Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
1194 материал табылды

Қоғам • 08 Сәуір, 2020

АЛМАТЫ: «Желіні шулатқан жігіт полицияға бағынбаған»

Полиция қызметкерлерінің көлік жүргізушісіне қысым көрсетіп жатқанын бейнелеген бейнежазбаны желі қолданушыларының бірі өзінің facebook парақшасына жариялаған болатын. Бұған қатысты желіде қызу пікір білдірген азаматтар болған жайдың ақ-қарасын анықтауды талап еткен еді. Алматы полициясының баспасөз қызметі мәселенің мәнін түсіндірген болды.

Аймақтар • 08 Сәуір, 2020

Алматы: Жүргізушілердің жалақысы қысқармайды

Алматыда барлық қоғамдық көліктердің тең жарымы ғана жұмыс істеп жатыр. Жолаушылар ағыны да 80 пайызға төмендеген. Осыған орай қысқартылған жұмыс кестесіне көшкен метро қызметінде бүгінде барлығы 4 вагон ғана жұмыс істеп тұр. Олардың тазалық талаптарына сай болуы жіті бақылауда. Бұл туралы Алматы қалалық Мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телибаев мәлімдеді.

Қоғам • 08 Сәуір, 2020

«Теракт жасаймын!»: Алматылық оқушы елді дүрліктірді

Алматы қаласы Медеу ауданында 14 жастағы мектеп оқушысы теракт жасайтынын айтып, жұртты дүрліктірген. Бұл жөнінде Полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 08 Сәуір, 2020

Алматы: 1000 отбасына азық-түлік үлестірілді

Алматыда 1000 отбасына азық-түлік жеткізілді. Nur Otan партиясының қолдауымен іске асқан игі-шараға еліміздің эстрада әншілері да атсалысып жатыр.

Аймақтар • 08 Сәуір, 2020

Коронавирустық инфекциядан қорғау құралдары таныстырылды

Төтенше жағдай режимі енгізілген алғашқы күннен бастап медицина қызметкерлерімен бірге халықтың денсаулығын қорғау бағытында полицейлер мен әскери қызметшілер де қызмет атқарып жатыр. Олар блок-бекеттерде жұмыс істеп, қоғамдық тәртіпті күзетеді, карантиндік аймақтарда жұқтыру ошақтарын оқшаулау бойынша арнайы іс-шаралар жүргізеді. Санитарлық ережелерді бұзу әрекеттерінің жолын кеседі, жұқтырушылар және олармен байланыста болғандарды іздейді.

Аймақтар • 07 Сәуір, 2020

Алматы: Жолаушылар ағыны мен көлік саны азайды

Таңнан кешке дейін азан-қазан тіршілігі тоқтамайтын Алматы көшелері бүгінде мүлде басқаша кейіпке енген. Алып даңғылдар болмаса шаһар ішіндегі шағын көшелер тіптен тым-тырыс. Жолаушылар ағыны 70-75 пайызға азайса, көлік қозғалысы бес есеге дейін төмендепті.

Аймақтар • 07 Сәуір, 2020

Алматы: Дезинфекция жұмыстарына 293 млн теңге бөлінген

Аумағы тұтастай оқшауланып, қатаң карантин режиміне көшкен Алматыда тазалық жұмысы күніне екі мәрте, таңертең және кешкі уақыттарда жүргізіліп жатыр. Шаһардағы дезинфекция жұмыстарына 293 млн теңге бөлінген. Бұл туралы қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Ержан Сейтенов мәлімдеді.

Қазақстан • 07 Сәуір, 2020

Көне тарихымыздың көмбесін үйіңізде отырып-ақ аралай аласыз

Қым-қуыт тіршілікпен қарбаласып жүріп жайшылықта мәдениет ошақтарына бас сұғып, жан сарайымызды жаңғыртуға жиі уақыт таба бермеуші едік. Төрт қабырғаға қамап, телефон мен теледидарға телміртіп қойған қазіргі жағдай бір сәт терең ойлануға мұрша бергендей. Желідегі жеңіл дүниелерден жалыққан жұрт көне тарихтың көмбесі саналатын мұражайлардағы танымдық мұраларға үңіле бастады.

Коронавирус • 07 Сәуір, 2020

Алматыдағы науқастардың жағдайы баяндалды

Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 119 жағдайы тіркелген.

Қазақстан • 07 Сәуір, 2020

Қазақ-қытай шекарасына жақын маңда жер сілкінді

Бүгін Алматыдан 357 шақырым қашықтықта жер сілкінді. Тербеліс Алматы уақыты бойынша 3 сағат 29 минутта тіркелген. Бұл туралы  Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі хабарлады.