Туризм • 16 Наурыз, 2023

Туризм салығы қайта қаралады

315 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Мәдениет және спорт министрлігі шетелдік саяхатшыларға арналған туристік салықты қайта қарауға қатысты келісімге келді. Енді Астана, Алматы және Шымкент қалаларының қонақтары туристік салықты 0,5 АЕК, ал басқа аймақтардағы туристер өмір сүру құнына бұрынғы 5 пайыздық жарна ставкасының орнына 0,2 АЕК төлейтін болады.

Туризм салығы қайта қаралады

Коллажды жасаған Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

Қазір еліміздің 31 қаласы мен ауда­нында осы тарифтер бекітілген. Бұл ретте бір облыстың аудандары мен қалаларында әртүрлі та­риф­тер қолданылуы мүмкін, бірақ са­лық көлемі қонақүйдің бір күндік жалақысының 1 пайызынан кем емес. Қа­зақстанның туристік қауымдас­ты­ғын­да айтылғандай, жинау тетіктері Үкімет қаулысында нақтыланып, түсіндіру жұмыстары басталып кетті

«Қазіргі уақытта біздің алдымызда қонақтарға ыңғайлы болу үшін және қонақүй иелері операциялық қиын­дықтарға тап болмас үшін жедел түрде өзгертулер енгізу міндеті тұр», деді вице-министр Ержан Еркінбаев.

Осыған дейінгі ұсыныстарда тур­жар­на арқылы жиналған қаражат туризм инфрақұрылымын дамытуға және өңірлердегі бағыттарды ілгері­ле­туге жұмсалатыны айтылған. Бірақ бұл ереже Үкімет ұсынған қаулының соңғы редакциясынан алынып тасталды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер пала­т­асының орталық мемлекеттік органға өтініштеріне нақты жауап кел­меген. Ал тәуелсіз сарапшылар болса, 2024 жылы Астана мен Ал­ма­ты қалаларында пилоттық негіз­де жүзеге асырып, кемшіліктері мен осал тұстарын түзеп, 2025 жылы то­лық­қанды Қазақстан аумағында жү­зеге асыруға болатынын айтқан. Ең со­ңында Үкімет пен ҰКП келісімге ке­ліп, жоғарыда айтып өткен нұсқаны ұсынды.

Туризм индустриясы комитеті туристік алымдарға қатысты ереже­лер­­ге өзгерістер енгізу үшін бір айдан астам уақыт қажет екенін айта­ды. Бұл өзгерістер жылдың со­ңына дейін аяқталады деп күтілуде және оған дейін ағымдағы алым мөл­шер­ле­мелері қолданылады.

Үкімет балаларды сауықтыру ор­та­­лықтары мен жол бойындағы қыз­мет көрсету нысандарындағы қо­нақ­үйлерді туристік төлем алынатын ұйым­дар тізімінен шығаруды ұсын­ды. Оның үстіне, бұл төлемді ба­ла­лар­дан алмай, тек алғашқы екі аптада тө­лейтініне көз жеткізу ұсы­ны­лады.

Осыған дейін кәсіпкерлер турис­терден алынатын 5 пайыздық алым да, 0,5 пайыздық айлық есептік көрсеткіш те туристер ағынына ешқандай әсер етпейтінін де айтып келген болатын. Бұл мәселеде ең бастысы, жинау жүйесі анық және ашық болуы ке­рек. Оның үстіне саяхатшылар бара­тын елді туристік салықтың бар-жоғы­на қарап таңдамайтынын туризм эконо­миканың ірі сегменті ретінде дамыған елдердің тәжірибесінен білеміз. Біздің кәсіпкерлерімізді бір күйдіріп, бір жандырған туристік салық Еуропаның бірқатар елдерінде, Жапония мен АҚШ-та бар. Дегенмен осы мемлекеттердің көпшілігі ең көп келетін мемлекеттер болып қала береді.

