Әлем • 11 Сәуір, 2020
ЕАЭО басшылары 14 сәуір күні бейнеконференцияда кездеседі
Коронавирустық пандемиямен күрес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің бейне форматында өтетін кезектен тыс отырысының басты тақырыбы болмақ. Бұл туралы бүгін РФ СІМ таратқан хабарламада айтылды.
Қаржы • 11 Сәуір, 2020
11 сәуірдегі металдар, мұнай және теңгенің бағамы
Ресми бағам – 1 АҚШ доллары 431,03 теңге.
Қаржы • 11 Сәуір, 2020
Қайтарылмаған несие банк секторына қауіп төндіреді
Сарапшылар қаржы секторына ендігі қауіп клиенттен емес, МҚҰ (микро-қаржы ұйымдарынан) төнуі екенін айтып отыр. Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығының төрағасы Е. Бахмутованың кешегі кездесуі банк жүйесін реформалаудың кезі жеткенін көрсетті. 1 миллионнан астам қазақстандық несие төлеу бойынша негізгі борыш пен сыйақы төлеу мерзімін кейінге қалдыруды сұрап, банктерге өтініш бергені банк секторына алдағы бірер жылда төнетін қауіптің белгісі.
Экономика • 11 Сәуір, 2020
ОПЕК + мүше елдері мұнай өндіруді азайтуға келісті
Бұл туралы кеше түн ауа Ресейдің Энергетика министрі Александр Новак мәлімдеді, деп хабарлады РФ Энергетика министрлігінің баспасөз бөлімі.
Қаржы • 11 Сәуір, 2020
1 миллионнан астам қазақстандық несие төлеуді кейінге қалдыруға өтініш берді
1 миллионнан астам қазақстандық несие төлеу бойынша негізгі борыш пен сыйақы төлеу мерзімін кейінге қалдыруды сұрап, банктерге өтініш берген. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова мәлім етті.
Экономика • 10 Сәуір, 2020
Елена Бахмутова қаржы нарығындағы жағдайға түсінік берді
Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығының төрағасы Елена Бахмутова бүгін Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметіндегі интернет-конференцияда іскерлік белсенділіктің төмендеуі Қазақстанда ғана емес, жан-жағымыздағы елдердің бәрі бастан кешіп жатқанын айтты.
Қоғам • 10 Сәуір, 2020
Kolesa.kz жаңа қосымшасын іске қосты
Бүгін ғана іске қосылған қосымша автокөлікжүргізушілеріне төтенше жағдай кезінде Алматы қаласының айналасында жүруге рұқсаттың бар-жоғын тексеруге мүмкіндік берді.
Әлем • 10 Сәуір, 2020
Тәжікстан коронавирусқа байланысты шекарасын жапты
Бұл елде күні бүгінге коронавирустың бірде-бір жағдайы расталған жоқ. Бірақ соған қарамастан шекарасын жабуға шешім қабылдады.
Қоғам • 10 Сәуір, 2020
Mastercard қолдану мерзімі өткен карталарды пайдалануға болатынынын айтты
Mastercard әрекет ету мерзімі өтіп кеткен карталарға қызмет көрсетуді жалғастыру мүмкіндігі туралы Қазақстандағы серіктес банктерге ресми хат жолдады.
Қазақстан • 10 Сәуір, 2020
Жеке кәсіпкерлікті несиелендіру бағдарламасы басталды
Сарапшылар әзірге белгіленген лимит 50 млн теңге екенін айтып отыр. Қазақстанның орнықтылық қоры, Қазақстанның 12 банкі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын қолдап, төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қаржылық ахуалы төмендеген шағын және орта бизнесті қолдауға арналған жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасын іске асыруға кірісті. Жалпы алғанда, бұл бағдарламаны іске асыру үшін Ұлттық Банк 600 миллиард теңге бөлді.