11 Желтоқсан, 2019

Салық секторындағы жаңалықтар түсіндірілді

109 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

3 желтоқсанда  Сауда кәсіпорындары қауымдастығы, Тікелей сатулар  қауымдастығы, Шағын және орта бизнесті қорғау  жөніндегі кәсіподақтардың тәуелсіз одағы, Қазақстанның тәуелсіз автобизнес одағы, «Учет.кз»  компаниялар тобы  президентке саудамен айналысатындар үшін патенттерді қалдыру және патент үшін кассалық аппараттарды пайдалану нормасын басқа мерзімге ауыстыру туралы өтініш білдірген болатын. Кәсіпкерлер «бизнеске өтпелі кезең қажет» деген пікірінен әлі күнге дейін танбай отыр.

Салық секторындағы жаңалықтар түсіндірілді

Осыған байланысты Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығының директоры Дмитрий Казанцев алматылық журналистердің басын қосып,   2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап сауда саласында патент бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер салық салу режимін ауыстыру  туралы пікірін білдірді. Оның түсіндіруінше,  кәсіпкер мұны өзі істемейтін болса, онда оны салық салудың жалпыға белгіленген режиміне  автоматты түрде ауыстырады.  Бұл ретте кәсіпкер бір жыл ішінде салық салу режимін басқасына ауыстыра алмайды. «Салық кодексіндегі өзгерістерге 2017 жылдың соңында қол қойылып, кезең-кезеңімен күшіне енді. Оппоненттер  алдында  пікіріңізді қорғауға уақыт жеткілікті болды. Бұл керек заң, ол  сауданың 80%-ын көлеңкеден шығаруға мүмкіндік береді»  дейді Д. Казанцев.

Қазақстанда шамамен 500 мың сауда кәсіпорны бар.  Олардың барлығы түсетін  табысты болжап, салықты алдын ала төледі. Мысалы,  бір тоқсанда  ЖК 300 мың теңге табады, тиісінше, 2% салық төлейді. Теориялық тұрғыдан, 3 ай өткенде кәсіпкер өз есебін түзетуі тиіс. Сома не көп не аз болуы мүмкін.  

«Патент болғалы бері ешкім мұны жасамады. Сондықтан, саудада  табыстың жасырылатындығын  бәрі жақсы түсінеді. Тоқсандық  табыс әрдайым біркелкі  бола алмайды. Патент пен жеңілдетілген режим арасындағы салық бойынша айырмашылық 1%, яғни патентте 2% алдын- ала төленеді, ал жеңілдетілген режимде 3 пайыз факті  бойынша  төленеді. Демек  кәсіпкер жарты жыл ішінде салыққа бөлінген  ақшаны айналдыра  алады. Ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпкерлер 3 жыл бойы осы негізгі салықты төлемейтініне байланысты, бұл мәселе бойынша  айырмашылық айтарлықтай болмайды» дейді П. Казанцев.

Сондай-ақ 2020 жылдан  бастап патентпен істейтіндерде, яғни қолма-қол ақшамен  жұмыс істейтіндерде кассалық аппарат болуға тиіс. Бұл тұтынушылардың құқықтарын қорғау деген сөз. Қауымдастықтар кәсіпкерлер бұған 39 млрд теңге жұмсауы тиіс деп санайды.

Бұл санның қайдан  шыққандығы белгісіз.

«Қазір тегін кассалық аппараттар  бар, 30 000 теңгелігі бар,  сонымен қатар кассалық аппаратты сатып алу үшін мемлекет кәсіпкерге 60 000 теңгеге дейін өтейді, яғни  кәсіпкерлерді кассалық аппараттарға өз есебінен  аударады» дейді П. Казанцев.

Сондай-ақ П. Казанцев  POS-терминалы туралы   да пікірін білдіре кетті.  «Біреулерге  банктер оларды  пайдалануға береді, POS – терминалдардың 20 000 теңге көлеміндегі аналогтары бар. Ал  келесі жылдан бастап ақша аударымдары POS - терминалдарға теңеседі, яғни оларға қаржы жұмсаудың қажеті жоқ. Қазір тіпті кәсіпкерлерге  жеке тұлғалар арасындағы аударымдарды пайдалануға рұқсат етілді, тек чектің болуы шарт» дейді П. Казанцев.

 

 

АЛМАТЫ