Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1749 материал табылды

Экономика • 18 Мамыр, 2020

Сәуірде теңге, ІЖӨ және мұнай бағасы қалай құбылды?

Бүгін Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығында өткен вебинар жиында  қаржыгерлер сәуір және мамырдың алғашқы онкүндігіндегі жағдайды сараптады. «Бір айда доллардың орташа бағамы 1 доллар үшін 425,25 теңгені құрауы мүмкін, ал күту медианасы 1 доллар үшін 427 теңгені құрайды», деп хабарлады Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы.

Қазақстан • 18 Мамыр, 2020

Қазақстанда азаматтардың зейнетақы жинақтарын пайдалану тетіктері қашан пайда болады?

Президент Қасым-Жомарт  Тоқаев Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы барысында бірқатар дағдарысқа қарсы шаралар туралы жариялады.

Аймақтар • 18 Мамыр, 2020

Жұмысын тоқтатқан компанияларға рейдерлік шабуыл қаупі төніп тұр

Бұл факторды ШОБ-ті   немесе компанияларды банкрот деп тануы жылдамдатып жіберуі мүмкін. Карантин кезінде жұмысы тоқтап қалғандарды банкрот деп тану ақылға сыймайтын әрекет.  Бұл тепе-теңдікті дөп басып, әділ шешім шығаруға кедергі келтіреді. Сондықтан, сарапашылар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше  жағдайда компанияларды банкрот деп тану кейінге қалдырылсын деген шешімін қолдап отыр. Бұл шешім сарапшылар енді ғана аяғына тұрып келе жатқан компаниялардың бір-біріне жұтылып кетуінің алдын алуға, сақтап қалуға бағытталғанын айтып отыр.    

Әлем • 16 Мамыр, 2020

Түркіменстан ДСҰ-ға кіруге өтініш берді

Түркіменстан Дүниежүзілік сауда ұйымына бақылаушы ретінде кіруге өтініш берді, деп хабарлады РИА Новости.  

Әлем • 16 Мамыр, 2020

Microsoft ұйымдастырған конкурста қазақстандық студенттер финалға шықты

«The next AI Guardians» халықаралық байқауы 2020 жылдың қаңтарында басталды.  

Экономика • 16 Мамыр, 2020

Сарапшылар Қазақстанның макроэкономикалық жүйесінің иммунитетін нығайту шараларын ұсынды

Кеше кешкісін халықаралық деңгейдегі және онлайн форматта өткен жиынды  Whiteshield серіктестерінің Еуразия аймағындағы серіктесі Қаныш Төлеушин жүргізді.

Экономика • 15 Мамыр, 2020

Қазақстан теңгенің әлсіреуінен пайда көруі мүмкін

«Теңгенің нақты айырбас бағамының төмендеуі Қазақстанға экономиканы әртараптандыруға, сондай-ақ энергияның төмен бағасы жағдайында шикізаттық емес сектордағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға жағдай жасай алады»,- дейді Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) экономисі Эрик Ливни.

Қоғам • 15 Мамыр, 2020

ЕАЭО елдерінде зейнетақы қалай есептеледі?

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің жұмысшыларының зейнетақысы туралы келісім күшіне енгеннен кейін, Одақ елдерінің жұмыс істейтін халқы өз отанында жұмыс өтілі үшін ғана емес, сонымен қатар басқа мемлекеттердегі еңбек өтілі үшін де зейнетақы алады. Бұл жағдайда Келісім күшіне енгеннен кейін алынған тәжірибе ескерілетін болады. «Келісім барлық ЕАЭО елдері ратификациялау рәсімінен өткеннен кейін ғана күшіне енеді. 2021 жылдан кешіктірмей» деп атап өтті БЖЗҚ.

Экономика • 15 Мамыр, 2020

Орталық Азия елдерінің интеграциясы туралы үміт олардың мүмкіндіктеріне сәйкес келе ме?

Халықаралық ұйымдар Орталық Азия елдерінің коронакризистік жағдайдан шығудың бір нұсқасы ретінде аймақтық интеграцияны күшейтуді ұсынады. Олардың айтуынша, бес мемлекеттің бұл үшін бірқатар артықшылықтары бар: аумақтық жақындасу, жеңілдетілген логистика, мүдде ортақтығы және бір-бірін азық-түлік және шикізат емес тауарлармен қамтамасыз ету мүмкіндігі. Бірақ бәрі айтуға ғана оңай екені түсінікті.

Сұхбат • 15 Мамыр, 2020

Асанәлі ӘШІМОВ: «Бекежан-Асанәлі қартайса, Төлегендерді кім ширықтырады?»

Жанқадай «таланттар» су бетінде қалықтап өмір сүріп жүрген кезде, киелі өнер-өмірдің текті болмысын қайтару үшін, қайта атқа қонғысы келетін үркердей топтың басында Асанәлі аға барын бұрыннан сезетінбіз. Әңгіме барысында кинодағы тарихты өзінен бастағысы келетіндер «Шәкен кім? Қожықов кім?» деген соң, армандап, жанын жауратпай жүрген кейіпкерлері өнердің тұнығын лайлап жатқан дүлей диірменге түсіп, өзін адастырып кеткеніне жаны жабырқайтынын жасыра алмады. «Кинодағы сұлулық пен тазалық мемлекеттік деңгейде талқыланатын мәселе екенін, экранның қоқысқа толып кеткенін, жалғаса берсе қарынның ғана қамын ойлап, табақ пен ішті босатумен шектеліп қалатын дәлдүріш ұрпақты қалыптастыратынымызды» сары майдан қыл суырғандай тігісін жатқызып отырып жеткізіп берді...