Темір ҚҰСАЙЫН
Темір ҚҰСАЙЫН«Egemen Qazaqstan»
392 материал табылды

Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2019

Үш ауысымды мектептер Ақтөбе облысындағы аса өзекті мәселелер қатарында қалып отыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің дәстүрлі Тамыз кеңесінде сөйлеген сөзінде үш ауысымды және шағын жинақты мектептер мәселесі өз шешімін табуы керек екенін атап көрсетті. Мұндай жағдайда білім сапасын көтеру мен жеті түрлі ілім білетін ұрпақ тәрбиелеу еш мүмкін емес. Білім беру ісіне қатысты Президент пайымдауынан туған түйіннің бірі – қордаланған мәселелерді дер кезінде анықтап, оны шешудің оңтайлы жолдарын ұсыну болмақ.

Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2019

Жолдау жүктеген жаңа міндеттер Ақтөбе облыстық активінің басты арқауына айналды

Ақтөбеліктер еліміздің таяу жылдардағы даму бағыттарын тайға таңба басқандай белгілеп берген республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын үлкен серпіліс үстінде талқылауда. Осы орайда сәрсенбінің сәтті күні өткізілген Ақтөбе облыстық активі мүлдем жаңаша форматта болды.

Руханият • 02 Қыркүйек, 2019

Ақтөбе облысының Тілдерді дамыту басқармасы клавиатураларды апробациядан өткізді

Ақтөбе облысының Тілдерді дамыту басқармасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігіің тапсырмасын іске асыру мақсатында қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары аясында латын графикасында әзірленген клавиатураларды апробациядан өткізді.

Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2019

Ақтөбенің даму жоспары мен перспективалары талқыланды

28 тамыз, сәрсенбі  күні Ақтөбе қаласының  әкімі Мавр  Абдуллиннің  қаланың даму жоспары мен перспективалары туралы есеп беру жиыны  өтті.

Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2019

Ақтөбелік тәрбиешілердің жалақысы 166 мыңға дейін көтерілетін болады

Сәрсенбі күні  облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен «BİLİM JANE ǴYLYM»  тақырыбында өңір педагогтарының дәстүрлі тамыз кеңесі өтті.

Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2019

Ақтөбе облысында Қазақстан мұнайының 120 жылдық мерейтойы атап өтілді

Мерекелік кешке Энергетика министрлігі, департамент, атқарушы орган өкілдері,  «ҚазМұнайГаз» АҚ өкілдері мен ардагер азаматтар қатысты.

Аймақтар • 29 Тамыз, 2019

Бір кеште елу әзіл сурет салады

Украиналық әзіл суреттер са­лу ісінің белгілі шебері Ана­толий Бабич Ақтөбеге ивент агент­тіктерінің бірінің шақыруы бойын­ша келген еді. «Апама да барайын, қойымды да қарайын» деген­дей, ол қазақстандық қа­ла­­да корпоративтік іс-шара­ларға қатысуға да, сонымен бір­ге өз қалаулары бойынша ақтө­беліктердің әзілге құрылған сурет­терін тегін салып беруге де уақыт тапты.

Аймақтар • 26 Тамыз, 2019

Ақтөбеде ауыл тұрғындары көпір салып алды

Бүгінде шалғай ауылдардың тұрғындары арасында жергілікті билік өкілдеріне талап-тілектер жиі қойылады. Бұл кейде масылдық сананың бір сипаты іспетті көрініс тауып жатады. Осы орайда Жұрым ауылдық округіне қарасты Көлденең Темір ауылы азаматтарының ешкімнен ештеңе сұрамай, өз күштерімен көпір салып алуы өзгелерге үлгі боларлық қадам.

Аймақтар • 24 Тамыз, 2019

Үкімет басшысы Ақтөбеге сапары кезінде еңбек қатынастарын реттеуді тапсырды

Ақтөбе еліміздегі жетекші өнеркәсіптік әрі өндірістік өңірлердің бірі. Соңғы жылдары облыстың тұтастай ел өнеркәсібіндегі алатын орны мен үлесі одан әрі өсе түскені де атап айтуға тұрарлықтай. Өнеркәсіптің аты өнеркәсіп. Бұл ел экономикасын одан әрі дамытуға жаңа серпін бере алады. Осы орайда экономикасының басым бағытын өнеркәсіп саласы құрайтын әлеуеті мол аймақта бірінші жарты жылдықтың қорытындысында оның өсімі 105,1 пайызды құрауы да оң көрсеткіштің қатарына кірмек.

Аймақтар • 21 Тамыз, 2019

Бұқаралық спорттың өрісі өсіп келеді

Дені сау ұлт қана қуатты мемлекет құрып, экономикасын ойдағыдай дамыта алады. Ал дені сау ұлтты қалыптастырудың басты факторы – азаматтардың денешынықтырумен және спортпен айналысуына мемлекет тарапынан қолайлы жағдайлар туғызу болмақ. Осындай оңды іс елімізде айқын байқалып отырғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Әрі Мемлекет басшысы тарапынан бұқаралық спортты дамытуға қатысты қойылған міндеттер ойдағыдай орындалып келеді.