Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
1178 материал табылды

Аймақтар • 25 Маусым, 2019

Алматы жұрты Арыс тұрғындарымен бірге

Арыстағы ағайынның басына түскен тосын жағдайды Алматы жұртшылығы да күйзеліспен қабылдады. Қала әкімі Бауыржан Байбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына Алматы қаласы тарапынан қиындыққа тап болған тұрғындарға жан-жақты көмек көрсету шаралары қолға алынғандығын жеткізді.

Аймақтар • 25 Маусым, 2019

Алматыда «Диалог. Деректер. Сандық қауіпсіздік» семинары басталды

Алматыда ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисінің Орталық Азия елдерінің, сондай-ақ, Ауғанстан мен Моңғолия студенттерінің қатысуымен Орталық Азия жастар желісінің он үшінші «Диалог. Деректер. Сандық қауіпсіздік» атты семинары өз жұмысын бастады.

Қазақстан • 25 Маусым, 2019

Әлкей Марғұлан мұралары

Мемлекеттік Орталық музей қабырғасында академик Әлкей Марғұланның 115 жылдық мерейтойына орайластырылған «Дара тұлға» атты көрме ашылды. Көрерменді қазақ халқының дара перзенті Ә.Марғұланның өмір жолымен, отандық филология, археология, этнография, сәулет өнері сынды ғылымдарға қосқан үлесімен таныстыруға арналған экспозиция шілденің ортасына дейін жалғасады.

Қазақстан • 24 Маусым, 2019

Дарынды түлек Дарина

11 жыл бойы білім бесігінде тербеткен алтын ұясынан түлеп ұшқан жас талапкерлердің алдынан жаңа өмірдің баспалдағы күтіп тұр. Биыл Алматы қаласы бойынша 478 шәкірт «Алтын белгі» иегері атанды. Солардың бірі республикалық, халықаралық деңгейдегі өребәйгелердің жеңімпазы – Дарина Мамырова.

Қазақстан • 24 Маусым, 2019

Алматыдағы әскери институт өз түлектерін ұшырды

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты салтанатты түрде «лейтенант» алғашқы офицерлік шенін және жоғарғы әскери оқу орнын бітіргені туралы дипломын ұсына отырып, 13-ші түлектерін ұшырды.

Қоғам • 24 Маусым, 2019

Көкке қол созған саңлақ

Өнері мен мәнері халық алдында қалыптасып, алуан көңілдің биігін баураған Денис Тен өзі өлердей сүйіп, өміріне балаған ақ айдынға шықпағалы да жылға жуықтапты. Небәрі 25 жыл ғұмыр кешкен ол жаһандық спорт тарихына өшпес із қалдырды. Жарқ етіп сөнген жасын ғұмырдан кейінгіге қалғаны сағынышқа толы естеліктер ғана. Ақ баласын мәңгілік құшағына алған Алматыда даңқты спортшыға арналған ескерткіш бой көтерді.

Тарих • 20 Маусым, 2019

Мұстафа Шоқай мен Нәжіп Фазылға арналған халықаралық симпозиум басталды

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және «Жастар жылына» орай түркі дүниесін зияландырғандар: «Мұстафа Шоқай – Нәжіп Фазыл» атты YI халықаралық симпозиум өз жұмысын бастады. Жас ұрпақты түбі бір түркі халықтарының тұтастығын ту еткен тәлімді тұлғалардың ғибратты ғұмырынан тағылым алуға үндейтін айтулы шараны Халықаралық Түркі академиясы мен Шет Тілдер және Іскерлік карьера университеті бірлесе ұйымдастырып отыр.

18 Маусым, 2019

Ұлттық кітапхана ұжымы журналистерді марапаттады

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ұжымы алдағы Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай, бірқатар БАҚ өкілдерін «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен және арнайы алғыс хаттармен марапаттады.

Руханият • 17 Маусым, 2019

Қаламгерлерді қуантты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстан Жазушылар одағының ұжымына қос бірдей су жаңа темір тұлпар сыйға тартылды. Алматыға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева ұлт руханиятының қарашаңырағына баланатын іргелі ұйымның төрағасы Ұлықбек Есдәулетке көлік кілтін салтанатты түрде табыс етті.

Руханият • 16 Маусым, 2019

Мемлекет басшысы Жазушылар одағына темір тұлпар сыйлады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстан Жазушылар одағының ұжымына қос бірдей су жаңа темір тұлпар сыйға тартылды. Алматыға жұмыс сапарымен келген ҚР Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева ұлт руханиятының қарашаңырағына баланатын іргелі ұйымның төрағасы Ұлықбек Есдәулетке көлік кілтін салтанатты түрде табыс етті.