Қазақстан • 09 Сәуір, 2020
БЖЗҚ: Салымшылардың шоттарына түскен инвестициялық кіріс 192,45 млрд теңгеден асты
COVID-19-дың таралуы және ОПЕК пен Ресей арасындағы мұнай саудасының соғысы тауарлық және қаржылық нарықтарына әсерін тигізіп жатыр. Салдарынан әлемдік қор биржаларының индекстері соңғы 30 жылдағы ең үлкен құлдырауды көрсетті, бірақ Қазақстандағы ең ірі институционалды инвесторлардың бірі – БЖЗҚ портфолиосында соңғы екі аптада өсім байқалды.
Экономика • 09 Сәуір, 2020
9 сәуірдегі металдар, мұнай бағасы және теңге бағамы
Мұнай: Әлемдік шикізат бағасы 9 сәуір бейсенбіде өтетін ОПЕК + мүше елдерінің кеңесі қарсаңында көтерілуде. Сауд Арабиясы, ОПЕК-ке мүше елдер мен Ресей өндірісті қысқартуға келісетін шығар, бірақ келісім АҚШ-тың қысқаратындығына байланысты болуы мүмкін. Сейсенбіде АҚШ Энергетика министрлігі елдегі өндіріс үкіметтің қатысуынсыз-ақ төмендейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды investing.com. 8 сәуірде сағат 9:42-ге сәйкес, Солтүстік теңіз Brent маркалы мұнай қоспасына маусымдық фьючерстердің бағасы барреліне 0,91% -дан 32,14 долларға дейін өсті, WTI фьючерстерінің бағасы 2,92% -ға 24,36 долларға дейін өсті.
Экономика • 09 Сәуір, 2020
Ұлттық қордың валюталық активтері бір айда 2,5 миллиард долларға азайды
Сарапшылар, мұның бірнеше себептері барын айтады. Әңгіменің басын ресми орындардың пікірімен бастасақ: Ұлттық қордың валюталық активтері бір айда 2,5 млрд долларға азайып, 57,5 млрд долларды құрады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова онлайн мәлімдеп, Ұлттық қордың ұлттық активтерінің төмендеуінің бірқатар себептерін атады.
Қазақстан • 08 Сәуір, 2020
Алтын қорымыз көбейіп келе жатыр
«Ақпан айының соңында Қазақстанның халықаралық резерві 29,9 млрд долларды құрады. Бұл қаңтар айымен салыстырғанда 1,9%-ға, өткен жылдың ақпанымен салыстырғанда 2,6%-ға жоғары» деп хабарлады Finprom.kz.
Экономика • 08 Сәуір, 2020
Қазақстан халық пен бизнесті қорғауға ЖІӨ-нің 9%-ын бағыттайды
Үкіметтің экономикалық блогы қаражат үш бағытта бөлінетінін айтты. Бірінші бағыт – төтенше жағдайды ескере отырып, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Екінші бағыт – макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруіне дайындық. Үшінші бағыт – азаматтар мен экономиканы қолдау, соның ішінде мемлекет басшысының жеке тапсырмаларын орындау.
Әлем • 08 Сәуір, 2020
Ресей Орталық банкінің төрағасы банктерден несиелендіруді қысқартпауын талап етеді
«Ресейдегі Орталық банк төрағасы Эльвира Набиуллина банктерге өздерінің пайдасы туралы емес, нарықтық жағдайды қалыпқа келтіру туралы ойлануды ескертті» деп хабарлайды «Коммерсант» басылымы.
Экономика • 08 Сәуір, 2020
Әлемдік қор биржалары: қор индекстерінің өсу тенденциясы байқалады
Бұл 7 сәуірдегі жағдайдың қортындысы. Кеше инвесторлар арасында әлемде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеп бастады деген үміт басым болды.
Экономика • 08 Сәуір, 2020
Жеңіл өнеркәсіп: Жыл сайын мультимиллионер шығаруға мүмкіндік бар
Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының төрайымы Любовь Худова журналистермен кездескенде Қырғызстанда ішкі жалпы өнімнің 30 пайызын жеңіл өнеркәсіп беріп отырғанын, Қазақстанда ол небәрі 0,03 пайыз екенін, 2010 жылдан бергі уақытта отандық жеңіл өнеркәсіп ішкі қажеттіліктің тек 10 пайызын ғана өтегенін айтты. Қалған 90 пайызы сырттан келетін өнімдердің үлесінде. Сондай-ақ төраға көптеген кәсіпорынның жұмысын тоқтатуына мемлекеттік тапсырыстың бір қолға өтіп кетуі себеп болғанын да жасырмады. «Үкімет жеңіл өнеркәсіпті дұрыс жолға қоя білсе, халықты жұмыспен қамтудың негізгі көзі де осы сала» дейді ол.
Экономика • 08 Сәуір, 2020
Қазақстанның ірі бизнес өкілдері салық жеңілдіктерін сұрайды
Енді ірі бизнес өкілдері де преференциялар алуға ниет білдіріп отыр. «Атамекен» ҰКП салық департаментінің директоры Жеңіс Жанболатова қабылданатын шаралар ШОБ-ты әлсіретіп алмауға бағытталғанын айтты. Бірақ қазіргі таңда ірі бизнес өкілдері қиындықтармен бетпе-бет қалып отыр.
Экономика • 07 Сәуір, 2020
S&P Global Ratings: Банк секторының кірісі екі есе азайғанмен, тұрақтылығы сақталады
S&P Global Ratings жетекші несие талдаушысы Ирина Велиева «2020 жылы Қазақстанның экономикасы мен банк секторының даму келешегі» атты онлайн-конференция барысында қазақстандық банк секторының дамуын қиындататын факторларайтып, алдын ала болжауға болмайтын жағдайларға назар аударды.