Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
1194 материал табылды

Аймақтар • 05 Мамыр, 2021

«Алматы жастары 3.0» бағдарламасы келер жылы да жалғасады

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы Akimat live бағдарламасының тікелей эфирінде қалалықтардың сұрақтарына жауап бере отырып, жастарға тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несие беру бағдарламасы келер жылы да жалғасатынын айтты.

Қазақстан • 04 Мамыр, 2021

Отандық диқандар ең заманауи техникаға қол жеткізе алады

Orbis Kazakhstan компаниялар тобы америкалық ірі өндіруші AGCO Corporation-мен елімізге ең заманауи ауыл шаруашылығы техникасын жеткізу және оған сервистік қызмет көрсету туралы келісімге келді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Оқиға • 04 Мамыр, 2021

Ақын музейі – Алматыда

Биыл қазақ поэзиясының айшықты мерекесі. Маржан жыры, арман мұңы халқының қас­терлі қазынасына, миллиондардың музасына айналған Аспантаудың ақиығы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл. Осынау жыр мерекесінің көрігін қыздырған көркем жоба рухани астанамыз Алматыда салтанат құрып, халқының сүйікті перзентін бесігінде жырмен әлдилеген Қарасаздағы ақын мұражайы Алматыға келді.

Әдебиет • 30 Сәуір, 2021

Мұқағали музейі Алматыға келді

Биыл қазақ поэзиясының айшықты мерекесі. Маржан жыры, арман мұңы халқының қастерлі қазынасына, миллиондардың музасына айналған Аспантаудың ақиығы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл.

Өнер • 30 Сәуір, 2021

Тәуелсіздік жетістіктерін жырлаған

Алматыда Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ-де жаратылыстану ғылымдарының PhD докторы, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің аға оқытушысы, суретші Жұмаділхан Керімбектің «Егемендігім – мерейім» атты сурет көрмесі ашылды.

Ғылым • 29 Сәуір, 2021

Жас ғалымдарға жаңаша мүмкіндік

Ғылым – мемлекеттің мерейін асырып, қоғамды жарқын һәм жаңашыл арнаға жетелейтін бірден-бір күш екені анық. Оның қанат жайып қарқындауы тұтас елдің болашағына тікелей әсер ететіні белгілі. Осы ретте жыл сайын Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Ғылым апталығы» ұйымдастырылады. Аталған шара биыл да жалғасын тапты.

Өнер • 28 Сәуір, 2021

Ұлы даланың әйгілі перзенттері

Қазіргі заманғы музей тәжірибесінде мемориалдық көрмелер ұйым­дастыру үрдіске айналып отыр. Өйткені мемориалдық көрмелер жекелеген өнер иелерінің өмір өрнектерінен мәлімет беріп, есімі ел есінде қалған тағылымды тұлғалардың тарихи образын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Пікір • 27 Сәуір, 2021

Татулықтан асқан байлық жоқ

Биыл тарих парақтарына алтын әріппен жазылған Тәуелсіздіктің 30 жыл­дығы. Осынау жылдар ішінде жас Қазақстанымыз жан-жағына үздік үлгі көрсетіп, жасампаз елге айналып үлгерді. Айтар ауызға жеңіл болғанымен, бұл жетістіктердің астарында үлкен еңбек, келелі келісімдер, сындарлы стратегия жатыр.

Қазақстан • 26 Сәуір, 2021

Амангелді Омаров: Түрксіб темір жолы әкелеріміздің қолымен салынды

Қазақстанның «Құрметті теміржолшысы», академик Амангелді Омаров – қазақ темір жол ісінің қазанында қайнап, шарығында шыңдалған майталман маман.

Оқиға • 23 Сәуір, 2021

Тіл мен тарих – халықтың қос қанаты

Халықаралық Қазақ тілі қоға­мының Алматы қалалық бөлім­шесі, сондай-ақ қалалық Қоғам­дық кеңес жанынан құрылған Тіл коми­тетінің ұйытқы болуымен мем­­лекеттік тілдің мәртебесін көте­ру­ге бағытталған келелі ке­ңес өтті. Ғалымдар мен тіл жа­нашыр­­ларын бір алаңда жина­ған басқосуда қазақ тілінің айна­ласындағы өзекті мәселелер тал­қы­ланды.