Әлем • 14 Сәуір, 2020
ЕОБ: Еуропадағы құлдырау әлемнің басқа елдеріне қарағанда күшті болады
«Еуропа әлемнің басқа аймақтарына қарағанда едәуір ауыр рецессияға ұшырауы мүмкін. ЕО елдерінің экономикасы тек келесі жылы ғана қалпына келеді» дейді Еуропалық орталық банктің (ЕОБ) вице-президенті Луис де Гиндос.
Қоғам • 13 Сәуір, 2020
Азия Даму Банкі дамушы елдерге үш есе көп көмек көрсетті
Азия Даму Банкі (АДБ) жаңа коронавирустық пандемияға қарсы әрекет ету пакетін 20 миллиард долларға дейін үш есе ұлғайтты және тез әрі икемді көмек көрсету үшін қызметін оңтайландыру жөніндегі шараларды мақұлдады. Бұл туралы АДБ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 13 Сәуір, 2020
Kaspi Gold арқылы 351 мың қазақстандық 42 500 теңге жәрдемақы алды
Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе жаңа журналистермен вебинар кездесуде соңғы үш күнде 351 мың қазақстандық Kaspi Gold арқылы 42 500 теңге жәрдемақы алып үлгергенін айтты.
Әлем • 13 Сәуір, 2020
РФ Қаржы министрлігі Сбербанктің акциясын сатып алды
Ресейдің Қаржы министрлігі Орталық банктен Ұлттық әл-ауқат қоры есебінен 2,139 трлн рубль мөлшерінде Сбербанктің 50% мөлшеріндегі бақылау акциясын сатып алды.
Қаржы • 13 Сәуір, 2020
Қазақстандық банктерде капитал тапшылығы жоқ
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олег Смоляков айтуынша, банктердің меншікті капиталы ең төменгі нормативті талаптардан үш есе көп.
Қаржы • 13 Сәуір, 2020
Қымбаттаған мұнай қазақ теңгесіне күш берді
Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа сараланған бағамы 2020 жылғы 13 сәуірде 11: 00-де 427,31 теңгені құрады. 10 сәуірде таңертеңгі деректермен салыстырғанда (431,94 теңге / $ 1) ұлттық валюта долларға қатысты 4,63 теңгеге нығайды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының ақпарат орталығы хабарлады.
Қаржы • 13 Сәуір, 2020
Банктер қолма-қол ақшасыз төлемдерді алу үшін комиссияны төмендетеді
«2020 жылдың 1 мамырынан бастап төлем карточкаларын пайдаланып төлемдерді қабылдағаны үшін банктер алатын комиссия азаяды. Өзгерістер экономиканың маңызды әлеуметтік мәні бар салаларына әсер етеді: Олар– білім беру, медициналық қызметтер, дәріханалар, тұрақ орындары, ақылы жолдар, ауылшаруашылық қызметтері, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар» деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Медицина • 13 Сәуір, 2020
Дәрігерлер коронавирус жөтелін қалыптыдан қалай ажыратуға болатынын айтты
Дәрігерлер коронавирус инфекциясының басты белгілерінің бірі деп танылып жүрген кәдімгі жөтел басқа себептермен туындауы мүмкін екенін айтады. Сәуір айында үп еткен самалдың өзі пневмонияны бастан өткергендерге ағзада қалып қойған дерт белгісін қайта қоздырып жіберуі мүмкін.
Қаржы • 13 Сәуір, 2020
Пандемия қаржылық сектордың жұмысын тоқтата алған жоқ
Тек жұмыс істеу тәсілін ғана өзгертті: Банктер халыққа қашықтықтан қаржылық қызмет көрсетті. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында валюта айырбастау пункттерінің жұмысы шектелгенмен, биржалар жұмыс істеп жатыр. Көзін тапқан адамға шетелдік валютаның барлық түрімен жұмыс істеуге мүмкіндік бар. Ұлттық банк тіпті базалық кілтті төмендеткені қаржылық сектордың жұмысын қыздырып жіберді: Банктер нарықтағы орындарынан айырылып қалмау үшін нақты әрекетке көшті: Басымдық клиенттердің сенімінен айырылып қалмауға берілді.
Қаржы • 12 Сәуір, 2020
Бір жылдық бюджетке қайта оралатын кез келді
Мемлекет басшысы «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 299 Жарлығына қол қойды. «Әлемдік экономикадағы ағымдағы жағдайды, тауар нарықтарындағы баға конъюнктурасын, сондай-ақ әлемдегі коронавирус пандемиясын ескере отырып, 2020 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы нақтыланды. Бұл болжам және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру қажеттілігі 2020 жылғы республикалық бюджеттің параметрлерін нақтылауға негіздер болып табылды» деп хабарлайды Ақорда.