Темір ҚҰСАЙЫН
Темір ҚҰСАЙЫН«Egemen Qazaqstan»
423 материал табылды

Аймақтар • 28 Мамыр, 2019

Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай бірқатар игілікті іс атқарылды

Бүгін облыс әкімі Оңдасын Оразалин саяси қайраткер Василий Зинченконың ескерткішін көшірудің салтанатты шарасына қатысты. В. Зинченконың ескерткішін Т. Ахтанов көшесінен В.Зинченко атындағы көшеге ауыстыру рәсіміне жергілікті билік өкілдері, ардагерлер мен Ақтөбе қаласының Құрметті азаматтары қатысты.

Сайлау • 23 Мамыр, 2019

Сайлауды байқауға «Аманат» та қатысады

Бүгінде Президент сайлауы кезінде қоғамдық мониторинг жүр­гізетін жаңа құрылымдардың бірі – «Аманат» азаматтық алаңы екені белгілі болып отыр. Оның құрамына қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар енгізілген.

Президент • 23 Мамыр, 2019

Өңірлер мықты болса, мемлекет те қуатты

Ақтөбе – республикамыздың батысында жыл сайын жасарып, жаңғырып, өсіп, өркендеп келе жатқан өңір. Оның еліміздегі агломерациялық даму жолына түскен төрт аймақтың бірі екені де өзіндік ерекшелігін танытады. Соның ішінде облыс орталығы – Ақтөбе қаласы төртінші мегаполис атануға лайықты әрі осы бағытта бүгінде жан-жақты жұмыс жүргізіліп келеді. Тағы бір айта кетерлігі, соңғы екі-үш жылдың ішінде облыста экономикалық өсім 5 пайыздан төмендеп көрген емес. Осы мөлшер мен қарқын биылғы жылдың бес айында да сақталып қалғаны, республикалық орташа көрсеткіштен жоғары екені – атап айтуға тұрарлық жайт.

Аймақтар • 22 Мамыр, 2019

Басты мақсат – «қарапайым заттар экономикасын» өркендету

Бүгінгі таңда елімізде «қарапайым заттар экономикасын» дамыту ісіне айырықша көңіл бөлініп келеді. Бұл мәнді де маңызды мәселе Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы да өзек болып тартылғаны белгілі.

Аймақтар • 22 Мамыр, 2019

Ақтөбеде отбасын сақтау орталығы ашылды

Ақтөбеде «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру кешенінің жанында отбасын сақтау орталығы ашылды. Аталған әлеуметтік құрылым республиканың Жоғары Сотының «Отбасылық сот» атты қанатқақты жобасы аясында құрылған. Мұндағы басты мақсат өңірде үлгілі және өнегелі отбасылардың санын өсіруге бағытталған.

Аймақтар • 20 Мамыр, 2019

Ақтөбе облысында құқық бұзушылық саны төмендеген

Өткен жұма күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің қатысуымен Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған «Құқық бұзушылықты ескерту мен алдын-алудағы қоғамның рөлі және құқық қорғау органдарымен өзара әрекеті» тақырыбында халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция өтті.

Әлем • 15 Мамыр, 2019

Еуропаны елең еткізген...

Ғ.Жұбанова атындағы Ақтө­бе облыстық филармо­ниясы жа­нындағы халық аспаптар оркестрі мен «Аққу» би ансамблінің жетістіктері өнерсүйер қауымға жақсы мәлім. Атап айтқанда, осы өнер ұжымы 2003 жылы құрылған. Орталықтың негізін қалаушы әрі алғашқы көркемдік жетекшісі – Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мә­дениет қайраткері, профессор Қайырғали Қожанбаев. «Аққу» би ансамблі екінші мыңжылдықтың тоғысынан бері өнер сүйер қауымды би өнерінің тылсым сырымен сусын­датып келеді. Бұл ретте оның көркемдік жетекшісі Омар Мәмбетов пен бас балетмейстр, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлнәр Мәмбетованың еңбектері елеулі.

Аймақтар • 15 Мамыр, 2019

«Ауыл қамқоршысы» неге тоқтап қалды?

Қазақ поэзиясының патриархы, Қазақстаның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлі ертеректе жазған өлеңдерінің бірінде «Ұмытып бара жатсаң борышыңды, арала атамекен қонысыңды. Ажары қашқан ауыл еске салар, халқыңа азаматша болысуды», деп төгілдіре жырлаған екен. Қазіргі кезде ауылдық аумақтарды жаңғырту ісіне кәсіпкерліктің басы-қасында жүрген туған топырағының төл перзенттері үлес қосып жүр.

Аймақтар • 09 Мамыр, 2019

Әлия мен Мәншүк – егіз ұғым

Осыдан 19 жыл бұрын құрылған «Қос шынар» қоғамдық қорының төрағасы, Ақтөбе облысының құрметті азаматы Ғ.Байдербестің есімі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облысының жұртшылығына жақсы таныс. Ғалымжан Ермағамбетұлының бастамасы бойынша Ақтөбе аймағында Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованы мәңгі есте қалдыру мақсатында кең ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. Жеңіс күні қарсаңында біз қор төрағасымен жолығып, бірер сауал қойған едік.

Аймақтар • 08 Мамыр, 2019

Ақтөбеліктер Отан қорғаушылар күнін атап өтті

7 мамыр күні Ақтөбе қаласында Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік жиын өтті. «Ел айбыны» тақырыбында өткен салтанатты шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин арнайы қатысып, бұқараны атаулы мерекемен құттықтады.