Қоғам • 14 Қазан, 2019
Алматыда «Батыл бол» жобасы жалғасуда
Алматыда осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылған «Батыл бол» жобасының тағы бір сайысы мәреге жетті.
Аймақтар • 10 Қазан, 2019
Алматыда «Үш бәйтерек» атты шығармашылық кеш өтті
Алматыда қазақтың аса көрнекті әдебиет өкілдері Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров және Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған «Үш бәйтерек» атты әдеби-сазды кеш өтті. Алаш арыстарының арманын ақиқатқа айналдырған айтулы кеште жырдан шашу шашылып, әсем әуендер көпшіліктің көңілін тербеді.
Руханият • 09 Қазан, 2019
Вашингтонда қазақ қолөнерінің тарихына арналған симпозиум өтті
Вашингтондағы Ұлттық сәулет музейінде «Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнері және креативтік экономика» атты симпозиум өтті. Әлемдегі алдыңғы қатарлы музейлердің бірі Смитсон институтының мамандары және Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің жетекші ғалымдары мен зерттеушілері баяндама жасаған өнер жәрмеңкесі АҚШ-тағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен жүзеге асып отыр.
Руханият • 08 Қазан, 2019
Шығармашылық иесі нысанға алған тақырыбын өз өне бойынан өткізе алмаса, жүрекке де жеткізе алмайды. Кейіпкеріміз Кәріпбек Күйіковті тағдыр қос қолсыз өтуге жазса да, қаншама жанның қабырғасын қайыстырған ауыр қайғының салмағын кенеп бетінде кейіптейтін қуат беріпті. Шығармаларын қылқаламды аузымен тістеу арқылы немесе башпайларының көмегімен жазатын ол адамзат баласына алапат қасірет әкелген ядролық сынақтардың жазықсыз жандарды жалмайтын аяусыз аждаһа екенін айтумен келеді.
Руханият • 07 Қазан, 2019
Қазақ әдебиетінің «Үш бәйтерегіне» арналған конференция өтті
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғалары Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай «Үш бәйтерек мұраты және әдеби дәстүр сабақтастығы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Руханият • 05 Қазан, 2019
Алматыда Шерхан Мұртаза тұрған үйге ескерткіш тақта қойылды
Алматыда Халық жазушысы, сөз өнерінің зергері Шерхан Мұртаза тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта ілінді. Шерағаңның жарқын бейнесін көз алдымызға әкелетін мемориалды тақтайша тәуелсіздіктің елең-алаңында ұлт руханиятының беделін биіктеткен ерен тұлғаның есімін ұрпақ санасында мәңгі әлдилеу мақсатында қойылған. Алматы қаласы әкімдігінің тікелей қолдауымен жүзеге асқан игі шараға жиналған зиялы қауым өкілдері бұл шын мәнінде қазақ сөз өнеріне жасалған құрмет деп есептейді.
Қазақстан • 03 Қазан, 2019
Алматыда «Жол құрылысының өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-конференция өтті
Посткеңестік елдердегі жолдарды жобалау тәсілдері 50 жылдан астам жаңарту көрмеген. Таптаурын болған бұл нормаларды заманға сай жетілдіру ісінде Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының тың талпыныстары халықаралық қауымдастық тарапынан қолдау тауып келеді. Бұл туралы институттың 60 жылдығын атап өту аясында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды.
Аймақтар • 03 Қазан, 2019
Көнеден жеткен жыр-дастандар – өскелең ұрпақты ұлт мұрасын ұлықтауға тәрбиелейтін айрықша құрал. Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының қалалық кезеңі мәреге жетті. Қалың көпшілікті саф өнерге сусындатқан жыр додасы «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасының аясында қала әкімдігінің қолдауымен өтіп отыр.
Руханият • 01 Қазан, 2019
Алматыда алғаш рет отбасылық айтыс өтті
Жөргегінде жыр қасиетін еміп, «сөз құдіретін өз құдіретім» деп таныған қазақ үшін ұлтымыздың ұлы мұрасына баланатын айтыс өнерінің орны бөлек. Сондықтан болар, сұлу сөзге сусап келген тыңдарманды сүмбіле жырдың суатына сүйрей жөнелетін сөз барымтасының бәсіресі сәтке де болса биіктен құлап көрген емес. Аптаның жұмыс күніне қарамастан Республика Сарайына «айтыс тыңдаймыз» деп ағылған ақеділ ағайынның ақжарма көңілі, ақындарына деген алғаусыз махаббаты осы сөзімізді тағы да қуаттай түскендей. Азаттықтың алтын бесігі саналатын Алматы төрінде Nur Otan партиясының тікелей қолдауымен «Отан отбасынан басталады» атты ақындар айтысы өтті. Аты айтып тұрғандай, Алатаудан ағылған жыр тасқыны бұл жолы отбасы құндылықтарын дәріптеп, ұлттық діңіміздің негізгі өзегіне айналған ата өсиетін, әже қасиетін жадымызда жаңғыртты.
Қоғам • 01 Қазан, 2019
Сенім кеңесі өркениетті жолмен өзгерудің өзегі болуға тиіс
Ел өміріндегі маңызды мәселелерді талқыға салып, стратегиялық жобаларды саралауға, осыларға қатысты ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге бағытталған Ұлттық сенім кеңесінің құрылғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда айқындалған міндеттер мен бастамалардың жүйелі жүзеге асуын нақ осы кеңес шеңберінде дамыту қажеттігін баса айтқан еді. Осы орайда Президент жанынан құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, белгілі саясаттанушы Расул Жұмалыны әңгімеге тартқан едік.