Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
1194 материал табылды

Қоғам • 17 Ақпан, 2021

Биыл Алматыда кезекте тұрған 8292 адамға баспана беріледі

Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың есеп беру кездесуі барысында қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаны іске асыру туралы айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экономика • 17 Ақпан, 2021

Алматыда жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны артты

Қала әкімі Б. Сағынтаевтың халық алдындағы есептік кездесуі кезінде ШОБ қолдау шаралары туралы деректер айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 17 Ақпан, 2021

Алматы «Шетсіз қала» қағидатын жалғастыра береді

Халықпен онлайн-форматта өтіп жатқан есептік кездесуде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис шетіндегі инфрақұрылымдық дамудың жалғасатыны туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Өнер • 17 Ақпан, 2021

Көңіл баураған көгілдір бояулар

Суретшіні өзгелерден даралап тұратын басты қасиет табиғаттың тылсым бояуларын сезіну дейтін болсақ, Анар Әбжанованың кенебінде табиғат сұлулығы мен тіршілік келбеті түс арқылы көрініс табады. Алматыда қылқалам шеберінің «Көк түстің 50 реңі» деп аталған жеке көрмесі ашылды.

Аймақтар • 16 Ақпан, 2021

Ақындар айтысы өтті

Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында  «ASSYL DOMBYRA» республикалық ақындар айтысының алғашқы кезеңі өтті. Бұл сөз барымтасы бұған дейін жырсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленген  «Алтын домбыра» аламанының жалғасы іспетті.

Қоғам • 12 Ақпан, 2021

М.Мақатевтың туғанына 90 жыл: Миллион кімге бұйырды?

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай Алматы қалалық Мәдениет басқармасы ұйымдастырған «Есіңе мені алғайсың»  атты республикалық онлайн байқауда Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы Еркежан Төлеубек жеңімпаз деп танылып, бас жүлдеге тігілген 1 миллион теңгені еншіледі.

Руханият • 12 Ақпан, 2021

Манарбек сазы әуелеп

Алматыда қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі Манарбек Ержановтың туғанына 120 жыл толуына арналған ән мен күй фестивалі өтті. Шығармалары ұлт мұрасына айналған талант иесінің рухын аспандатқан әсем кеште республикаға белгілі сахна саңлақтары өнер көрсетті.

Аймақтар • 11 Ақпан, 2021

Алматы әуежайында санитарлық нормалар қалай бақыланады?

Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша мегаполис аумағындағы қоғамдық орындарда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы күн сайын бақыланып отыр. Олардың қатарында Алматы халықаралық әуежайы бар, онда келушілердің жағдайын және оларда COVID-19-ға теріс ПТР тестінің нәтижесі теріс болуын бақылайды.

Аймақтар • 09 Ақпан, 2021

Жамбыл мерейтойына орай Алматыда қандай шаралар өтеді?

Биыл 28 ақпанда жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың (1846–1945) туғанына 175 жыл. Атаулы күнге орай Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен бірқатар іс-шаралар өтеді.

Аймақтар • 09 Ақпан, 2021

Көлік түтінімен күрес күшейеді

Алматы қаласының ауасын ластайтын негізгі екі фактордың бірі – автокөліктерден шығатын түтін. Көліктен бөлінетін көк түтінмен күрес талайдан қолға алынғанымен, нәтижесі көңіл көншітпейді. Осыны ескерген шаһар билігі қаланы сыртпен байланыстыратын барлық жолдың кіреберіс тұстарына алдағы көктемнен бастап экобекеттер қоймақ.