Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1935 материал табылды

Экономика • 16 Сәуір, 2020

Аймақтарға қаржы бөлінді

2020 жылы республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке мақсатты трансферттер шамамен 1,5 трлн теңге. Біз өз кезегінде аймақтардың қанша алатыны туралы зерттеп көрдік.

Әлем • 16 Сәуір, 2020

Өзбекстан мақтаға бойкотты алып тастауды сұрайды

2012 жылы әлемдік 100-ден астам киім өндіруші компаниялар Өзбекстан мақтасын сатып алуға бойкот жариялады. Әлемдік брендтердің мұндай қадамға баруына Өзбекстанда бала еңбегінің қаналуы себеп болған. 

Экономика • 16 Сәуір, 2020

Карантин қор нарығының көрігін қыздырып жіберіпті

Дағдарыс қор нарығы үшін мүмкіндіктер ашып тұрғаны үшін дәлелді алыстан іздеудің қажеті жоқ.  Мұны төмендегі мәліметтерден байқауға болады. Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, сәуірдің басында жеке тұлғалардың Орталық депозитарийдегі шоттарының саны 119 361–ге жетті.

Руханият • 16 Сәуір, 2020

Египет билігі перғауындар қабірлеріне онлайн турлар ашты

Карантин әлем елден ерекше деп  қабылдайтын  тарихи, мәдени құндылықтарыңды жарнамалауға кедергі емес екен. Бұған дейін табалдырығынан аттағандарға ғана есігі ашылатын ежелгі Мысыр жеріндегі перғауындардың өлі қалашағы енді онлайн түрінде жарнамалана бастады.      

Экономика • 16 Сәуір, 2020

Ұлттық банк Нұр-Сұлтанға көшеді

Ұлттық банк Нұр Сұлтанға көшеді деген әңгіме шыққалы бері  ел ішінде «Алматының  қаржы орталығы ретінде танылуына Ұлттық банктің ықпалы мол болды. Енді бұл мүмкіндікті Нұр-Сұлтан қаласының қаржылық әлеуетін көтеруге бағытталуы тиіс» деген пікірдің бәсі басым болып келген. Енді бұл мәселеге нүкте қойылды.  

Экономика • 16 Сәуір, 2020

Инвесторлар жылжымайтын мүлікке 134 миллиард доллар жұмсады

Мәмілелердің ең үлкен көлемі Америкада жабылды. Оның жалпы сомасы  55 миллиард доллар. «Әлемдік жылжымайтын мүлік нарығындағы инвестициялық мәмілелер көлемі 2017 жылдың бірінші тоқсанында 134 млрд долларды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2% -ға аз», деп жазады realty.newsru.com.

Экономика • 16 Сәуір, 2020

Мұнай баррелі 27,24 АҚШ долларына арзандады

Brent маркалы мұнай Халықаралық энергетикалық агенттіктің есебін жариялағаннан кейін күрт төмендей бастады. Нұр Сұлтан қаласы  уақытымен сағат 9:35-те маусымдық фьючерстер баррелі 27,24 долларға сатылды.

Экономика • 15 Сәуір, 2020

Мұнайға әлемдік сұраныс 30% төмендеді

Егер, жағдай осы бағытта жалғаса берсе, ОПЕК+ мұнай өндіруді қосымша тағы да қысқартуы мүмкін екенін айтып жатыр. «Сауд Арабиясының Энергетика министрі ханзада Абдель Азиз бен Салман алдағы айларда әлемдік мұнай өндірісі қысқаруы тәулігіне 20 миллион баррельден асуы мүмкін» деді Financial Times.  

Экономика • 15 Сәуір, 2020

Бірінші несиелік бюросы ақысыз қызметті іске қосты

Бұл қарыз алушының мәртебесін желіде тексеруге мүмкіндік береді. Арнайы санаттағы 1,5 миллионға жуық қарыз алушылар несие демалыстарына қатыса алатынын осыған дейін жазғанбыз. 

Экономика • 15 Сәуір, 2020

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 11,7 трлн теңгеден асты

Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына 662 миллиард теңгеге жуық инвестициялық кірістер аударылды. БЖЗҚ-да инвесторлардың шоттарында жинақталған зейнетақы активтері 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 11,7 трлн теңгеден асты. Сонымен бірге, 2013 жылғы қыркүйектен бастап Ұлттық Банктің БЖЗҚ активтерін басқару кезеңінде есептелген азаматтардың жинақталған зейнетақы қаражатының құрылымындағы инвестициялық кіріс 30% көп немесе немесе 3,9 трлн  теңгеге көбейді.