Тарих • 27 Наурыз, 2020
Бес баласын соғысқа аттандырған әулет
Біз Ұлы Жеңіс деп атайтын қасиетті күннің тасасында талайлардың кермек тағдыры жатыр. Қазақ жерінде боздағын майданға аттандырмаған әулет жоқ. Тұтқиылдан тұтанған соғыс өрті Шоқан молданың шаттығы мол шаңырағының да шырқын бұзды. Сайдың тасындай бес ұлын майдан даласына аттандырған қария хабарсыз кеткен қос перзентін өмірінің соңғы сәтіне дейін зарыға күткен.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2020
Мамандардың еселі еңбегін бағалайық – Бақытжан Сағынтаев
Төтенше жағдай кезінде ел қауіпсіздігін қадағалап, таңнан кешке дейін жұмыста жүрген күштік құрылым өкілдері мен халық денсаулығы жолында жұмылған ақ халатты абзал жандардың еңбегі ерен. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қазіргі уақытта дәл осы мамандық иелерінің еңбегін бағалау керектігін өзінің Instagram парақшасында айрықша атап өтті.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2020
Тәртіпке бағынбағандар үшін қатаң шара қолданылады - Бақытжан Сағынтаев
Бүкіл әлем жұртшылығын үрей құшағына алған аты жаман індет белең алып барады. Елімізде денесін дерт дендегендердің саны күн сайын көбейіп келе жатыр. Өкініштісі, тұтас ел көлемінде төтенше жағдай жарияланып, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жаппай карантин жарияланса да ағымдағы жағдайды ескермей, ауруға атүсті қарайтындар жоқ емес. Осыны назарға алған Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис тұрғындарына үндеу жариялады.
Қазақстан • 26 Наурыз, 2020
Ипотека төлемі 90 күнге шегерілді
Ұлттық банк халықтың қаржылық ахуалын жақсарту үшін «7-20-25» және «Баспана-хит» бағдарламасына бірқатар өзгеріс енгізді.
Қоғам • 25 Наурыз, 2020
Қайырымдылық акциясы қанат қақты
Nur Otan партиясы карантин жарияланған Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына 150 млн теңге қаржы бөлгені белгілі. Бұл қаражаттың жартысы Алматы қаласына тиесілі. Партияның қолдауымен «Біз біргеміз» акциясы мегаполисте жүйелі түрде жалғасын тауып жатыр.
Қоғам • 25 Наурыз, 2020
Дәріханада медициналық бетпердені тегін таратты
Иненің жасуындай болса да жақсылық жасау ізгіліктің белгісі. Мұндай игі амалдың ел басына қатер төнгенде орны тіптен бөлек. Алматы тұрғындарын қолдау мақсатында «Рауза АДЕ» дәріханалар желісі азаматтарға медициналық бетперделерді тегін үлестірді. Дәріхананың бастамасын қала билігі де қолдаған.
Спорт • 24 Наурыз, 2020
Токио Олимпиадасының уақыты кейінге шегеріле ме?
Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындары коронавирусқа байланысты кейінге қалдырылды, деп жазды америкалық USA Today басылымы.
Коронавирус • 23 Наурыз, 2020
Алматыдағы соңғы екі науқастың жағдайы қанағаттанарлық
Екі пациент бұған дейін осы індетті жұқтырған жандармен байланыс жасаған. Олардың бәрі стацинарда карантинде болған көрінеді.
Қоғам • 23 Наурыз, 2020
Карантин кезінде қылмыс азайған
Алматы полициясы карантин мерзімінде қылмыс көрсеткішінің азайғанын мәлімдеді.
Қоғам • 23 Наурыз, 2020
Алматыны азық-түлікпен қамтуға 5 млрд теңге бөлінді
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Райымбек даңғылы бойында орналасқан «Барлық» және «Алтын Орда» базарлары маңындағы блок-бекеттің жұмысымен танысты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасына жазды.