Қоғам • 23 Наурыз, 2020
Алматыға айналма жолмен алып кіру құнын 5 мың теңгеге бағалаған
Тұтас мемлекет болып төтенше жағдай жариялап, індетпен арпалысып жатқанда, пендешілікке бой алдырып өзінің бас пайдасын көздегендердің әрекеті азаймай тұр. Ол азаматтар жағдайдың қаншалықты ауыр екенін сезінсе игі. Мәселен Алматы полициясы күні кеше азаматтарды жолдың тосқауылынан айналма жолдар арқылы алып өтуді бизнеске айналдырмақ болған көлік жүргізушілерінің әрекетіне тосқауыл қойды.
Аймақтар • 22 Наурыз, 2020
Алматыда жолаушылар ағыны азайған
Алматы қаласының әкімдігі автопарктер мен метрополитен штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Бұл тұрғындарды еркін тасымалдау үшін қолға алынған. Тек қаларалық және Алматы маңындағы маршруттар ғана карантин кезінде уақытша жұмысын тоқтатты.
Аймақтар • 22 Наурыз, 2020
Алматы аумағына кіргізу үшін пара алған қызметкер жауапқа тартылды
Алматы қалалық Әкімшілік полиция басшысы Жандос Мұратәлиев әлеуметтік желі қолданушыларының блок-бекеттерден қалаға кіру үшін азаматтар ақша беріп өткені жайындағы шағымына жауап қайтарды.
Аймақтар • 21 Наурыз, 2020
Блок-бекеттердегі жағдайды баяндады
Алматы қалалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев блок-бекеттердің жұмысы жайлы айтып берді.
Аймақтар • 21 Наурыз, 2020
Соңғы екі күнде Алматының ауасы тазарған
Алматының экологиялық ахуалына жағымсыз әсер ететін негізгі фактордың бірі автокөліктердің көптігі. Статистика бойынша, күніне жұмыс барысымен шаһарға 200 мыңға жуық көлік кіріп-шығады. Карантинге байланысты басқа аймақтар мен Алматы облысы аумағынан келетін көліктерге шектеу қойылғалы бері ауа ластануы анағұрлым жақсарған.
Аймақтар • 21 Наурыз, 2020
Алматыда 500-ге жуық ерікті тәртіп сақшыларына көмекке келді
Мемлекет басшысы 2020 жылды «Волонтерлер жылы» деп жариялағаны белгілі. Өз ықыласымен ақысыз қызмет етіп, қоғамның ізгіленуіне үлес қосуды қалайтын азаматтар ел басына күн туған сын сағатта да аянып жатқан жоқ.
Туризм • 21 Наурыз, 2020
Алматы билігі елдегі төтенше жағдай режиміне байланысты қаладағы туристік нысандарды жабу туралы шешім қабылдады.
Қаржы • 21 Наурыз, 2020
Ақша айырбастау орындарының жұмыс тәртібі өзгерді
21 және 25 наурыз аралығында Алматы қаласындағы ақша айырбастау орындары сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Бұл жөнінде қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2020
Тәртіпке бағынбаған кәсіпкерлер жауапқа тартылады
Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, мегаполистегі аумағы 2 мың шаршы метрден асатын барлық сауда үйлері мен сауда ойын сауық орталықтары жабылды. Мұндай шара адамдардың жиналуына жол бермеу үшін қабылданды. Алайда, осы орталықтарда орналасқан супермаркеттер, дәріханалар мен екінші деңгейлі банктер жұмысын жалғастырады.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2020
Медициналық бетперделерді қымбат бағаға сатқандар ұсталды
Алматыда медициналық бетперделерді қымбат бағада сатқандар ұсталды. Бұл туралы қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.