Экономика • 19 Тамыз, 2021
ЕЭК ЕАЭО-да еуразиялық компанияларды құрудың жаңа мотивациялық құралдарын ұсынды
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясникович бүгін Чолпон-Атада өткен «Жаңа міндеттер мен мүмкіндіктер» ІІІ Қырғыз-Ресей бизнес-форумында коммерциялық қызығушылыққа негізделген ауқымды жобалар ЕАЭО экономикасын дамытуда үлкен рөл атқаруы тиіс екенін айтты, деп жазады Egemen.kz ЕЭК сайтында жарияланған дерекке сілтеме жасап.
Экономика • 18 Тамыз, 2021
Қытай валютасына сұраныс артып келеді
Лондон OMFIF сараптамалық орталығы біраз мемлекеттердің орталық банктері валюталық резервтеріндегі юань үлесін арттырып жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz OMFIF орталығы таратқан дерекке сілтеме жасап.
Аймақтар • 18 Тамыз, 2021
Биыл Алматының 6 мыңнан астам тұрғыны баспанамен қамтылады
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы Данияр Қырықбаев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 17 Тамыз, 2021
Екі ел арасындағы ежелгі байланыс дамиды
Үндістанның Қазақстандағы елшісі Шубдаршини Трипати ханым Алматыда еліміздің жетекші басылымдарының өкілдерімен кездескен кезде екі ел арасындағы қарым-қатынас туралы айтып берді.
Экономика • 15 Тамыз, 2021
Жыл басында Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев халықтың банктер алдындағы қарызы шектен асып бара жатқанын, сондай-ақ оның көлемін азайтудың тетіктерін қарастыруға кірісетінін айтқанда, сарапшылар халықтың несиесіз өмір сүре алмайтынын жеткізіп, дабыл қаққан еді. Демек, халықтың несиеге тәуелділігі Үкіметтің қалауымен емес, жеке басының қажеттілігіне тәуелді болып қалғанын аңғартады.
Қоғам • 11 Тамыз, 2021
Үндістанның елшісі алматылықтармен кездесті
Алматы журналистерімен кездескен Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Шубдаршини Трипати сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтағы өңіраралық байланысты кеңейту, сондай-ақ АТ және инвестиция тарту саласындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелері туралы ойымен бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
Сұхбат • 29 Шілде, 2021
Атамұрат Шәменов: Аграрлық салаға түбегейлі өзгеріс қажет
Елімізге қандай аграрлық саясат қажет? Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, Қазақстан ауыл шаруашылығы державасына айналуы үшін бірінші кезекте нендей мәселеге көңіл аударған жөн? Бұл туралы экономика ғылымдарының докторы, профессор Атамұрат Шәменов газетімізге берген сұхбатында ой өрбітеді.
Экономика • 29 Шілде, 2021
Бензин бағасы: Қымбаттататын – делдалдар
Маусым айының басынан бастап, мұнай нарығы тұрақтала бастады. Елде жеткілікті бензин қоры бар екені ресми органдар тарапынан айтылып жатыр. ОПЕК Бас хатшысы Мохаммед Баркиндо маусым айының басында мұнайға деген сұраныс тәулігіне 96,5 млн баррельге дейін өсетінін мәлімдеді. Көптің көкейінде мұнайға сұраныс өссе, бензин неге арзандамайды деген заңды сауал тұр.
Ауыл • 28 Шілде, 2021
Мал-жанның тағдыры бұйрықпен шешілмейді...
Маусым айының орта шенінен бастап, Қазақстанның батыс аймақтары қуаңшылық қыспағында қалып қойғаны, малдың-өлім жітімі туралы ақпараттар тек әлеуметтік желілерде ғана емес, ресми басылымдарда да ашық айтыла бастады. Қуаңшылықтан қанша мал басының өлгені туралы ресми ақпарат пен әлеуметтік желілерде айтылған деректер арасында қарама-қайшылық көп. Ресми ақпарат күні бүгінге дейін 2 мыңдай малдың аштан өлгенін айтса, әлеуметтік желілер одан да көп дейді.
Оқиға • 27 Шілде, 2021
Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Венгрияның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрімен кездесті
Түркі Кеңесі Бас хатшысы Бағдат Әміреев әлеуметтік желідегі парақшасында Венгрияның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Питер Сийярто Стамбулдағы Түркі Кеңесінің Хатшылығына келгенін жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.