Әлем • 15 Мамыр, 2019
Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы жанындағы халық аспаптар оркестрі мен «Аққу» би ансамблінің жетістіктері өнерсүйер қауымға жақсы мәлім. Атап айтқанда, осы өнер ұжымы 2003 жылы құрылған. Орталықтың негізін қалаушы әрі алғашқы көркемдік жетекшісі – Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, профессор Қайырғали Қожанбаев. «Аққу» би ансамблі екінші мыңжылдықтың тоғысынан бері өнер сүйер қауымды би өнерінің тылсым сырымен сусындатып келеді. Бұл ретте оның көркемдік жетекшісі Омар Мәмбетов пен бас балетмейстр, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлнәр Мәмбетованың еңбектері елеулі.
Аймақтар • 08 Мамыр, 2019
Ақтөбеліктер Отан қорғаушылар күнін атап өтті
7 мамыр күні Ақтөбе қаласында Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік жиын өтті. «Ел айбыны» тақырыбында өткен салтанатты шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин арнайы қатысып, бұқараны атаулы мерекемен құттықтады.
Аймақтар • 07 Мамыр, 2019
Мәжіліс депутаттары Ақтөбеде зауыт жұмысшыларымен кездесті
Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Снежанна Имашева, Бейбіт Мамраев, Қанат Мусин, Асылбек Смағұлов 6 мамырда «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ-да болып, зауыт жұмысшыларымен кездесті.
Аймақтар • 06 Мамыр, 2019
Облыс басшысы Ақтөбедегі бірқатар нысанның жұмысын бақылады
Өткен сенбіде Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин қаладағы бірқатар нысанды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Аймақтар • 05 Мамыр, 2019
Ақтөбеде облыстық қоғамдық штаб жұмысын бастады
Бұл туралы Қазақстан Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі Сәния Қалдығұлова брифингте мәлім етті. Ол штаб жұмысына жетекшілік етеді.
Аймақтар • 03 Мамыр, 2019
Футболдан жасөспірімдер арасында Ақтөбе облысы әкімінің кубогі үшін халықаралық турнир басталды
Бейсенбі, 2 мамыр күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин футболдан 2006 жылғы жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған халықаралық турнирдің ашылу салтанатына қатысты.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2019
Түлектер трансұлттық компанияда қызмет атқармақ
Алдағы кезде еліміздегі жоғары оқу орындарының рейтингісі түлектердің орналасу нәтижесіне байланысты айқындалмақ. Осы орайда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде кешенді іс-шаралар қолға алынған. Соның ең бастысы студенттерді сұранысқа сай мамандықтар бойынша оқыту болып отыр. Бұл үшін өңірдегі және тұтастай республика аумағындағы іргелі кәсіпорындармен, сондай-ақ трансұлттық компаниялармен тиісті келісім-шарттар жасалған.
Аймақтар • 23 Сәуір, 2019
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде кезектен тыс Президент сайлауын өткізудің мәні мен маңызына арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Сайлау • 22 Сәуір, 2019
Биылғы 2019 жылдың 13 сәуірі күні Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының кезектен тыс пленумы өткізілді. Осы пленумда ақжолдықтар Қазақстан президенттігіне өз үміткерін ұсыну үшін партияның барлық облыстық филиалдарында конференциялар өткізу туралы шешім қабылдағаны тиісті ақпарат көздері арқылы белгілі болып отыр.
Экономика • 18 Сәуір, 2019
Африка жайыны Ақтөбеде өсіріледі
Шетелдік тәжірибеде бекіре балықты тұйықталған су жүйесі арқылы өсіру технологиясы жақсы нәтиже бергені белгілі. Қазіргі таңда жайынды да солай өсіруге болатыны дәлелденген. Ақтөбедегі «Мұрагер» ЖШС осы мүмкіндікті пайдаланып жайын өсіруге бел буған еді. Бүгінде елімізде баламасы жоқ жоба жеміс беруде.