Мәдениет және спорт министрлігі туристік салымдардың оңай қадаға­ла­натынын айтып отыр. Қаржы министр­лігі олар үшін жеке бюджеттік сыныптама кодын белгіледі. 2023 жылы облыс­тардың қорын 2,5 млрд тең­геге толықтыру жоспарлануда. Бұл ақша инфрақұрылым мен жол бо­йындағы қызмет көрсету саласын дамытуға бағытталады.

«Қала туризмін дамыту орталығы» қауымдастығының атқарушы директоры Татьяна Верницкаяның айтуынша, әзірге республикалық ма­ңызы бар қалалар мен Астанада тіркелген мөлшерлеме 0,5 АЕК (2023 жылы 1725 теңге), қалған барлық қалаларда 0,2 АЕК (690 теңге) болатыны талқыланып жатыр. Төлем әрбір шетелдік туристің қай қонақүйде және қай бөлмеде тұратынына қара­мастан, қонақүйде болған күніне төле­нетін болады. Ол үшін жар­лық­қа тү­зе­т­улер енгізу қажет. Бұл өзгеріс­тер­ді бір жарым айдың ішінде жасауға бо­лады. Сарапшының айтуын­ша қо­нақүйлер кейде туроператорлар­мен, компания­лармен және жай қонақ­тармен жеке келісімдер жасайды.

Қазір еліміздің 31 қаласы мен ауда­нында осы тарифтер бекітілген. Бұл ретте бір облыстың аудандары мен қалаларында әртүрлі та­риф­тер қолданылуы мүмкін, бірақ са­лық көлемі қонақүйдің бір күндік жалақысының 1 пайызынан кем емес. Қа­зақстанның туристік қауымдас­ты­ғын­да айтылғандай, жинау тетіктері Үкімет қаулысында нақтыланып, түсіндіру жұмыстары басталып кетті. Сарапшылар өз кезегінде 5 пайыздық алым әлемде ең жоғары емес екеніне назар аударады. Мысалы, Үндістанда тамақ пен сусындар үшін 5 пайыздық өсімге 3 пайыз қосылады, жиынтығы – 8 пайыз. Хьюстонда курорттық салық – 17 пайыз, Дубайда 22 па­йыздан асады. Сарапшылар болса, туризм­ саласы үкіметтің ықыласынан ешқандай кенде болмағанын, күні бүгінге дейін осы саланы дамытуға қанша қаржының жұмсалғаны туралы мәліметтер Үкі­мет­тің де есінен шығып қалуы мүмкін екенін айтады.

Өзбекстанда шетелдіктер үшін туристік салық 2012 жылы енгізілген. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Түркияда қонақүйлерде, пансионаттарда, кемпингтерде және басқа орналастыру орындарында тұруға 2 пайыздық салық қолданылады. Бұл туралы Түркия үкіметінің Resmi gazete газеті хабарлады. Туристік са­лықты қонақүйлердің өздері және басқа орналастыру орындары жинайды. Ұйымдастырылған турды жасау кезінде оны туристік агенттіктер тур­дың құнына қосуы мүмкін. Соны­мен бірге Resmi газетінің хабарлауынша, қонақүйлер көрсететін қызметтер (мысалы, тамақтану, демалыс, спорт залын пайдалану және т.б.) салық салу көлеміне ешқандай әсер етпейді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туризмді экономи­ка­­ның табысы мол саласына айналдыру үшін кешенді және мазмұнды жұмыс жүргізу қажет екенін, шетел тәжірибесінен үлгі алуға болатынын, көрме-презентация, форумдар мен буклеттер мәселені шешпейтінін талай рет айтқан. БҰҰ, Дүниежүзілік туристік ұйымы, Халықаралық валюта қоры туризмнің табысы жылына 3,5 трлн долларға жеткенін айтады. Бұл әлемдік ІЖӨ-нің 10,9 пайызы, инвестициялардың 7 пайызына тең.

