Қоғам • 14 Қыркүйек, 2019
Қазақстанның ең қарт тұрғыны Алматыда тұрады
Ғасырдан артық ғұмыр кешкен, жасы 106-дағы кейуана Алматы қаласының Медеу ауданында тұрады. Cөзден де, есінен де жаңылмай, бір ғасырлық белдеуден аттап өткен қарияны аудан әкімі қала күнімен құттықтады.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2019
Ш.Айманов атындағы Қазақ киносы мұражайы ашылады
16 қыркүйекте сағат 11.00-де «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақфильм» территориясында Ш.Айманов атындағы Қазақ киносы мұражайының салтанатты ашылуы өтеді.
Қоғам • 13 Қыркүйек, 2019
Риэлторлар нарықта тәртіп орната ала ма?
Қазақстанның ішкі нарығына шетелдік риэлторлар көз салып, үлес алып үлгеріпті. Бұл туралы Алматыда өткен ІІІ Біріккен Еуразиялық инвестициялық форумда айтылды.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2019
Алма экспортерлері Алматыда бас қосты
Алматыда «Алматы – алма орталығы: экономикалық, экологиялық және мәдени келешегі» атты халықаралық форум өз жұмысын бастады. Іс-шараны Қазақстанның табиғатты сақтау жөніндегі эко-қозғалысының белсендісі, қоғамдық қайраткер Ажар Жандосова ұйымдастырып отыр.
Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2019
Алматыда 121 көшенің 140 шақырымдық сыртқы жарықтандыру желісі аяқталды
Жалпы, қаладағы жарықтандыру жұмыстары 2026 жылы аяқталады. Наурызбай және Алатау аудандарында көше шамдары қойылды. Соңғы екі айда бұл аудандарда орнатылған жарық шамдарының саны 15-ке жеткен деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметі.
Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2019
Баум бағы қайта қалпына келтірілмек
Өткен демалыста қала әкімі Бақытжан Сағынтаев бақты өзі аралап, қордаланған проблеманы түртіп алды.
Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2019
Алматыда қатерлі ісіктің алғашқы белгілерін анықтайтын зертхана ашылды
Үкіметтің денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасына сәйкес Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы келісім нәтижесінде құрылған медициналық орталықта сегіз сала бойынша мамандар қызмет көрсететін болады. Орталықта балаларға арналған бөлімдер де қарастырылған.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2019
«Алтын Ордадағы» жолайрықтың құрылысы тағы да бірнеше айға созылмақ
Өйткені торап салынатын маңайдан сүрілуі тиіс базар мен автожанармай бекетінің басшылары, телімдерін босатудан үзілді-кесілді бас тартып жатыр. Олар мемлекет мұқтажы үшін жерді сатып алуға төленетін өтемақыны азсынып отыр.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2019
«Денсаулық айлығы» акциясы аясында 18 мыңға жуық азамат тегін тексерілген
Алматыда 800-ге жуық тұрғыны емханаға мүлдем тіркелмегені де осы акция барысында белгілі болды.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2019
Алматылықтардың өтініштеріне назар аудармаған бірінші басшылар жеке жауапкершілікке тартылады
«Бүгін Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру бойынша өткен қала активінің отырысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мемлекеттің негізгі міндеті - азаматтардың барлық конструктивті сауалдарына жедел әрі нақтылы жауап беру екенін атап өтті», деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметі