екен. Бала біткеннің қауіп қайдан деп ойлап, қаперлеріне іле бермейтіні де бар. Демек, ата-аналар мен ұстаздары айтып келмес апаттың, орны толмас өкініштің алдын алуы керек.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2022
Мемлекеттік тілдің көсегесі қашан көгереді?!
Таяуда Көкшетаудағы зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылардың қатысуымен «Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалы құрылды.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2022
Мұз астындағы оттегі жетіспеуі мүмкін
Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері балық шаруашылығы су айдындарында мониторинг жүргізу барысында Есіл өзенінде балықтың жаппай қырылуы орын алғандығын анықтаған.