Сарапшы Замир Қаражановтың айтуынша туризмді дамыту үшін оны жеке министрлік немесе агенттік дең­ге­йіне көтеру керек. Туризмге бай­ланысты қордаланып қалған түйт­кіл­дер­ді шешпейінше сала алға жылжымайды. Агенттік мәртебесін беріп, туриз­мін дөңгелетіп отырған елдер бізге үлгі болуы керек. Болашақты бү­гін­нен ойлауымыз керектігін айт­қан сарапшы әлемде шынайылық пен табиғилықтың құны көтеріліп келе жатқанын айтты.

«Туристер экологиялық таза жерлерге саяхаттауға қызығушылық танытып жүргенін көріп жүрміз. Біз басымдық беріп отырған бағыттардың бірегейі осы болуы тиіс» дейді З.Қаражанов.

Оның өлшемінше туризмге деген біздің ұстаным тоқ баланың көз­қа­ра­сы­мен қаралады, мемлекеттің асы­рауындағы квазисектор деген тү­сінік қа­лыптасып қалған. Бұл көз­қарас өзгер­ген жоқ. Мәдениет министрлігі туристерге салынатын жаңа салық бір шыны кофеден қымбат болмайтынын айтуда.

«Дамыған елдер туристерге салынатын салық түрін әртараптандырып жатыр. Италияда 18 жастан ас­қан турис­­тердің бәріне салынады. Ал Гер­мания болса әуежай, теміржол­дар­ға дейін кіріп-шығу салығын енгізген. Бізге енді жұмсақ салық саясатынан біртіндеп бас тартатын кез келді. Туризм индустриясы табысты сала емес, мемлекеттің субсидиясына тә­уел­ді салаға айналып кетті», дейді З.Қаражанов.

Ішкі нарықтағы компаниялардың 80 пайызының шетелдік туризмді насихаттаумен айналысып келгені белгілі. Олардың саланы дамытуға әсері аздау болып тұр.

«Мемлекетаралық келісімдердің көп­шілігінде туризм елдер арасын­дағы ынтымақтастықтың перспек­ти­валы саласы ретінде жиі қарас­ты­рылады. Бірақ туризм индустрия­сы қызмет көрсету деңгейі төмен, бағасы қымбат Астана, Алматы немесе Ақтау, Көкшетаумен шектеліп қалмау керек. Оңтүстік пен Шығыс аймақтың ішкері аудандарындағы ағылшын тілін меңгерген мамандар аз. Жыл сайын тек аударма саласын­да мыңдаған түлек ЖОО дипломын алып шығады. Сол жастардың кемі 20 пайызы туристік әлеуеті бар аймақтарға барса шетелдік туристерге қызмет көрсету мәселесі шешілер еді. Туристік секторды мамандармен қам­тамасыз етуді мемлекеттік бағ­дар­лама шеңберінде шешуге болады», дейді сарапшы.

Еуразия интеграциясы сарапшы­сы Эдуар Полетаев бізге берген сұх­батында туризм интеграциясы Қазақ­стан­да бірер жылдан бері көте­рі­ліп келе жатқанын айтты.

«Даму жолына енді түскен Қазақ­стан ғана емес, туризмнің тартылыс нүктесіне айналып отырған елдердің ен­дігі жерде есікті жауып алып, туризм­ін дамыта алмайтынын түсініп отыр. Орталық Азиядағы өзге елдермен са­лыстырғанда Қазақстандағы туризм бұқаралық сипат алған жоқ. Де­мек туризмге қатысты салық пен алым мәселесін жан-жағымызбен үйлестіріп алу керек», дейді.

Қанша жерден тырыссақ та, ақша салсақ та туризмді жеке-дара дамы­та алмайтынымыз белгілі болып қал­ды. Қырғыздың Ыстықкөлі, өзбек­тің Самарқанд пен Бұхара, Хорезмі Орталық Азиядағы туризм сегментінің «тартылыс ошағына» айналып отыр. Қазақстандықтардың жаз жайлауына айналған Түркия мен Дубай бағыты бойынша баға өсті. Ал бизнестің табиғаты кез келген шығынның орнын басқа бағытпен толтырғанды құп көреді. Сондықтан осы саланың ойыншылары өте танымал емес бағыттарға басымдық беріп, шығынның орнын тол­тыруға тырысуы әбден мүмкін. Ен­ді­гі бағыттың ыңғайы аса бай емес, орта дәулеттілердің қалтасына басым­дық беріп отыр.

Э.Полетаев айтып өткендей, Ор­та­л­ық Азияға келетін көптеген турис­тер бірнеше елді бірден көргісі келеді. Бірақ аймақ мемлекеттерінің ортақ туристік визасы жоқ. Өзбекс­тан­мен бір визаға қатысты кейбір алдын ала жос­парлар айтылды, бірақ әзірше ілгерілеу байқалмайды. Бұл визаны әзірге «Жібек жолы» деп атауға болады. 2019 жылы «Орталық Азияның туристік бренді» жобасы жарияланды. Жол Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан аумақтары арқылы өтеді. Сарапшы айтып өткендей, бұл ұсыныс та Үкімет қаперге алып жү­ре­т­ін бағыт.

Қазір алыс-жақын көршілеріміздің назары осы бағытқа ауып отырғанын төмендегі деректерден байқауға болады. Қырғызстан биыл 5 млн турист, Өзбекстан келесі жылы 7 млн ішкі туристі және 12 млн сыртқы туристі қабылдаймыз деп отыр. Э.Полетаев сөзімен айтқанда, шекаралық және өңірлік мәселелер шешілсе, Қазақстан Орта Азияға есік ашатын туризм хабына айналады. Пандемияның сыртқы туризмнің қабырғасын қақыратып кеткені рас, бірақ бұл ішкі туризм үшін қолайлы мүмкіндік туғызды дейді Полетаев. Ендігі жерде әлемнің ең ірі туристік компанияларының Орталық Азия елдеріне арналған ту­ристік пакет­те­ріне Қазақстанды енгізуді қолға алу керек.

БҰҰ, Дүниежүзілік туристік ұйы­­м және Халықаралық валюта қоры туризм­нің табысы жылына 3,5 трлн долларға жеткенін айтады. Бұл әлем­дік ІЖӨ-нің 10,9 пайызына, ал инвес­ти­циялардың 7 пайызына тең. Біздің елде осы сектордың ІЖӨ-дегі үле­сі тура­лы мәліметтер тіпті Ұлттық ста­тис­ти­ка бюросының да санатына ен­бепті.

Сарапшы айтып өткендей, біздің елге келетін туристер саны Әзер­бай­жан, Грузия, Өзбекстанмен са­лыс­­тыр­ғанда кенжелеп қалды. Себебі қыз­мет түрі халықаралық стан­дарт­тар жүйе­сі­не сай емес. Үкімет қа­быр­ға­ла­рында туризмді арбаның бе­сінші доң­ға­лағы ре­тінде қабыл­дай­тын­дардың қарасы басым.

«Қазақ, өзбек, қырғыз туризм ин­дустриясы өкілдері кездескен са­йын мүмкіндігімізді біріктірейік деп жиі айтады. Бірақ іс жүзінде әр­кім өз жағына тартуға тырысады. Өзбекстанда туризм индус­трия­сы КСРО кезінде-ақ бір ізге түскен. Ал қырғыз ағайындар үйінен шық­пай-ақ ЕО мен Батыс елдері турис­терін өздеріне тартып жатыр. Бұлай жалғаса беруі мүмкін емес. Қырғызстанға келген туристерге осы бағытта Қазақстанның көрік­ті жер­лерін аралап, сапарын Өзбек­стан­да жал­ғастыру керек. Бұл бағыт Жібек жо­лының бір тар­мағы ретінде дамуы тиіс», дейді Э.Полетаев.